ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

ҚЫЗЫЛЖАР  ӨҢІРІНІҢ  ҚАЙРАТКЕРІ

Солтүстік Қазақстан облысына ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі зиялы қауым өкілдеріне де кеңінен танымал әрі сыйлы Кемел Оспанов асқаралы 60 жасқа толып отыр. Соған орай, отыз жылдай біздің халықаралық «Qazaqstan dauiri» басылымының шынайы жанашыры болып келе жатқан мерейтой иесі жайлы ой қозғауды жөн көріп отырмыз. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!» деген тамаша әпсана бар. Шынында да, бар болмысымен елге қызмет етіп жүрген абзал азаматтарға ортамызда жүрген кезде лайықты бағасын бергенге не жетсін! Біз де бүгін сол үрдістен көрінуді мақсат тұтудамыз.

Біз сөз еткелі отырған Кемел Қарашаұлы – қазіргі Есіл ауданындағы Бұлақ ауылының тумасы. Кезінде ІІ дүниежүзілік соғыстан Кеңес Одағының Батыры атағын иеленіп оралған, туған жерінде аудандық партия комитетінің 2-хатшысы болып, кейіннен Қызылорда облысының Азық-түлік корпорациясының және элеваторының басшысы қызметтерін абыроймен атқарған, өмірінің соңғы жылдарын сонда өткізген Жәлел Қизатовтың туған жиені, қарындасы Қарапаның баласы. Осы туыстық қатынас Кемел Оспановтың нағашысының қалауымен балғын балалық шағын, студенттік ұмытылмас кезеңін Қызылорда қаласында өткізуіне тура келді. Сонда жұрт қатарлы жоғары білім алды.

Кемелдің айтуынша, батырдың отбасы құдайы қонақтан, атақты тұлғалардан босамайтын. Күміс көмей әншілер Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, сазгерлер Шәмші Қалдаяқов, Еркеғали Рахмадиев сынды өнер қайраткерлері Сыр өңіріне келгенде, «тірі» батырға арнайы сәлем беріп, жұмалап жатып кететін. Ел ардақтаған тұлғаларды көріп қана қоймай, әні мен әңгімесін тыңдап өскен Кемел Қарашаұлы солардың жолын қууға талпынды. Орта білім алысымен музыка саласының мамандығын таңдады. Оның күні бүгінге дейін опералық әндерді нақышына келтіре орындайтыны да сондықтан.

Елден алыс түтін түтетіп жүрген Жәлел нағашысы Кемелдің, қазақша айтқанда, «басқа жерде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болуын» қалады. Батыр қателеспепті. Ол бүгіндері ұлтан емес, сұлтанға лайық қызметтерімен көрініп жүрген азамат. Елге оралған жас маман сол кездегі Мәскеу ауданының орталығы Корнеевка ауылындағы музыка мектебінің директоры қызметін атқарды, жергілікті балалардың қабілетін дамытуға, ұлттық аспаптарды меңгеруіне ерекше көңіл бөлді. Өзі де ізденді, білімін жетілдіруге ерекше көңіл бөлді. Сол жылдары жергілікті жоғары оқу орнынан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Сол таңдау бүгіндері оны өрге өрлетіп келеді.

«Жас келсе – іске» дегендей, Кемел Қарашаұлы 10 жылдан астам уақыт облыстық тіл басқармасын басқарды. Теріскейде мемлекеттік тілдің беделі үлкен қиындықтарға тап болып жататынын ескерсек, осы бағытты оңтайландыру жолында ол аянбай еңбек етті, ақадал ниетімен үлкен жұмыс атқарды.

