Ташкент үштік газ одағынан бас тартты. Ал, біз ше?

Ташкент үштік  газ одағынан бас тартты. Ал, біз ше?

Ресей президенті Путин ұсынған үштік газ одағынан Өзбекстан бас тартты. Осы елдің энергетика министрі Жорабек Мырзамахмұдов: «Біз ұлттық мүддемізге қарай келіссөз жүргізіп жатырмыз. Энергожелілерімізді өзгенің қолына ұстату арқылы емес, коммерциялық келісімшарттар, сауда-саттық негізінде ынтымақтастық орнатамыз», – деп, Өзбекстанның Ресейдің ығына жығылмайтындығын мәлімдеді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Ұсыныста саяси талапқа айырбасталатын газ туралы ештеңе жоқ. Әңгіме энергетика саласындағы үйлестірілім туралы болып отыр. Одақ идеясы транспорттық логистика бойынша әрекеттерді келісуді, ішкі сұраныстарды қанағаттандыруды көздейді. Және әр ел коммерциялық пайдасын көздеп, өз ресурстарын сата бермек», – деп, мәселенің  тігісін жатқызуға тырысты. 

Ал, отандық экономист Мақсат Сералы: «Бұл одақ Ресейді қазіргі санкциялардан құтқару үшін ұсынылғандай. Себебі Ресейдің газын Еуропа тұтынбайтын болды. Путиннің түпкі ойы – Қазақстан және Өзбекстанмен одақ құрып, сол арқылы Еуропаға қайта газ тасымалдау. Өзбекстан содан бас тартып жатыр. Ол өзін ішкі нарықта газбен қамтамасыз ете алады. Ресей оған газын бермейді, құбырын жүргізбейді. Бұл одақ жүзеге асса, Өзбекстанның да санкцияға ілігуі ғажап емес. Қазіргі таңда Ресеймен ешкім ешқандай одақ құрғысы келмейді. Өзбекстан өз нарығын қолдап, қорғағысы келеді. Одақ құрылса, үш мемлекеттің газ қорын есептеп, «кімнің газ қоры көп, соған үстемдік берейік» деген талап қойылады. Еуразиялық одақ бұған айқын мысал бола алады. Бұл жерде Қазақстан мен Өзбекстанның автоматты түрде ұтылатыны түсінікті. Тағы да өзге мемлекеттің мүддесіне жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан бізге өз энергетикалық жүйемізді дамытып, барымызды игеріп алсақ, қазіргі таңда сол жеткілікті. Үш мемлекеттің бірі бас тартқан соң, Қазақстан да оған бара қоймас. Одақ болуы үшін кемі үш мемлекет болуы тиіс. Ресей мен Қазақстан арасындағы газ жүйесі өз алдына дамып келеді. Бұл үшін одақ құрып, төраға сайлаудың қажеті жоқ. Мұны келісімшарттармен де реттеуге болады», – дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Владимир Путин Ресейдің, Қазақстан мен Өзбекстанның басын қосатын үштік газ одағы идеясын көтерген болатын.    Бұл үштік одақ туралы ұсыныс Астанаға да қолай келмегені анық. Айталық, 30 қарашада Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко: «Бұл ұсынысты талқылауға әлі ерте. Себебі бұл жай ғана идея. Қазақстан санкцияны айналып өту үшін өз аумағын пайдалануға рұқсат бермейді. Анығында, санкциядан жалтару үшін өз жерін саудаға салмайды. Бұл – Қазақстанның қағидатты ұстанымы», – деп мәлімдеген-ді. 

Ермек САХАРИЕВ
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588