ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ӨКІЛІ

ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ӨКІЛІ

Назира Оспанова Түркістан қаласында тұрады. Ол кішкентайынан қолына домбыра ұстап, қазақтың дәстүрлі ән-термелерін нақышына келтіріп орындайды. Айтуынша, өз тегінде өнерге құштар жан болмаған. Бірақ әкесі кішкентайында Шәуілдірде дүбірлі асқа келген қазақ ән өнерінің дүлдүлі Қаламқас Орашоваға ырымдап, кішкентай Назираның аузына түкіртіп алған екен. Міне, содан ба, ол домбыраның құлағына жармасып өсті. 

Жетінші сыныпқа көшкенде бағына қарай Шымкент қаласында жас ақын-термешілер мен имправизаторларды даярлайтын ақындар мектебі ашылып, қабылданады. Бұл мектеп сол кезде ауылда тұншығып жүрген талай таланттың көзін ашқан бастау бұлағы болды. Өлең жазып, ән айтуға әуестігі бар балалар іріктеліп, Оңтүстіктің айтулы таланттарынан дәріс алды. Ақын-сазгер Әбдіхалық Әбдірайымов басқарған мектепте Кәрима Оралова, Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова, Табиғат Асқарова, Ғазиза Айдарова, тағы басқа көптеген өнер өкілдері жас таланттарға сахна өнерін үйретті. Назира осы мектепте төл өнердің тұмса бұлағынан сусындады. Әртістік қабілетімен ерекшеленіп, «Шымкент-шоу» театрының концерттік бағдарламаларында өнер көрсетті. Майлықожа мұраларын жаттап, оқушылар арасындағы сайыстарда топ жарды. Қарт Қаратаудың баурайында Майданталдың шаңына аунап өскен қыздың отбасында ата-анасы да ұстаз. Осылайша өнер мектебінің ұясынан қанаттанған жас қауырсын жоғары білім алу үшін Түркістан қаласындағы Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ-ге құжат тапсырады. Бірақ өнер жолын түбегейлі қуа алмай, қыз баласына тән жіңішке жолды жалғап, тұрмыс құрады. Дүниеге сәбилер келіп, өзінің сүйікті домбырасын оңашада ғана шертіп, жан сырласына айналады. Бойдағы талант бұлқынып, жарыққа шықпай қойсын ба? Назира балапандарын қанаттандырып алған соң, өзінің ізденіс жолын қайта жалғастыруға бет бұрды. Түркістандағы белгілі әнші-термеші Аязбек Рүстемовтен шеберлігін шыңдап, Батыс ән өнері мектебін үйренді. Қазақтың кең сахарасындағы барлық өңір дәстүрлі ән өнерінің мектебін жетік білетін шебер орындаушы Назирадан бар білерін аянып қалмай, шығармашылық қолдау білдірді. Бүгінде текті өнердің жас өкілі ретінде сахнада өнер көрсетіп, ұлттық асыл маржандарды насихаттап жүрген Назираның ән қоржынында Ақтамберді, Қашаған жыраулардың қазынасы мол. Жетісай қаласында өткен облыстық терме байқауында, Түркістан қаласында өткен «Бабалар рухы үн қатты – 2023» термешілер байқауында бас жүлдені қанжығалады. Бүгінде Назираны төл өнердің өкілі ретінде тек концерттерге емес, тойға да құрметтеп шақырып жатады екен. «Бұл менің өнеріме ғана емес, халықтың рухани қазынаға деген сұранысы деп білемін. Дәстүрлі әндер мейлі тойда, мейлі концертте шырқалсын, тыңдарманы көп және сапалы болса бізде арман жоқ. Өйткені қазіргі жаһандану дәуіірне бет алған заман құбылысы ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап қалуды талап етеді», – дейді термеші қыз. Алты баланы дүниеге әкеліп, «Күміс алқа» иегері атанған кейіпкеріміз осылайша ұрпақ өсіріп, оны халықтық тәрбиемен баулуға да көп үлес қосып жүр. Жолдасы Бауыржан да өнеріне үнемі қолдау білдіріп, бойдағы өнердің іште булығып қалмауына оң көзқарасын танытып отырады. Түркістанда тұрып, төл өнерімізді асқақтатып жүрген термешіге айтарың көп болсын дейміз. 

Д. ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 241
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 743
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 866
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 779

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541