Түркістанда жыл сайынғы мәдениет және өнерқызметкерлері мен ұйымдарының «Рухани қазына – 2022» фестивалінің қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар қатарында Қарағанды облысының төртөкілі бар. Олар Кеншілер мәдениет сарайындажурналистермен өткен кездесуде байқауғақатысулары туралы айтты.
«Рухани қазына» фестивалі 2018 жылдан беріөткізіліп келеді. Бірнеше жылдан бері Қарағандыоблысы көш басында.
Биылғы жылы байқауға кітапхана саласыбойынша – 125, мәдени-сауық саласы бойынша – 87, мұражай саласы бойынша – 73 өтініш түскен. Еліміздің 17 өңірінен жобалар келіп түсті. 44 жеңімпаз таңдалып, оларға дипломдар мен ақшалайсертификаттар табыс етілді.
«Облыстық (қалалық) маңызы бар үздік музейқызметкері» номинациясында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қызметкері Ерғазы Исатаевжеңімпаз атанды.
– Байқау өте қызықты болды, – дейді ЕрғазыИсатаев. – Мен өз жобамды реставратор ретіндеқорғадым. Менің туындыларым біздің мұражайдағана емес, Қарағанды облыстық және бейнелеу өнерімұражайында да бар. Тағы бірқатары «Ұлытау» сапар-орталығын безендіруде. Қазір алты оқушығазаттарды қалпына келтіру бойынша дәріс беріпжатырмын.
Теміртау тарихи-өлкетану музейінің суретші-безендірушісі Хайниса Мұстафина «Үздікэкспозиционер» номинациясы бойынша барлықбәсекелестерден озып шықты. Қазылар алқасысуретшінің жобасынан шабыттанғаны сонша, оныкелесі жылы фестиваль кезінде шеберлік сабағынөткізуге шақырды.
– Мұражайда жұмыс істеген уақытымда 250-ге жуық экспозицияны безендірдім. Бұл ерекше жұмыс, дейді Хайниса Мұстафина. – Фестивальге алғаш ретқатыстым. Маған бәрі өте ұнады. Көптеген қызықтыжобалар, шеберлік сабақтары өтті. Әріптестеріментәжірибе алмастық.
Сондай-ақ фестивальге алғаш рет Ұлытауауданының «Қаракеңгір» клубы қатысты. Жәнебірден «Үздік ауылдық мәдениет үйі (клуб)» номинациясының жеңімпазы атанды.
2021 жылы «Облыстағы ең үздік мәдениет үйі» байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, биылғы жылыреспубликалық фестивальге қатысуды ұйғардық, – дейді Ұлытау ауданының мәдени-сауықорталығының жетекшісі Гүлжан Көпеева. – Біздіңноминацияға 10 мәдениет үйі қатысты. 600 тұрғыныбар ауылда халық театрының болуымен қазыларалқасын таң қалдыра алдық. Біздің тағы біререкшелігіміз, театр қызметкерлерінің барлығы өнерадамдары: меңгерушіден бастап клубтың күзетшісінедейін. Халық театры 1985 жылы үлгілі «Балауса» бригадасы негізінде құрылған. Ол 90-жылдары жабылды. 2013 жылы қайта ашылды. Қазір мұнда 30 адам жұмыс істейді. Репертуарында 10-ға жуықспектакль бар. Біз бұл фестивальге жыл сайынқатысамыз деп шештік.
Осымен үшінші рет қатарынан Қарағандыоблыстық зағип және нашар көретін азаматтарғаарналған арнайы кітапханасы фестивальде үздік дептанылды.
– Бұл жолы біз «Ерекше қажеттіліктері баразаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясыбойынша жеңімпаз атандық, – дейді кітапханажетекшісі Айнұр Шаймұханбетова. – Бұған дейінбіздің қызметкер «Арнайы кітапхананың үздікқызметкері» атағын алса, кейін біз «Үздік инклюзивтіжоба» номинациясында бірінші болдық. Бізде екіқызықты жоба бар – бұл «Баршаға арналғанмұражай» және «Қазақстанның киелі нысандары». Оларға өзге өңірлердегі әріптестер тарапынан үлкенқызығушылықты көріп отырмыз. Жақында Таразқаласында да осындай жобалар қолға алынғанынбілдік.