Халықты вакциналау жалғасуда

Халықты вакциналау жалғасуда

Вакцина алу күн тәртібінде тұрған мәселе. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталық облыста бірінші болып вакциналауды 1 ақпаннан бастап, бүгінгі күнге дейін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұған дейін вакцинаның бірінші компонентін алған медицина қызметкерлері, педагогтар, ішкі істер қызметкерлері екіншісін салдырып болды десек болады. Қазіргі уақытта 60-65 жас аралығындағы адамдар, қандай да бір созылмалы аурулары бар қатер тобына жататын тұрғындар екпе алуды жалғастыруда. Осы орайда Қарағанды облысындағы вакцина төңірегінде дәрігерлердің пікірін білген едік.

Облыста жағдай қалай?

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова жалпы облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 56 795 жағдайы тіркелгенін айтты. Бүгінгі таңда вакцинацияланғандардың ішінен 206 адам ауырды. Олардың 73%-ы тек бірінші компонентті алды. Қалғандарында екінші компонентті алғаннан кейін екі аптадан аз уақыт өтті, яғни иммунитеттің қалыптасуына уақыт болмады. Қалай дегенмен бірінші болып вакцинациядан медицина қызметкерлері өткен. Облыста 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 380 793 адам алыпты. Толығымен екі компонентпен 255 934 адам егілді.Қалалар мен аудандарда өткізу қабілеті тәулігіне 8 мыңнан астам адамды құрайтын 115 екпе кабинеті жұмыс істейді. Мобильді медициналық бригадалар кәсіпорындар мен ұйымдарға барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, вакцина жеткілікті. «Спутник V», «QazVac» және «CoronaVac» бар. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің арасында вакцинация 97% құрайды. Облыста өнеркәсіптік кәсіпорындар бар, онда қызметкерлердің 95%-ы КВИ-ға қарсы екпе жасады. Халықты вакциналау жалғасуда.

2 тамызда күшіне енген шектеулерге сүйенсек, Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий ЗАЛЫГИН аурудың жоғары көрсеткіші облыстың барлық қалалары мен аудандары бойынша байқалғанын атады. Өңірде коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 55 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 1 011 КВИ ауруы анықталды.

№1 көпсалалы аурухананың эпидемиологы Гүлім Сәбиден:

– Вакцинаның алғашқы компонентін ақпанда алған Гүлім аурухана бойынша ең әуелі шұғыл медициналық көмек көрсететін, қабылдау бөлімінде отыратын және реанимация бөлімінде жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер алғанын айтады. «Барлығы ерікті түрде, мәжбүрлеу деген болған жоқ. Бір адам аутоиммундық дәрілер ішіп жүргендіктен, уақытша кейінге қалдырылды. Бүгінгі күні қызметкерлер бірінші компонентін, оның 100-і екіншісін де алды. Өзім қандай да бір әсерін сезген жоқпын. Бірақ, басқа адамдарда әлсіздік, еккен жердің ауырсынуы сияқты белгілер байқалды. Оның барлығы белгілі реакциялар. Сондықтан, одан қорқудың қажеті жоқ» дейді.

Гүлімнің сөзіне сүйенсек, екінші компонентті біріншісіне аллергиялық реакция байқалғанда салуға болмайды. «Менде және әріптестер арасында ондай жағдай тіркелген жоқ. Екі ретте де біздің жалпы жағдайымызды тексерді. Ақпараттық келісімге қол қойғаннан кейін ғана екпе жасалды» дейді ол.

Өзі жұмыс істейтін ауруханада ашылған вакцина орталығында вакцинаны тасымалдау мен сақтау үшін қажетті жабдықтар бар. Суық тізбек сақталуы керек. Осы мақсатта аурухананың 14 маманы арнайы оқытылыпты. Аурухана қызметкерлері екпені осы жерден алған. Дәрігер тәжірибесіне сүйеніп, вирустан кейінгі әлсіздік, ентігу сияқты белгілер бойынша келетіндер болатынын айтты. Бірақ, басқадай белгілерді байқамаған. Негізінен, ондай жағдай стационарда жатып шыққандар арасында байқалады. Науқастың жағдайына қарай стационарда 2 апта, одан шыққаннан кейін тағы 2 апта дәрігерлердің бақылауында болады. Ал, қайтадан жұмысқа оралу мерзімі емделушінің жағдайына байланысты. «Жалпы, осындай жағдайлар болмас үшін вакцина алу қажет. Ауырғаннан гөрі, ауырмаудың жолын іздеу керек. Оның жолы – вакцина» дейді Гүлім Сәбиден.

