Түйеқұстың жұмыртқасы да, еті де пайдалы

Түйеқұстың жұмыртқасы да, еті де пайдалы

«Бастау бизнес» жобасы талай жастың жолын ашып, жаңа кәсіп бастауларына мүмкіндік беріп отыр. Осы жоба аясында өз арманын жүзеге асырған жанның бірі – Жасұлан Тойбаев. Ол бүгінде ауласында түйеқұс (страус) өсіруді қолға алған.

Жасұлан жақында аудан орталығында ұйымдастырылған жас кәсіпкерлер көрмесіне қатысып, өзі өсіріп отырған түйеқұстарын, ал жұбайы Әсел әрбірі 1,5-2 килограмм тартатын түйеқұс жұмыртқаларын алып келген екен. Көрермен назары бірден түйеқұстар мен оның көлемді жұмыртқаларына ауды. Оны көріп, қызығушылық танытқандар қатары аз болмады. Кәсіп иесін сөзге тартқан едік.

– Мен құс өсірумен жастай айналыстым. Алғашқы кезде үйде тауық ұстадым. Ал кейін түйеқұс туралы мәліметтерге қаныға келіп, оны өсіріп, көбейтуді өзімнің алдыма мақсат етіп қойдым. Мақсатыма жету үшін өткен жылы «Бастау бизнес» жобасына қатысып, арнайы курста білімімді жетілдірдім. Содан соң өзімнің бизнес жоспарымды дайындап, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант конкурсына қатысып, жеңімпаз атандым. Оған қосымша өз қаражатымды қосып 2 ұрғашы, 1 еркек түйеқұс сатып алып, тың кәсіпті осылай бастап кеткен едім, – дейді Жасұлан.

Жасұлан үй іргесіндегі жер телімінде үлкен албар жасаған. Албарда 3 түйеқұс емін-еркін жайылып жүр. Оларға арнап жылы қора да соғып қойған. Қазір түйеқұстардың салмағы 80 килограмдай тартады. Ал өсе келе 100-150 килограмға дейін ет береді. Жалпы ол құстар 30 жыл өмір сүреді екен.

– Түйеқұстың күтімі бөлек. Мендегі құстар жер шарындағы құстардың ең ірісі болып есептеледі. Бойларының биіктігі басын көтергенде 3 метрге жетеді. Бұл құстарды өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласынан сатып алдым. Еркегінің түсі қара, ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр, құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл. Бұл Африкалық түйеқұстар біздің жерге тез бейімделеді. Жем-шөп таңдамайды. Қосымша азықтандыру үшін арпа, бидай, жүгері де береміз. Шөлге шыдамды, ыстыққа да, суыққа да төзімді. Түйеқұстың тағы бір ерекшелігі – мұның еті көптеген ауруларға ем көрінеді. Жапондықтар бұл құсты көп өсіреді екен. Себебі, мұның еті қант диабетімен ауыратындарға ем көрінеді. Ал жұмыртқасы көп күш-қуат беретіндіктен, ол спортшылардың ас мәзіріне енгізіліпті, – дейді кәсіпкер.

Түйеқұстар 2-3 күнде бір жұмыртқалайды. Оның жұмыртқасына да сұраныс көп екен. Оның бір жұмыртқасының өзі 10 мың теңге тұрады. Жасұлан балапаннан көбейту мақсатында жұмыртқаны бастыратын инкубатор аппаратын да сатып алған. Әзірге құстардың жасы жетіңкіремей тұрғандықтан, алдағы 2-3 жылда оған да қол жететініне сенімді.

Жас кәсіпкер түйеқұс өсірумен бірге ауласында жылқы, қой ұстап отыр. Төрт түлігі мен түйеқұстың жем-шөбін ауыл сыртындағы егіс алқабынан жинауда. Мал азығы үшін 5 гектар алқапқа жүгері, 4 гектар алқапқа жоңышқа орналастырған. Мал мен құстардың азығын осы алқаптардан дайындауда. Ал оның шаруасының бір жағында жұбайы, 4 баланың анасы Әлия жүр.

– Менің алға қойған мақсатым – түйеқұстардың басын көбейту. Басына бас қосылып жатса, ауыл сыртынан құс шаруашылығына лайық қора- жай салып, ферма ашуды көздеп отырмын. Ал бұған тағы қосымша қаражат керек. Мемлекет тарапынан тағы да қайтарымсыз гранттар беріліп жатса, соған қатысып, өз кәсібімізді кеңейтіп, бірнеше адамды жұмысқа алсам деген ниетім бар, – деп Жасұлан жоспарымен де бөліскен еді.

Түйеқұстың еті мен жұмыртқасынан басқа тұяғы, тұмсығы, кірпігі, қауырсындары, жүні мен терісі де пайдаға асатын көрінеді. Мәселен, қауырсындарын бас киімге, сахналық костюмдерге пайдаланады. Ал оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терісіне пара-пар деседі. Оны аяқ-киім қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдаланады. Әсіресе, еті мейрамханаларда диеталық тағам ретінде үлкен сұранысқа ие екен. Сондай-ақ, бұл құс етінің қан қысымы, қант диабетімен ауыратындар үшін мың да бір ем екені айтылуда.

 

Сүндетулла ӘБІЛОВ, журналист. Байзақ ауданы
05.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 494
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756