ЖОЛДАУДАҒЫ ӨТКІР СЫН МЕН БАСТАМАЛАРҒА НАЗАР САЛ, ҮКІМЕТ ПЕН ПАРЛАМЕНТ!

ЖОЛДАУДАҒЫ ӨТКІР СЫН МЕН БАСТАМАЛАРҒА НАЗАР САЛ, ҮКІМЕТ ПЕН ПАРЛАМЕНТ!

Мемлекет басшысы осы күнге дейін Қазақстан халқына жеті рет Жолдау арнады. Бәрі де Әділетті Қазақстан құру жолындағы талпыныстан туындаған. Барлық Жолдауда елдің тұрақтылығы, экономикалық өсім, елдің ішкі-сыртқы жағдайы, заң шығару саласына қатысты мәселелер Президент назарынан тыс қалған емес. Әр Жолдаудың өз айтары мен өз салмағы бар. Жолдаудан елдің күтері де мол. Себебі ел Президенті ел ішіндегі барлық жағдайды жақсы біліп отыр. Ең өзекті дүниелерді көтеруге күш салатыны да сондықтан.

Биылғы 2 қыркүйектегі Астана қаласындағы кезекті Жолдауы да өзіндік ерекшелігімен ел есінде қалмақ. Әсіресе несие саясаты мен банктерге қатысты ойлары халықтың қолдауына ие болып отыр. Банк туралы заң қажеттігі көптің көкейіндегі оймен тұспа-тұс келді. «Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет. Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды. Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды. Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс. Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында тың бастамалар көп. Тек соның жүзеге асуына Үкімет пен Парламент күш салуы тиіс. 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына Еуразиялық интеграция институтының директоры Азамат Байғалиев былайша пікір білдіріпті: «Бұл ретте салық салынатын базаны арттыруға, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, ШОБ өсуі үшін барынша жағдай жасауға және қайта өңдеу өнеркәсібіне баса назар аудару күтпеген жағдай болып табылмайды. Мемлекет басшысы басынан бастап осы бағыттарға көңіл аударып, ел дамуының өз көзқарасын, сайлауалды тұғырнамасын және қоғамға берілген нақты уәделерді жоспарлы түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл ретте еліміздегі барлық оң әлеуметтік-саяси өзгерістер макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуімен және сенімді инвестициялық серіктес ретінде Қазақстанның халықаралық аренадағы тартымдылығымен тығыз байланысты екендігі туралы абсолютті түсінік бар. Мұнда Президент Үкіметке жұмысты жандандыруды тапсырды, өйткені барлық әкімдер мен бейінді министрлер нақты нәтижелер көрсетіп отырған жоқ», – деп түйіндепті сөзін директор. 2 қыркүйекте халыққа Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «үнемі өткенмен өмір сүрмеуге, бұрынғы өткендерден кінә іздей бермеуге» шақырды. Түсінгенге мұның мәнісі зор. Президенттің мұнысы елді бірлікке, ынтымаққа шақыру. Татулық болған жерде өсу бар. «Ылғи да кейін қайырылып, өткенмен өмір сүруге, бұрынғы жүйеден немесе саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет. Қандай қасіретті болса да, өткен оқиғалардан, ең алдымен, тағылым ала білген жөн. Біз келешекке сеніммен көз тігіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуын ойлауымыз қажет», – деді Тоқаев. Ел ертеңін ойлаған кез келген азамат Президент ұстанымын жалғастыруы керек. Сонда ғана Әділетті Қазақстанның келешегі жарқын болмақ.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
12.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 199
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1070
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1109
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1090

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6083
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7723