ЖАҢАТАСТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖАҢАТАСТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Жаңа 2025 жыл қарсаңында аудан орталығы Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
“ Биылғы жыл 55 жылдық мерейтойын жақсы жетістіктермен қарсы алған Жаңатас қаласы үшін қуанышқа толы жыл болды. Бүгін тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Жаңатас қаласы 1-ші шағын ауданында орналасқан номер №50-шы, 80 пәтерлік және 5-ші шағын ауданында орналасқан №19 А, 40 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр. Меншік иелері, жеке кәсіпкер Естай Қоңқабаев пен жеке кәсіпкер Қасымбекова Зухра пәтерді өз қаражаттарына жөндеген тұрғын үйлер мемлекеттің қорынан сатып алынып, ел игілігіне берілуде. Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан осал топтарға және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға табысталатын болады. Біз әрқашанда Сіздердің қуаныштарыңызға ортақпыз”’ - деген аудан басшысы қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.
Бұдан кейін сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәділ Орымбаев қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Жаңа пәтерге ие болған азаматтарға пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды.
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай, облыс, аудан басшыларына алғыстарын білдірді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
31.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12003
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15248
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14178
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19209