1993 жылғы 19 қаңтардағы Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздегі әскери структураларда тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс лауазымдары бекітілді. Сол сәттен бастап әскери құрылымдардағы тәрбие және идеалогиялық жұмыс айтарлықтай дамып бүгінгі күні өзінің жемістерін көрсетіп 19 қаңтар – әскери тәрбиешілердің мерекесі болып танылды. Осы орайда ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарастыОрал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, капитан Танат Мансұрды сөзге тарттық.
- Танат Маратұлы, елімізде 30 жылдық тарихы бар тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс саласы қызметкерлерінің бірісіз. Ең алдымен кәсіби мейрамыңыз құтты болсын. Ең алдымен бойыңыздағы ұлтжандылықты, патриотизмді қалыптастырған орта және отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?
Мен 1994 жылы 21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келгенмін. ӘкемМараттың ауылда жеке шаруашылығы бар. Ал анамМарияш – ауылдағы мектеп-интернатта тәрбиеші. Отбасымызда үш ұл, екі қыз бар. Мен сол үлкенотбасының екінші перзентімін. Жастайымнан атам мен әжемнің тәрбиесін көргендіктен шығар, бойымда бауырмалдық пен жауапкершілік қасиеттері басым. Бала кезімде атам көптеген ақын-жазушылардың нақыл сөздерін санама құятын. Соның ішінде Мағжан Жұмабаев атамыздың «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген сөзі менің өміріме ерекше әсер еткен өсиеттердің бірі десем де болады. Ата-әжем бұл өмірге адам болып келген соң, адамгершілікті сақта, өз атыңа дақ түсірме, адал өмір сүр деп әрдайым өсиеттерін айтып отыратын. Соңымнан ерген бауырым мен қарындастарыма қамқор болып қана қоймай, оларға үлгі болуға тырыстым. Ата-анама үй шаруасына көмектесіп, қолымнан келгенін жасайтынмын.- Қазақта атасы мен әжесінің тәрбиесін көру – бала үшінде бір ғанибет. Бала кезіңізде өте бауырмал болыпсыз, ал сол бауырмалдық мектеп қабырғасына келген соң жоғалып кетпеді ме? Мектептеқандай оқушы болдыңыз?
– Мектеп кезінде сотқар балалардың басы-қасында өскенмін, алайда бұл орта менің Отанға деген ыстық ықыласымның жоғары болуына еш кедергісін келтірмеді. Амангелді ауылында шағынмектепте білім алдым, сонымен қатар спортқа деген құлшынысым жоғары болып, грек-рим жәнеқазақ күрестерімен айналыстым. Балалық шағымдаспортқа ғана көңіл бөлмей, ұлы қаламгерлердің кітаптарын оқитынмын. Мен арманшыл бала болып өстім. Қиялға беріліп, көп армандайтынмын. 1999 жылы анамның інісі Алматыдағы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери институтты бітіріп, біздің үйгеәскери формамен келгенде әскери салаға дегенқызығушылық пайда болды. Сөйтіп бала күнімде иығыма «пагон» тағып, әскерилер қатарында болуды армандай бастадым. Мектепті аяқтаған соң,Петропавлдағы әскери институтқа үш жыл қатарынан оқуға тапсырып көрдім. Алайда алғашқы екі жыл қатарынан белгілі бір себептерге байланысты түсе алмадым. «Батыр айтпас, айтса қайтпас» дегендей, өз мақсатыма үшінші жылыжеттім. Әскери институтқа түскен соң, өз өмірімдіжас сарбаздардың бойына ұлттық құндылықты, ұлттық мінезді қалыптастыру мақсатында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс кафедрасын таңдап, осы бағытта 4 жыл оқып шықтым.
- Әскери саладағы еңбек жолыңызға тоқталып,соның ішінде неге тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс кафедрасын таңдағаныңызды айтып берсеңіз?
- Әскери институтты аяқтаған соң, еңбек жолымдыҰлттық ұланның Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінде рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып бастадым. Арада уақыт өте келе, Оралдағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне ауысып келдім. Мұнда алғаш келгенімде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарбөлімшесі бастығының жастармен жұмыс жасау бойынша көмекшісі қызметіне тағайындалдым. Жастармен жұмыс өзіме қатты ұнаған болатын. Бұл қызметте өзіңді әскери саладан ғана емес,шығармашылық жақтан да шыңдауға болады. Ал қазір осы бөлімінің жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарамын. Неліктен әскери тәрбиеші мамандығын таңдағанымды айтып берейін. Басты мақсатым –әскерге келген сарбаздарға Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизм қасиеттерін ұғындыру. Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай,«тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы».Әскерге келген әр сарбаз жан-жақты білім алады, бірақ біліммен қатар тәрбие жүрмесе, берілген білімнің еш пайдасы болмайды. Әскери саладағы тәртіп – әскери өмірдің ең маңызды бөлігі. Ал бұл кафедраны таңдаудағы түпкі мақсатым – менің өмірлік миссияммен пара-пар деп ойлаймын. Осы бағытқа өзімнің бір үлесімді қоссам, менің өмірлік ұстанымым орындалады деп есептеймін.
