Жастар және «Жаңа Қазақстан»

Жастар және «Жаңа Қазақстан»

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында Жаңа Қазақстанды құру тұрғысында сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» Ұлттық баяндамасының мазмұндық бөлігіне алдын ала сараптамалық талқылау өткізілді.  Негізгі баяндамашылар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Жанна Кәрімова, Қазақстандағы ЮНФПА гендерлік және популяция жөніндегі мәселелерін бағдарламалық талдаушы Молдақұлова Ғазиза, «Алтайтану» ҒЗО директоры Александр Алексеенко болды. 

Жиын барысында Елнұр Бейсенбаев бүгінгі таңда маңызды саяси өзгерістер кезеңінде жастардың нақты жағдайын көрсететін ақпарат ұсынылуы керектігін атап өтті. Жанна Кәрімова жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында ұлттық баяндаманың қорытындысы бойынша практикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәжірибесін қайта бастауды ұсынды. Сондай-ақ, ол ұлттық баяндаманы, оның ішінде қоғамдық әлеуметтану құралдарын, тиімді кері байланыс құралдарын пайдалануды кеңінен насихаттауға назар аудару керектігін атап өтті. Талқылау нәтижесінде сарапшылар ұлттық баяндама жастардың шынайы сұранысын көрсететін құжатқа айналуы керек деген ортақ пікірге келді. Олар баяндаманың маңыздылығы өскелең ұрпақтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін, сондай-ақ жастар саясатын талқылау кезінде ескерілуі қажет негізгі тенденцияларды, қызығушылықтар мен талаптарды анықтауда екенін жеткізді.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері «Жастар» ҒЗО жыл сайын «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын шығарып келеді. Баяндамада қазақстандық жастардың өмірінің негізгі салаларындағы жағдайына жан-жақты талдау жасалады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 145
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449