Тоғжановты «тобықтан шалған» кім?

Тоғжановты «тобықтан шалған» кім?

Биыл Мемлекет басшысының дәстүрлі жолдауынан кейін, орын алған кадрлық ауыс-түйістер көп адамды таң қалдырған оқиға болды. Облыс әкімдері мен министрлердің орындарын өзара алмасытру, кейбіреулерін доғарысқа жіберу (мүмкін уақытша) секілді өзгерістерге қарап отырып «неге», «не себепті» деген сұрақтардың еске оралғаны бар. Көп жағдайда биліктің шахмат тақтасындағы жүрістерге түрткі болған шешімдердің «құлақтары» қылтиып тұрушы еді. Мысалы белгілі өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шеше алмау немесе шешуге талпынбау, өңірге инвестиция тартудағы көрсеткіштердің аздығы, жұмысына салғырттығы дегендей ады-көпті себептері су бетіне қалқып шығып жататын. Алайда осы жолғы өзгерістер шынымен қызық болды. Сол «қызықтардың» бірі- Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың лауазымынан босатылуы еді. Ералы Ұлықпанұлы 2022 жылғы 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Жарлығымен осы лауазымға қайта сайланған еді. Тоғжанов бұған едйін екі жыл Премьер-министрдің орынбасары ретінде әлеуметік саланы басқарған болатын. Биыл 60 жасқа толған Ералы Тоғжанов қазірге дейін ЖОО-ларда, олбыс әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған. Саяси тұлғаның өмірдерегіне үңілгенде оның ең ұзақ уақыт атқарған қызметі 2008-2017 жылдар аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болаған жылдары екендігін байқайсыз. Ал қалған қызметтерінде орта есеппен екі жылдан «із қалтырып» отырған. Бұл жерде Ералы Ұлықпанұлы атқарған жауапты қызметтердің көбіне Президенттің тағайындаулары себеп болғандығын ескерсек, Тоғжановты «тұзы жеңіл» адам деуге келе қоймайды.

Президент сенімі...

Президент Қ.Тоқаев, Ералы Тоғжановты Ақтөбеге әкім етіп тағайындаған кезде, үлкен сеніммен, маңызды тапсырмалармен жіберіпті деген сөз шыққан болатын. Оның да негізі жоқ емес. Ақтөбе- еліміздегі жер көлемі кең, географиялық орналасуы маңызды аймақ. 300 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан облыс, Ресей мен Өзбекстанның ортасын жалғап жатқан маңызды халықаралық дәліз саналады. Сонымен қоса бұл өңір табиғи байлығымен де ерекшеленетіндіктен, облыстың әлеуетінің өте зор екендігін аңғару қиын емес. Сөйтіп Президентіміз өзі сенім артып жіберген кадрын 370 күннен кейін орнынан алды. Негізі жоғарыда айтып өткеніміздей, биылғы қыркүйектегі тағайындаулар мен ауыс-түйістердің түпкі себебін былайғы жұрт түсінбей қалды. Осы қатарда Ералы Тоғжановтың орнынан кетуі де түсініксіз болды дер едік. Бұл туралы тіпті әлеуметтік желідегі «саясаттанушылар» мен «жауырыншылардың» өздері адам иланарлық болжам айта алмай отыр. Ал жоғары жақтан бірер ақпарат әлі шыққан жоқ. Сосын аракідік айтылып жатқан қаңқу сөздердің «астарына» үңілдік. Мүмкін, сол ашты сөздер мен қаралаулардың, жоққа шығару мен төпелей жөнелушілердің бірер базынасы бар деген ой ғой біздікі. Жоқ, оларда да ілікке алар сылтау жоқтай... Бар айтқандары «түк те бітірген жоқ» дегенге саятын әкім қаралауға арналған жаттанды сөз екен. Иә, Ералы Ұлықпанұлы Ақтөбены бір жыл басқарғанда не бітірді? Не тындырды? Нені істемекші еді? Ендеше осыған жауап іздеп көрейікші дедік.

