ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАПҚАН ТҰҢҒЫШ ПЕТИЦИЯ

ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАПҚАН ТҰҢҒЫШ ПЕТИЦИЯ

Қазір еліміз бойынша құмар ойындарының алдын алу және құмарпаздықпен күресу шаралары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының өзі айрықша көңіл бөліп отырған бұл мәселені құқықтық тұрғыдан реттеуді қарастыратын заң жобасы да талқылану үстінде. Дегенмен бұл тақырыпты тек құзырлы мекемелердің үлесіне ғана қалдырып қойып, азаматтық қоғам үнсіз жатыр деуге келмейді. Бұл туралы қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері, белсенді азаматтар да қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Солардың қатарында «Әділдік жолы» РҚБ-ін айрықша атауға болар еді. «Әділдік жолы» РҚБ – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мақсатында қызмет ететін үкіметтік емес қоғамдық ұйым болып табылады. Бұл ұйым қазірге дейін талай өзекті мәселелерді ортаға шығарып, қоғамдық бақылау жасау жағында нәтижелі жұмыс істеп келе жатыр. Аталған қоғамдық бірлестік соңғы уақытта ел ішінде «Шенеуніктерге құмар ойынға қатысуға тыйым салу» петициясын бастаған еді. Осы игі іске жақында ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми хабарлама жариялады. Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта былай делінген. Құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі таңда баршамызды лудомания мәселесі алаңдатып отыр. Бұл қатер еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне кесірін тигізуде. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында бұл мәселені шешуді тапсырды. Осыған орай жақын арада ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылауды қатаңдатуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады. Түзетулерді талқылауға азаматтық қоғам өкілдері де түрлі форматтарда белсенді қатысуда. Осылайша үстіміздегі жылғы мамырда «Әділдік жолы» республикалық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов мемлекеттік және әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құмар ойындарға қатысуға тыйым салу жөнінде петицияға бастамашылық жасады. Петиция авторының пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құмар ойындар сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі болып отыр. Петиция қысқа уақыт ішінде қажетті 50 мың қол жинап, 2024 жылғы 11 маусымда Туризм және спорт министрлігінің (министрлік) қарауына келіп түсті. Әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес министрлік жұмыс тобын құрды, оның құрамына петиция авторы, Парламент депутаттары, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Жұмыс тобының екі отырысы өтті. Олардың қорытындылары бойынша қатысушылар өтінішті қолдап, Министрліктің оң шешімінің жобасын мақұлдады. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін отырыстар Youtube-те тікелей эфирде көрсетілді. Петицияда көтерілген мәселелерді Парламентте талқыланып жатқан Ойын бизнесі және лотерея мәселелері бойынша Заң жобасы шеңберінде шешу көзделген. Құмар ойындар мен спорттық бәс тігуге қатысқандары үшін мемлекеттік аппарат өкілдері мен әскери қызметкерлер жауапкершілікке тартылатын болады, соның ішінде теріс себептермен жұмыстан босатылады. Бүгінгі күнге дейін шешім жобасы министрліктің сайтында және танымал әлеуметтік желілерде жарияланды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мен петицияны толықтай қанағаттандыратын шешімге қол қойдым. Бүгін жауап ресми түрде авторға жолданды. Бұл Үкімет тарапынан қолдау тапқан тұңғыш петиция екенін атап өту қажет. Осылайша, біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тиімділігіне куә болып отырмыз. Азаматтарымыз маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға тікелей қатысып отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, петиция авторына және оған қол қойған қазақстандықтарға Ойын бизнесі және лотерея мәселелері бойынша Заң жобасын қабылдауға қосымша серпін берген азаматтық ұстанымдары үшін алғысымды білдіремін. Хабарлама соңына Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың есім-сойы көрсетілген. Бұл өз кезегінде қоғамдық ұйымдардың қызметіне деген жоғары дәрежелі қолдауды білдірумен қатар, лудомания мәселесіне азаматтардың да бей-жай қарамайтындығын білдірсе керек. Ел ішінде шенеуніктердің құмар ойнайтындығы, кейде ірі көлемдегі меншіктердің бәске тігілгендігі туралы қауесеттер бар екені жасырын емес. Бұл туралы ақпараттар кейде қоғам белсенділері тарапынан әшкереленіп жататыны бар. Ендігі жерде бүкіл қоғам болып, құқық қорғау органдармен бірлесе қимылдайтын болса, ел ішін кеулеген індеттің де беті қайтатын күн алыс емес деуге сенім бар деген сөз.

04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661