«РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ АШЫЛАДЫ ДЕП СЕНЕМІЗ» деді Мемлекет басшысы «Известия» газетіне берген сұхбатында

«РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ АШЫЛАДЫ ДЕП СЕНЕМІЗ»  деді Мемлекет басшысы «Известия» газетіне берген сұхбатында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тыныштығы үшін гарант тұлға! Ел өмірінде, көршілес елдерде түрлі жиындар мен форумдар, саммиттер өтіп жатады. Сол жерлерде әлемдік журналистерге сұхбат беріп, қазақ елінің болашағы мен келешегіне қатысты түрлі сауалдарға да нақты жауап беріп жатады. Кейде шетелдік және ұлттық телеарналарға сұхбаттар беріп, газет-журналдарға мақалалар жазады.

Күні кеше, нақты айтсақ, 27 қараша күні Қазақ елінің Астанасына Ресей Президенті Владимир Путин келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі екені даусыз. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне жарияланған мақаласында жазды.

«Владимир Путин екеуміз үнемі хабарласып тұрамыз», – деп жазады Тоқаев, бұл қатынастың тек саяси емес, іскерлік тұрғыда да бірізді екенін көрсетіп. Соңғы бір жыл ішінде төрт мәрте толық форматтағы кездесу өткізілген. Мұндай тығыз қарым-қатынас екі ел арасындағы шекаралас ынтымақтастық пен жаһандық тұрақсыздық кезеңіндегі ортақ жауапкершілікті айшықтайды.

Мақалада Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ықпалдастығының өрлеуі туралы нақты деректер келтірілген. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ресейлік 23 мың компанияның 4 мыңы соңғы жылда ғана ашылған. Екіжақты инвестиция көлемі 2023 жылы әр тараптан 3 миллиард доллардан асып түсті. Ең қызығы, бұл ынтымақтастық тек дәстүрлі энергетика немесе өнеркәсіп салаларында емес, көлік-логистика мен ауылшаруашылығында да қарқынды дамып келеді.

«Бұл өз кезегінде Еуразия экономикалық одағының тиімділігін дәлелдейді» деп, дипломатиялық ойынның нүктесін қойды Тоқаев. Бұл сапарды «мәңгі достық пен тату көршілік символы» дей отырып, біздің еліміз екі ел арасындағы шекараның ұзындығы мен ондағы 32 миллион адамның өміріне аса жауапкершілікпен қарап отырғанын байқатады. Ресейдің кез келген сөз бен қимылды өзіне қатысты қабылдап, соған бір жеңілтек реакция бере бастағанын ескерген еліміз, осы екі тарап байланысындағы жауапты, салмақты тарапқа айналып келеді. Ресей бізге емес, біз Ресейге басу айтатын болдық.

Владимир Путин өз жауабын «Қазправдаға» жазып жіберіпті. «Екіжақты тауар айналымы өткен жылы жаңа рекорд орнатып, 28 миллиард доллардан асты. Жыл сайын Қазақстан экономикасына ресейлік инвестициялар да артып келеді – бүгінгі күні олардың көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрайды. Республика аумағында ресейлік капиталдың қатысы бар 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Екі елдің компаниялары өнеркәсіптік кооперация және жоғары технологиялар саласында ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруда, толық индустриялық циклмен жаңа өндірістерді жолға қоюда. Бұл экономикаларды кешенді жаңғыртуға және Ресей мен Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді», деп пайымдады Путин.

Оның жазуынша, біздің елдер мұнай-газ секторында да конструктивті түрде ынтымақтасуда. Каспий құбыр консорциумының қызметі арқасында Қазақстан мұнайының шетел нарықтарына экспортының 80 пайыздан астамы Ресей аумағы мен Қара теңіздегі ресейлік порттық инфрақұрылым арқылы жүзеге асырылады. Екі елдің энергетикалық компаниялары көмірсутегі кен орындарын бірлесе игеруде, энергетикалық ресурстарды өңдеуде және құбыр жүйесін кеңейтуде бірлесіп жұмыс істеп келеді.

 «Былтыр елімізде «орыс маусымы» деген атаумен ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал биыл Мәскеуде Астананың мәдениет күндері өтті. Ондағы ең негізгі оқиға ретінде «Абай» операсының Үлкен театрда қойылғанын айтуға болады. Сондай-ақ, Ресейдің басты мұражайлары – Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның көрмесі ашылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың тағы бір тұсында «Ал, Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресей спортшылары өнер көрсетті. Бұл – мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты жаңа форматта өрбіту маңызды екенінің белгісі. Біз осы игі дәстүрді жалғастырып, Ресей бастамасымен қолға алынған «Болашақ ойындарының» кезекті сайысын 2026 жылы Қазақстанда өткіземіз. Білім саласындағы ынтымақтастықтың да мазмұны толыға түсті. Біз еліміздің оңтүстік аймақтарында Ресей мектептерін ашуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты бізбен іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз», – деді Президент.

Биыл Еуразия экономикалық одағын құру туралы шартқа 10 жыл толды.

Ресей Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қазақ-орыс қатынасының тарихындағы аса маңызды оқиғаның бірі болғаны анық. Жоғары мемлекетаралық мәртебесі бар бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің мән-маңызы айрықша екенін көрсетеді.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
07.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.12.2024 61
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 38
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 39
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 141
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 436
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 448
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 433
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 381
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 377
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 452
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 429
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 437

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10700
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9665
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12900
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11867
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16879