Жақсы жобалар өмірге келіп еді

Биыл мамардың ортасында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Ералы Тоғжанов мырза «Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп бергені бар. Негізі Президент тапсырмасының орындалуы мен аймақтағы атқарылған жұмыстар және келешек жоспарлары туралы кеңінен баяндаған болатын. Сол жолы Ақтөбенің біраз жағдайына қанығып едік. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық сала төңірегіндегі жағымды жаңалықтар мен жоспарлары туралы нақты цифрлармен астастыра отырып баяндап шыққан Ералы Ұлықпанұлы, Ақтөбенің негізіг проблемаларын да жасырған жоқ. Негізі БАҚ-беттерінде осы тақырып аясында облыс басшысымен өткен талай сұхбаттарды табуға болады. Ал бұл жолы бір ғана журналист емес, онлайн қатысушыларымен қоса есептегенде ұзын саны отызға жуық тілшімен бетпе-бет келген әкімнің сұрақтың астында қалғандығын айта кеткен жөн. Осы кездесуде өңір басшысының Ақтөбе облысындағы басты проблема- жолдың жағдайы мен газға бай аймақтағы газ тапшылығы туралы мәселеге бірнше рет қайталап жауап беруіне тура келді. -«Ақтөбеге барған беттегі басты міндеттерімнің бірі жол мәселесі болды. Жасыратыны жоқ, біздің облыс жол мәселесі жағындағы көрсеткіштер бойынша Республикада соңынан санағанда екінші орында тұр. Қазір «жағдайы жақсы және қанағаттанарлық» жолдардың үлесі 72 пайызға жетті. Мен келген кезде бұл көрсеткіш 66 пайыз болатын. Істеуге тиісті жұмыстар көп. Былтыр 536 шақырым жол жөнделді. Биыл салыстырмалы түрде 5,5 есе артық қаражат бөліп (50,5 млрд теңге) 848 шақырым болатын жергілікті маңызы бар жолдар салуды бастадық. Мұның ішінде Ақтөбе-Ұлғайсын жолын (262 шақырым) 4-санаттан 1-санатқа көтеру, ұзындығы 260 шақырым болатын Қандыағаш-Шалқар жолын жасау жоспарда тұр»- деген еді Ералы мырза. Бұларға қоса жол мәселесін біржолта шешудың қосымша тетіктерін қарастырылып жатқандығын да айта кетті. Соның бірі 2023-2025 жылдар аралығында салынатын битум зауыты екен. -«Мысалы Ақтөбе облысындағы жолдарға битумның қажеттілігі 96000-ды құрайды. Онымен қамтамасыз ету оңай емес, өткен жылы осыған байланысты біраз сұрақтар болды. Енді бұл зауыт толығымен іске қосылатын боса, жылдық көлемі 700000- тоннаға дейін болады деп күтіп отырмыз. Сол кезде Ақтөбе ғана емес, батыс аймақтағы жолдарға қежетті материалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік туар еді»- деді. Ақтөбенің келесі бір мәселесі газбен қамту төңірегінде болған. Біз күнделікті БАҚ беттерінен де бұл туралы жиі еститін едік. -«Биыл 9000-нан астам тұрғыны бар 12 ауылға газ тартамыз. Бұл жұмыстар толық аяқталған кезде олбысымыздағы газен қамтыу көлемі 94,4 пайызға жететін болады. Ал қалғандарын кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Себебі адам саны аз ауылдарға газ апарудың шығындары да оңай емес. Қазір Ақтөбе қаласында 1,6 млрд текше метр газ тапшылығы бар. Ашығын айтқанда қаладағы жалғыз труба 1981 жылы салынған. Мұны ары қарай шешпейтін болсақ, көптеген мәселелерге кесірін тигізеді. Сондықтан 43,4 млрд текше метрді құрайтын Бұқара-Орал газ құбырының 3-желісінің құрлысын бастауды қолға аламыз. Биыл осы мәселені шешуге Үкіметтен 11 млрд теңге қарастырылып отыр»- деді Ералы Ұлықпанұлы. Аймақатағы ең маңызды мәселелердің басында тұрған бұл іс туралы, әкімнің есебі мен журналистерге берген жауаптарын қортындылағанда шыққан тиянақты жауаптары осы еді. Ол бұған қосымша «2024 жылға дейін облыс халқын 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз етеміз»- деді сенімді түрде. Бұдан бөлек Ақтөбеден, қаржы көлемі 30 млрд теңгені құрайтын ядролық медицина орталығы мен медициналық бұйымдар шығаратын фабрика ашылатындығын да осы жолғы конференцияда білдік. Ал Ералы Ұлықпанұлы Премьер-министрдің орынбарасары ретінде әлеуметтік салаға жауапты болып тұрған шақтарда айырықша көңіл бөлген «Бақытты отбасы» жобасын, облысқа барғаннан кейін де назардан тыс қалтырмағандығын нақты дәлелдермен айтып өтті. Жоба демекші, аз уақттың ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында да қыруар шаруа тындырыпты. Қаржы көздерін лайықты пайдалана отырып, ауылда кәсіппен айналысамын деген ниеті бар ағайынға 2,5 пайыздық несие тарату дегеніңіз де үлкен қадам еді. Ауыл тақырыбына айырықша тоқталған Ералы мырзаның әрбір сөзін бүкіл әкімдер көкейлеріне тоқыса, ауылдарымыз қайта түлейтін шығар деп түйдік біздер. Сол қатарда урбанизацияға қарсы «Қаладан ауылға» атты жобаны қолға алыпты. 