- Әскердегі жас сарбаздардың бойындаотансүйгіштік патриотизмді қалыптастыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіледі?
– Оқу пунктіне келген күннен бастап оларғақызметке түсу барысында аптасына үш рет әртүрлі тақырыптарда тәрбие сағаттарын, тақырыптық кештер өткіземіз. Сол арқылы олардың бойында отансүйгіштікті қалыптастырамыз. Көбінесе сарбаздарымызды батырлар мен бабалар қалдырған ізбен тәрбиелеуге тырысамыз. Өзім осындай тақырыптық кештер мен тәрбие сағаттарында Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың жүріп өткен жолын, бастарынан кешкен қиыншылықтарын ашып айтуға тырысамын. Ілияс Есенберлиннің өзіме ұнайтын «Көшпенділер» кітабынан үзінді оқығанды құп көремін, сондай-ақ қазіргі бейбіт күннің батырларын айтып, олардың жасаған ерліктерін көрсетеміз. Сонымен қатар сарбаздарға мемлекеттік құқықтық даярлық, атыс өнерідайындығы секілді бірқатар пәндерді жүргіземіз. Батыр болу – соғысқа барып жаумен соғысу емес, батырлық деген – қызметіңе адал болу, әр істі шын көңілмен істеу деп есептеймін.
- Ал сіз қазіргі заман жастарының бойындағы батырлық қасиетін қалай бағалайсыз?
– Жастарымыздың бойында Отанға деген ыстық сезім бар. Көптеген сарбаздар әскерге Отан алдындағы борышымды өтеймін деген мақсатпен келеді. Бұл, бізді, әскери тәрбиешілерді қуантады. Себебі, біздің қазақ жастарының бойында бұл қасиеттер отбасынан қалыптасады. Көптеген жастардың көздері әскерге келген шақта жалындаптұрады. Біз, әскери тәрбиешілер сол «жалынды» – маздаған «отқа» айналдырғымыз келеді. Кішігірім бөлігінің бойына әскерге келгеннен бастап Отанға деген патриотизмді сіңіру – біздің жұмысымыз. Қалған жастардың көздерінде осы «отты» жағу үшін аянбай еңбек етеміз.
- Әрине, бұл шаралар – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Ал олардың бойында ұлттық мінезді қалыптастыру жолында қандай жұмыстар атқарасыздар?
– Ең алдымен бұл қасиеттерді өз бойымызда қалыптастыру керекпіз. Сол үшін мен өз бойымдағы осы қасиеттерді арттыруға тырысамын. Қазіргі жастар өте алғыр болғандықтан, олармен жұмыс істеу қатты қиынға соқпайды. Себебі,қазіргі жастар ақылды, білімі мен біліктілігі бірдей десем қателеспеймін. Ал олардың бойында ұлттық мінезді қалыптастыру үшін жұмысты еліміздің заңнамаларын үйрету мен оқытудан бастаймын. Еліміздің тарихы мен шеккен қайғы-қасіреттерін ашып айту арқылы елге, жерге деген көзқарастарын өзгертуге болады. Бала кезімде менің ұлтқа деген ыстық ықыласымды ашу үшін атам мен әжем Желтоқсан оқиғасын, халқымыздың көрген қиыншылықтарын айтып беретін.
- Өзіңіздің осы саладағы жетекшілеріңіз кімдер?
–Менің өмірде пір тұтатын адамдарым көп. Отбасымда – әкем мен атам, өмірде Абай, Бауыржан аталарым болса, әскери өмірде жетекшім болған бірнеше адам бар. Атап айтсам, ең алғашқы осы саладағы ұстазым – Ұлттық ұланның 6655әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары Асқар Серікұлы Мауғазин. Менің бүгінгідей жетістікке жеткенім – сол кісінің арқасы. Сонымен қатар өзім үлгі тұтқан Оралдағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Бақыт Мағауұлы Алазовтыатап өтсем болады. Осы адамдардың арқасында мен жас сарбаздармен жұмыс жасауды, тәрбиелік жұмыстар жүргізуді, ұлттық мінез бен патриотизмді қалыптастыруды үйрендім.
- Өзіңіздің өмірлік ұстанымыңыз бен жастарға берер кеңесіңіз?
– Жоғарыда атап өткендей, мен Абай атамызды үнемі ұлықтап жүремін. Сол себепті менің өмірлік ұстанымым Абай атамыздың «Адам боп келдім өмірге, адам боп кету арманым» деген сөзімен ұштасады. Бұл өсиет менің өмірімде жоғары рөлге ие. Айналама зиянымды тигізбей, тек пайдалы дүниелер берсем, жас сарбаздарға үлгі-өнеге бола білсем, өмірлік ұстанымым да, өмірлік мақсатым да орындалар еді. Ал жастарға айтарым: Отанды сүю керек, оған деген махаббатыңды іспен дәлелдеу керек.
Сұқбаттасқан – лейтенант Бақдәулет Манарбек