Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңесінде талқыланған екінші тақырып осы!
Нақты деректерге сүйенейік: Электрондық темекі сұйықтықтарында никотин, басқа қоспалар, хош иістер және химиялық заттар болуы немесе болмауы мүмкін. Жеміс, жидек, кондитерлік және басқа да хош иістендіргіштердің 16 мың түрлі дәмі белгілі. Олардың құрамында адам денсаулығына улы әсер ететін глицерин, пропиленгликоль және хош иісті қоспалар бар. 4-ші буын вейптері тыныс алу жолдарының эпителийіне және тіндердің гипоксиясына зақым келтіруі мүмкін аэрозольдің көп мөлшерде жиналуына мүмкіндік береді. Темекі түтініне ұқсас формальдегидтің әсері байқалған.
Соңғы 3 жылда тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 10 есе көбейген: 2019 ж. - 10 кг, 2022 ж. 6 айында – 100 кг). Қазір синтетикалық есірткінің түрі 50 есеге артқан.
Биыл есірткі дайындайтын 40 зертхана анықталған. Олардан 80 тонна прекурсор тәркіленген. Сұмдық, осынша прекурсордан 8 тонна есірткі дайындауға болар еді. Одан қанша баланың уланып бітетінін есептей беріңіз. Бұл тек анықталғаны ғана!
Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен есірткі заттарына қарсы кешенді жоспар дайындалуда. Оған 53,2 млрд теңге қарастырылған. Аталған жоспар жүзеге асып, ұрпағымызды у-дан сақтап қаламыз деп үміттенемін. Жағдай қиын әйтпесе. Синтетикалық есірткілерді қазір мектеп оқушылары да қолданып жүр.
Клиникалық зерттеулер темекі шегуді жалғастыратындар мен вейптерге ауысқандар арасында клиникалық айырмашылықты таппай отыр. Керісінше, вейптің денсаулыққа әсері туралы мәліметтер біртіндеп жинақталуда, атап айтқанда, зерттеулер ЭТЖ-ны қолданудың өкпе эпителийінің жасушаларының зақымдануы, жастарда жиі кездесетін тыныс алу аурулары, периодонтиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысын көрсетті. Сонымен қатар, жалпы өлім-жітім мен аурушаңдық құрылымындағы тыныс алу органдары ауруларымен ауыру мен өлім қанайналым жүйесі ауруларынан кейін 2-орында тұр. Өкпенің созылмалы фиброзды аурулары мен тыныс алу жеткіліксіздігінің өсуі байқалады. Қазіргі уақытта 300 мың қазақстандық тыныс алу органдарының аурулар бойынша есепте тұр. Ауруды дифференциалды диагностикалаудағы қиындықтарды ескере отырып, вейптерді тұтынумен байланысты аурулардың басқа тыныс алу органдарының кодымен, мысалы, қан тамырларының тарылуынан болатын бронхиолит, анықталмаған (бактериялық) этиологияның пневмониясы (этиологиясы анықталмаған пневмония – 5494) сияқты диагноз қойылуы әбден мүмкін.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша 33 ел ЭТЖ/вейптерді сатуға дер кезінде тыйым салды, олардың ішінде Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Катар, Оман, Иордания және т. б. 79 ел вейбтарды қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салды.
Кеңес отырысының қорытындысы негізінде хаттама жасап құзырлы орындарға жолдаймыз.
Кеңес мүшелерінің тізімі суретте.