 

Тоғжановты «танымал еткен» екі оқиға

Ералы Тоғжанов Ақтөбеге барғалы жалпақ жұртқа екі түрлі ісімен «танылды». Оның алғашқысы- миллиярдер Мачкевичпен бірге жүрген видеосы еді. Қысқа ғана бейнебаянда Ералы Ұлықпанұлы мен Мачекең екеуі арқа-жарқа болып күліп, тым көңілді келе жатыр. Бұл туралы әркім әртүрлі пікір айтқаны есімізде. «Бақсам бақа екен» демекші «Eurasian Resources Group» директорлары Кеңесінің төрағасы Александр Машкевичты аймақ басшысы тегіннен тегін «айналдырып» жүрмеген екен. Облыстағы ең ірі инвестор ERG компаниясының қаржысын тарта отырып жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 16 ірі жобаны қолға алған. Мұның ішінде 1973 жылдан бері жиналып қалған тау-кен комбинаттарындағы қалдықтарды қайта өңдеуге арналған кәсіпорын (жоба көлемі 37,4 млрд теңге), облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қуаты 250 мегаватт болатын Утилизациялық жарату стансасы, жел электр қондырғылары секілді бірқатар жұмыстар басталып кетіпті. 

ERG компаниясы еліміздің аумағында талай жобаларды жүзеге асырып жатқан алапауыт мекеме. Бұл жерде кейбіреулер айтатындай, Еуразиялық Топтың нағыз иесі, «қазақ даласының байлығын сорып жатқан яһуди» Александр Машкевич сынды алпауытты бүгін- ертең еліміз аумағынан ит қосып қуып шығу да оңай шаруа емес екендігін еске алған жөн... «Аппас көшсе, Жаппас қонады» дегендей біреуін кетіргенмен ертең екінші бір олигархқа күніміз түсері мұнда тұр ғой. Себебі мына заманда алысжақыннан инвестиция тарту, сол арқылы экономиканы көтеру, озық тәжірибелерін қабылдау деген мәселе жалпыға түсінікті болса керек. Ендеше Мачкеич сынды акуланы өз ыңғаймызға көндіріп, өндіріс орындарын ашуға келісімге отырса, миллиярдтаған теңгесін өңір экологиясын жақсартуға бөлгізіп алып жатса оның несі айып? Экономикалық мүдделерді еппен тоқайластырып, бизнестегі бәсекеде аймаққа пайдасы бар игі іс үшін «жебіреймен қолтықтасып» жүрген азаматты қолдауымыз керек еді ғой. Ендеше Мачкевичпен «достығын» күтәналағаннан гөрі Ералы Тоғжановтың іскерлігін бағалау керек шығар...

Ерекеңнің жұрт аузына іліккен екінші бір «шуы» Асхат Ниязов дейтін журналистке берген жауабы еді. Тағы да әлеуметтік желіні шарлап жүрген қысқа ғана бейнебаян. Журналист орысша сұрақ қойып тұр. Өзі Ресейде туып-өскен азамат көрінеді. «Ақтөбеде тек қана қазақ тілінде сөйлейміз. Қазақтың азаматтарымен қазақ тілінде сөйлесеміз, неге сен білмеймін дейсің? Жүрегіңмен, ниетіңмен қазақ тіліне бұрылсайшы бауырым. Мен манадан бері орысша сұрақтардың барлығына қазақша жауап беріп тұрмын...»- дейді жаны күйген әкім. Осы видеоға байланысты пікір білдірген қандастарымыз қақ жарылды. Біреуі «әкімнің қылығы таза манипуляция, тілге жаны ашып тұрған жоқ, сұрақтан жалтару үшін осылай жасап тұр» десе, екіншілері «орысша сұраққа орысша жауап беруі керек еді, қазақ тілінің көсегесін көгертіп жіберетін боса, баяғыда Ассамблеяда жүргенде, Үкіметте жүргенде ненге дәлелдемеген?»- деп сын айтты. Ал, бұларға қарсы, «қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін Ералы Тоғжанов секілді мінезді әкімдер көбеюі керек»- деп орыс тілді журналисті тойтарып тастағандығын қолдағандар да көп болған еді. Біздің бұған қарсылығымыз жоқ. Тек көзіміз көрген, куә болған жиналыстар мен кездесулердің барлығында Ералы Тоғжановтың тек қана қазақша сөйлейтіндігін айтар едік. Сондай-ақ көзіқарақты азаматрымыздың арасында Ералы Ұлықпанұлын «тіл жанашыры» ретінде бағалайтындары да бар екендігін қыстыра кетпекпіз.

