Тығырықтан шығудың бір жолы – прокси-серверді қолдану

Тығырықтан шығудың бір жолы – прокси-серверді қолдану

Қаңтар оқиғасының екінші күнінен бастап елімізде интернет күрт үзілді. Әлеуметтік желі бір сәтке тыншып, жаңалық іздеген жұрт телеарнаға үңілді. Алайда, болып жатқан оқиға жайында мардымды ақпарат алдық деген ешкімді көрмедік. Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, интернет байланысы бұғатталғанда көпшілік жақындарымен хабарласа алмай қалды. Осы сынды жағдайға тап болғанда бұл тығырықтан шығатын бір жол бар. Ол – прокси-серверді қолдану. Сол кезде Амстердамда Booking компаниясында жұмыс істейтін IT маман Нәрікби Мақсұт Телеграм желісіне прокси арқылы кіруге мүмкіндік жасаған болатын. Нәрікби Мақсұттың өзі: «Негізі прокси-сервер қымбат тұрмайды. Біз Қазақстанға интернет тарату үшін ең мықты серверді сұрадық. Басында өз қаражатыммен алдым. Кейін олай мүмкін болмайтынын түсіндім. Өйткені, сервер тез толып қала берді. Кіргісі келетін адам көп. Сосын: «Кім қанша жібере алады, ақша жіберсін. Жиналған ақшаға ала береміз», – дедім. Халық өзі көмектесті. Халық инвестор болды. Достарыммен бірге бір уақытта 40 сервер енгіздім. Осылайша, біз шетелдік провайдерлерден сервер сатып алып, жарты миллион адам сілтеме арқылы интернетке қосылды. Бізде интеллектуалды еңбек, ми жұмысына деген көзқарас кемшін, бағаланбайды. Көрші Украина, Беларусь мемлекеттерінен қалып барамыз. Ресейден екі бастан солай. Олар дамып кеткен. Менің «Хабар 24» арнасының тілшісіне берген бір сағаттық сұхбатымнан тақырыпқа байланысы жоқ 1-2 минут қана алыныпты. Менің негізгі мақсатым – мемлекеттік арнада біздің елдің ақпаратты тұтыну мәселесін қозғау еді. Алайда, менің бұл жайлы бір де бір сөзім кірмепті. Ең қызығы, елде дүрбелең болғанда мемлекет интернетті сөндіріп, халық жаңалықты теледидар арқылы көрді, білді. Алайда, сол жаңалық қызметіндегі тілшілердің өзі біз қосқан прокси арқылы жаңалық таратты. Маған осыны тілшінің өзі айтты. Осыны естігенде таңқалдым. Ойланып қараңызшы, мемлекет сеніп тапсырған телеарналар байланыссыз ақпарат таратты. Сонда интернет өшіргеннің не пайдасы болды?. Сондай-ақ, интернет өшірілген кезде «Хабар 24» арнасының беріп жатқан жаңалықтарын қарап, таң қалып отырдым. Мүлдем ескіріп қалған ақпараттар, актуалды емес, қысқа ғана түсіндірмелер. Іліп алатын дерек жоқ. Оның жанында ресейлік «Дождь» арнасы қайда актуалды ақпарат беруге тырысты. Бірақ олардың да өз қателігі болды. Қанша дегенмен, ресейлік арнаның өз қызығушылығы бар. Осы тұрғыда болған оқиға жайлы нақты ақпарат жеткізген отандық тәуелсіз БАҚ өкілдері ғана болды. Оларға үлкен респект. Мемлекеттік арналарға бөлінетін бюджетпен салыстырсақ, олар тегін жұмыс істеп жатыр деуге болады. Соңғы 30 жылда мемлекет барлық тәуелсіз БАҚ өкілдерін тұншықтыруға тырысты. Алайда, бұлар мынаны ескермеді: ақпарат кеңістігі ешқашан бос қалмайды. Елдің ішінде БАҚ өкілдері жетіспесе, олар шетелден келе бастайды. Тура «Дождь» арнасы секілді. Тәуелсіз журналистиканың дамуы – ол біздің ақпараттық қауіпсіздігіміздің кепілі. Олар мемлекетке ыңғайсыз сұрақтар қоя алады. Олар басшылыққа жағуды ойламайды. Бұл – демократия дамуының басты құралы. Осыны біздің билік түсінсе деймін. Қазір Амстердам жанындағы Пурмеренд атты кішкентай қалашықта тұрамын. Алматыдағы Қаскелен сияқты жер. Тіпті, осы жерде маған апта сайын жергілікті газет үйге келіп тұрады. Сол үшін мен әрқашан отандық баспаларды, подкасттарды, Youtube арналарды, газет-журналдарды, барлық тәуелсіз медиа өкілдерін қолдауға тырысамын. Сіздерге де соған кеңес беремін», – дейді.    

   Ал, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде білім беру жүйесін қайта өзгерткім келеді. Біз экономистерді, зaңгерлерді, менеджерлерді және т.б. тым көп дайындаймыз. Біз қазір білім беру жүйесін техникалық бағытқа ыңғайластыруымыз қажет. Жас қазақтар техниктер болуы керек. Бұған кәміл сенемін», – деген еді. Бұған дейін де техникалық мамандыққа деген грант саны артып, сұраныс көбейген. Десе де: «Сонда осы кезге дейін дайындалған мамандар қайда? Кешегідей интернет бұғатталған уақытта олар қайда болды?»— деген заңды сұрақ туындайды. Расында да, олар қайда болған?   

Ермек Сахариев
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781