Мемлекеттік тілі кенже дамыған өңірде қызмет атқару оңай емес. Алайда басқарма қызметкерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, республика алдында еңбек сіңірген және тарихына, ғылымына, мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне айтарлықтай үлес қосқан жерлес тарихи тұлғалардың есімін мәңгі сақтау, тіл саясатын жүргізу, ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру үшін үлкен ұйымдастырушылық жұмыстарымен көрінді. Алаш қозғалысының атақты қайраткері, ақиық ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын насихаттау бойынша республикалық шараларды дәстүрлі түрде өткізіп тұруға бастамашы болды. Басқарма басшысының тікелей басқаруымен облыс ортадығында «Мағжан көктемі» республикалық өнер фестивалі 5 мәрте өткізілді. Оған Әбіш Кекілбаев, Кәкімбек Салықов, Серік Тұрғынбеков және еліміздің өзге де белгілі қайраткерлері қатысты. Иә, фестиваль өткізу айтуға ғана оңай. Оны дайындау, дәстүрлі шараға республикаға танымал тұлғаларды, мағжантанушыларды шақыру, оларды күтіп алу, әкімдіктен бөлінген қаражатты шашау шығармай, мақсатты түрде жұмсау ұйымдастырушылардан зор қабілетті талап ететін. Кемел Қарашаұлы басқаратын ұжым сол міндеттерді абыроймен атқара білді. Осындай қарым-қатынас Тұрсынбек Кәкішев, Шота Уәлиханов, Сәкен Жүнісов, Кәкімбек Салықов, Жоламан Тұрсынбаев, Құлбек Ергөбөков, Ғалым Жайлыбай сынды елімізге кеңінен танымал тұлғалармен сыйластық шекарасын кеңейте түсті. Кемел Оспановтың құрастыруымен М.Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңдер жинағы, балаларға арналған «Батыр Баян» поэмасының суретті кітабы, сонымен қатар СҚУ-дің ғалымдарымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысына қарайтын аумақтық жер-су, елді мекен атауларының тарихи және этнолингвистикалық тұрғыдан зерттелген «Атамекен атаулары» кітабын жарыққа шығарды. Ұлы ақынның артында қалған мұрасын жас ұрпаққа насихаттау жұмысы Қызылжар өңірінде жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Оған облыстық әкімдік баса назар аударады. Осы мақсатта Мағжанның 2 томдық кітабы әзірленді. Оның авторлары: жергілікті ғалым Зарқын Тайшыбай, облыстық мұрағаттың директоры Сәуле Мәлікова мен Кемел Оспанов. Аталмыш жинақтың 1-томына ақынның өмірі туралы мәліметтер бір жүйеге келтірілді, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Ташкент, Омбы мұрағаттарынан алынған тың деректер енгізілді. Ал, 2-томына Қазан қаласында 1912 жылы шыққан «Шолпан» жинағындағы өлеңдері енді. Арасында бұған дейін жарияланбаған жырлары да бар. Жалпы 191 өлең мен «Батыр Баян» поэмасы осы томда жарық көрді. Сондай-ақ, Тіл басқармасы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қожаберген жыраудың 350 жылдығын мерекелеу бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Кәкімбек Салықов, Герольд Бельгер, Сафуан Шаймерденов, Есләм Зікібаев сияқты жерлестеріміздің өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық шаралардың өткізілуіне ерекше еңбек сіңірді. Мәселен, Кемел Қарашаұлы басшылық етіп тұрған жылдары 11 аудан жаңа атауға ие болды, 59 елді мекеннің транскрипциясы өзгертілді, облыс орталығындағы 57 көшеге заманауи атаулар берілді, еліміздің көрнекті қайраткерлерінің есімдерін 26 білім және мәдениет мекемесі иеленді. Бұл – ономастика саласындағы үлкен ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижесі. Ресей Федерациясының Қорған, Омбы және Түмен облыстарындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін үйренуге деген талпыныстарына қолдау көрсету, жанашырлық таныту саласында да атқарылған жұмыстар аз емес. Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында Кемел Қарашаұлының тілдерді дамыту, өнер, қоғамның рухани құндылықтары проблемалары бойынша сараптамалық мақалалары жарияланып тұрады. Кемел Оспановтың қазақ халқының болмысын, тарихи тұлғаларын шетелдерге таныту бағытында атқарып жүрген жұмыстары да елеулі. Республикалық және халықаралық іс-шараларда, соның ішінде ТҮРКСОЙ елдеріндегі халықаралық конференцияларда, Түркия Республикасының Анкара, Стамбул университеттерінде, Әзербайжан Республикасының Баку қаласындағы жетекші университеттерде және ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде сөз сөйлеп, қазақ халқының болмысын, тарихи тұлғаларын кәсіби шеберлікпен таныстырып, қайраткерлік қабілетінің жоғары екендігін көрсетті.

Жергілікті университеті – облыстағы жалғыз жоғарғы оқу орны. Ол – еліміздің, өңіріміздің даму жолында еңбек еткен, бүгін де қызмет етіп жатқан мыңдаған маман иелері түлеп ұшқан киелі шаңырақ. Жоғары оқу орны Кемел Қарашаұлының ел үшін атқарып жүрген қызметін, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесін бағалай келіп, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Құрметті профессоры» атағын берді.

Кемел Қарашаұлының облыстық ішкі саясат басқармасында да өңірдің дамуына сіңіріп жүрген еңбегі ұшан-теңіз. Оның болмысындағы бір асыл қасиет – ұлтқа жанашырлығы, салт-дәстүрге деген құрметі. Ұлттық өнерді дамыту, қазақтың асыл тұлғаларын дәріптеу, зерттеу, таныту жолында аянбай еңбек етіп жүр. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттарды құпиясыздандыруға және мұрағат материалдарын жүйелеуге елеулі үлес қосты.

Тіл басқармасын басқарғаннан бері Кемел Қарашаұлы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетіне жанашырлық танытып келеді. Әсіресе, басылымның облыс аумағында өткізілетін «Ауыл – ел бесігі» экспедициясына жасап жүрген қамқорлығы аз емес.  

Жоғары кәсібилігі, терең білімі, өмірден жинаған мол тәжірибесі, еңбексүйгіштігі, адалдығы, өз ісіне жауапкершілігі оны адастырмай келеді. Қырық жылға тарта атқарған еңбек жолы мен өмірлік қағидаттары көпке үлгі боларлықтай. Асқаралы алпыстың белесіне шыққалы отырған Кемел Қарашаұлы жан жары Балғаныммен бірге ұл мен қыз өсірді, жоғары білім алғызды. Бүгіндері олар үш немеренің ата-әжесі атанып отыр. Мерейтой иесінің алар асулары әлі де аз емес. Оның өткен жолы, шыққан биігі соған дәлел.

Құттықтаймыз!

Ұлт мүддесін ойлаған ардақты азамат, елі үшін қызмет етуді парыз деп санайтын Кемел Оспанов асқаралы 60 жасқа толып отыр. Кемел Қарашаұлы «Qazaqstan dauiri» басылымымыздың шынайы жанашыры, қолдаушысы. Отыз жылдан астам газетімізбен бірге тыныстап, бірге жасасып келе жатқан Кемел Қарашаұлын адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі саналатын – 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз. Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз. Алланың берген жасын жасап, кісілік келбетіңізден танбай, несібе-дәулетіңіздің арта беруіне тілектеспіз! Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз. «Qazaqstan dauiri» газеті, «ЕлАна» сайты және «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы.

НҰРСАЙЫН ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 131
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 63
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 59
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 463
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 431
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 447
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 445
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 462
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 451
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278