Вакциналау жайлы орталықтың терапевт дәрігері Гүлнар МУШТАРБЕКОВА да айтып берді.

– Гүлнар ханым фейк ақпараттардың әсерінен екпе алудан халық қорқатынын айтады. «Сақтансаң сақтаймын» деген. Осы уақытқа дейін шыны керек, ешкім шағымданған жоқ. Әрине, 2-3 күн температурасы көтеріліп, аздап мазасызданған тұрғындар бар. Біздің мамандар арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, хабардар етеді. Қандай дәрі қабылдау керек екенін айтады. Сондықтан, жалған ақпаратқа сенбей, мамандардың пікіріне жүгіну керек. Індеттен құтылудың басты жолы – вакцина алу» дейді ол.

Вакцинаның жалған құжатын жасап жатқан медицина мамандары да ұсталып жатқаны белгілі. Құқық бұзушылықтар тіркелді ме? – деген сауалға өрескел қателіктер кездесуде. «Бірақ, бізде – тәртіп қатаң. Арнайы бейнебақылау жүргізілуде. Мұндай жағдай әлі кездеспеді. Жұмыстағы мамандарға да қатты ескертудеміз. Мұндай өрескелдікке жол бермеуіміз керек. Денсаулық – бәрінен маңызды. Ондай қадамға барып жатқан қызметкер пациенттің тағдырына балта шауып жатқанын ойлау керек. Жалған құжат жасатушы да қағаз үшін ондай тәуекелге бармауы тиіс. Тәртіп бойынша елмен қатар екпе алғаны өте дұрыс» дейді Гүлнар Муштарбекова.

Терапевттің сөзіне сүйенсек, коронавирусқа қарсы вакцинада да кез келген екпеде болатын әсер байқалады. Әсіресе, дене қызуының көтерілуі, екпе орнының ауыруы, әлсіздік бар. 70 жастағы, тіпті, 80-нің үстіндегі кісілер вакцина алғысы келетінін айтып хабарласқанмен, үлкен кісілерде жастарға қарағанда екпенің әсері көп байқалмайтынын айтады.

«Вакцина орталықтары екпе алған адамдар туралы барлық деректі емханаларға жібереді. Ол жердегі учаскелік дәрігерлер мен медбикелер өздеріне қатысты адамдарға хабарласып, қал-жағдайын сұрайды. Солай 3 күн бойы біліп отырады» дейді терапевт.

– Иә, вакцина 100% қорғамайды. Ешқандай вакцина ондай нәтиже көрсете алмайды. Ол жұқтыру қаупі мен оның ауыр түрімен ауыру тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Вакцинадан кейін байқалуы мүмкін тұмау секілді белгілер үш күнде басылады. Ондай реакция вакцина алағандардың 10- 15%-да кездеседі. Әсіресе, «Спутник V»-ден кейін. Ал, қауіп тудыратындай кері реакция байқалған жоқ. Екпеден кейінгі асқазан-ішек жолдарының бұзылуы екі адамда, бөртпе бір адамда тіркелді. «Адамдар ауырып жатыр», «қырылып жатыр» деген фейк ақпарат біздің емханада болған емес, – дейді Гүлнар Муштарбекова.

Қазіргі таңда терапевт қызмет атқаратын ұжымда 90-95% медицина мамандары екпе алыпты. Алмағандарының екпеге қарсы аллергиялары бар көрінеді.

Аяулым СОВЕТ
06.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 92
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 612
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 730
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 642
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 651

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8786
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8186
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11414
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9168
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10399