Тоғжановты «тобықтан шалған» кім?

Сонымен былайғы жұртқа жағымсыздығы білінбеген, ашық дереккөздерде айыбы әшкереленбеген әкімнің аяқ астынан қызметінен қалуына не себеп болды? Өкінішке қарай сенімді мәліметтер ортаға шықпаған жерде жорамалдардың сөйлейтіні бар. Біреулер «Ералы Тоғжановтың Ақтөбедегі қызметі Президенттің көңілінен шықпады»- деген жорамал айтыпты. Біз бұған келіспес едік. Себебі бір жыл ішінде көпбалалы аналарға «Бақытты отбасы» жобасы аясында қыруар көмек көрсеткен, «Ауыл аманатының» абзалдылығын дәлелдеп, «жанам деген жігітке от берген», 2025 жылға дейін Ақтөбе өңірінде жалпы құны 3,1 трлн теңгені құрайтын 20 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға кіріскен әкімнің ісін жасынға шығару мүмкін емес еді. Оның үстіне кез келген бастама кемінде бес жылдың ішінде өз нәтижесін көрсететіндігін ескерсек, бір жылдың ішінде Ақтөбені аяғынан тік тұрғыза алмадың деген сөгіс Ералы Тоғжановқа жүрмес еді. Келесі бір жорамалға құлақ түрсек, «облыс әкімі жергілікті кландарға ұнамай қалыпты...». Бұл жерде тағы да қайталана беретін Ақтөбедегі газ дефициті алдымен еске түседі. Негізі бұл өте ауқымды әрі тамырын тереңге тартқан даулы мәселе болатын. Құлағы түрік ағайындар 2017 жылы Ақтөбе облысында газды контрабандалық жолмен шетелге сатып отырған қылмыстық топтың ісі мен осыған байланысты тексеруге алынған 16 компания туралы әңгімелерді ұмыта қойған жоқ. Ал былтырдан бері сұйытылған газдың тапшылығы туралы БАҚ-беттерінен сан рет айтылды да. Түбін қусаң, пәлен томға жүк болатын бұл мәселені індете зерттеу бұл мақаланың міндеті емес. Алайда «әкім мырзаның осы мәселелерді шешуге талпынған әрекеттері әлдекімдерге ұнамағандығы себепті, Ақ Ордаға Тоғжанов туралы жағымсыз пікірлер жеткізілген болуы мүмкін...»- деген күдік ойландырып қойғанын жасырмаймыз. Аймақ әкімшілігі туралы ақпараттарға қанық тағы бір кісілермен жеке әңгіме барысында «Тоғжановтың Ақтөбеден кетуіне, былтырдан бері облыс әкімінің шешімімен жауапты қызметтерінен босатылған кадрлардың Ақ Ордаға қарай қарша боратқан арыздары себеп болған»- дегенді естідік. Бұл пікірді құптау немесе теріске шығару қиын... Себебі қызметінен босаған азаматтарды шетінен шырақ алып тексеріп, олардың Астанаға ықпал күшін зерттеп көру көп уақытты алатын шаруа. Әрі шынымен де әкімнің ісінде күдікті жағдайлар анықталатын болса, ол құзырлы мекемелердің назарын аударатыны сөзсіз ғой... PS: Өзіміздің жеке байланысымыз жоқ, туыстық қатынастан ада, тек жеке көзқарасымызда істің адамы деп бағалайтынымыз болмаса, мансаптық мақсатымыз мүлде тоғыспайтын Тоғжанов туралы қалам тарутымыздың себебі қарапайым ғана. Ол кісінің Ассамблеяда қызмет еткен жылдарынан тартып, Ақтөбеге әкім болып кеткенге дейінгі аралықта, сан мәрте жиналыстарына қатысып, халықтың әлеуметтік саладағы проблемаларын шешуге деген жоспарлары мен нақты іс-әрекеттеріне тәнті болған едік. Сондықтан да, зейнетке жіберуге әлі де ертерек, көзқарасы айқын, батыл мінезі бар іскер азаматтың потенциалын пайдаланбау- былай қарасаңыз жоғалту секілді біз үшін. Өз басымыз әкімнің қызметінен алынуына, Ақ Орданы айналдырып түсірген домалақ арыздар себеп болды дегенге иланып отырмыз. Ендеше Президенттің өзін сендіре білген, көндіре білген сылтау мен «почталионға» мойындамасқа шара жоқ...

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
03.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 28
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 29
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 25
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 53
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556