Тұрғын үй құрылысының шекті құны белгіленбек

Тұрғын үй құрылысының шекті құны белгіленбек

ҚР ИИДМ құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою жұмыстарын жалғастыра отырып, елімізде тұрғын үй құрылысының шекті құнын белгілеу бойынша жұмыстар қолға алды. Мұндай шешім бюджет қаражаты есебінен салынатын объектілерге қатысты болмақ. Қазіргі уақытта «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға бергенге дейінгі құрылыс процесін онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді.

Жүйеге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қосылып, техникалық қадағалаушылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің барлық тізілімі жүктелген. Сондай-ақ, техникалық қадағалаушылардың барлық есебі беріледі. «Е-Құрылыс» жүйесі техникалық қадағалау сарапшыларын объектілер бойынша бақылап, олардың түрлі өңірде қызмет көрсетуіне жол бермейді. Сондай-ақ жобадан ауытқып кетсе немесе жұмыс толық көлемде орындалмаса, оларды қабылдамайды.

Құрылыс жобаларының сметалық құнын жасанды жолмен көтеру тәуекелдерін азайту үшін онлайн режимдегі «Онлайн калькулятор» жүйесі әзірленді. Бұл өңірге және объектінің техникалық өлшемдеріне байланысты жобаның шекті мәнін автоматты түрде есептеп, белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бүгінгі таңда министрлік аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызметтердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойды. Олар толығымен автоматтандырылған және 20 минут ішінде нәтижесін компьютер береді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына лицензия беру кезінде енді тікелей байланыс болмайды.

Техникалық қадағалау, тексеру және жобаларды сараптау бойынша мамандарды аттестаттаудың бірыңғай жүйесінде тестілеу функциясы енгізілді. Онда сынақтан өтетін адамды ауыстыруға жол берілмейді және тестілеу нәтижелеріне бөгде ешкім әсер ете алмайды. Үрдісті биыл толығымен автоматтандыру жоспарланған. Қосымша рұқсат беру құжаттары бойынша мемлекеттік функцияларды міндетті түрде сақтандыра отырып, өзін-өзі реттеуге беру әзірленіп жатыр. Яғни, өз қызметін өздері реттейтін ұйымдар мамандарды аттестациялап, лицензиялар береді және олардың қызметі үшін жауапты болады. 

Тұрғын үй құрылысының шекті құнын белгілеу құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықты жойып қана қоймай баға нарығына да әсер етсе екен деген үміт бар. Өйткені былтыр елімізде ескі және жаңа салынған тұрғын үй бағасы 10-20 пайызға өсті. Тіпті пәтерді жалға алу құны 30-50 пайызға дейін қымбаттаған. Сарапшылар зейнетақы қорындағы ақшаны белгілі мөлшерде шешіп алу науқанына байланысты елімізде баспана бағасының күрт «аспандап» кеткенін айтады. 

Ал желтоқсан айында «Зейнетақы жинағының шекті мөлшері өсті» деген ақпарат тараған бетте артық ақшасын алуға асыққан адамдардың аптығы тұрғын үй құнының шарықтап кетуіне себеп болған. Мамандар баға әлі де өседі дейді. Өйткені артық ақшасын алғандардың көпшілігі оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауы мүмкін. Ашық дереккөздеріне сенсек, желтоқсанға дейін 338 499 адам зейнетақының шекті мөлшерінен артылған 1,68 трлн теңгені баспана алуға бағыттаған. Олардың басым бөлігі немесе 171 598 адам ипотекасыз үй сатып алған. Осылайша зейнетақының артылғаны негізінен жылжымайтын мүлікке жұмсалып, салдарынан 2021 жылдың 11 айында үй бағасы 20%-ға өсті. Бірақ жалпы тұрғын үй нарығындағы баға тұрақсыз. Бағаның өсуіне инфляцияның салдары да әсер етпей қоймайды. Дегенмен, мемлекет тарапынан құрылыс саласындағы жемқорлыққа тұсау салынса, бақылаусыз баға да реттелер.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 145
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447