Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты 1964 жылы профессор, композитор, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың тікелей қатысуымен құрылған еді. Мектептің негізгі мақсат-мұраты – Қазақстан Республикасының шалғай өңірлерінен келген дарынды балаларға қазақ тілінде классикалық музыкалық білім беру болатын. Білім алушылардың жалпы саны 400- ден астам. Мамандықтары: Арнайы фортепиано, Ішекті аспаптар (скрипка, альт, виолончель, контрабас); Үрмелі және ұрмалы аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, мүйіз, керней, тромбон, туба, саксофон және ұрмалы аспаптар); Халық аспаптары (домбыра, домбыра-прима, қобыз-прима, қыл қобыз, баян); Хор дирижері; Теория және композиция бөлімдері бар. Бұл осы аталған бөлімдердегі оқушылардың 2024-2025 жылғы жетістіктері.
Аталған мектеп-интернат балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты» РММ білім алушылары ағымдағы 2024 жылы көптеген шығармашылық, пәндік және ғылыми-танымдық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып, көмтеген жүлделі орындарға ие болды. Барлығы 227 лауреат.Оның ішінде: Халықаралық байқау лауреаттары – 123; - Республикалық байқау лауреаттары – 104.
Халықаралық байқаулардың шоқтығы биіктерін атап кетелік: Бетховен атындағы ХІХ Халықаралық скрипкашылар (Аустрия), ІІІ Халықаралық «OBON» жас орындаушылар (Қырғызстан), Халықаралық «Stars of Rotary» (Алматы), Аида Ысқақоваға арналған халықаралық пианистер, IV Халықаралық «Зимняя фантазия», THE YOUTH MECMA халықаралық ФЕСТИВАЛЬ (БАӘ), IX «Eurasia piano forum», Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар (Алматы), Халықаралық қобызшылар чемпионаты (Алматы қ.), «Астана-Мерей» Халықаралық байқауы (Астана), Вячеслав Узбеков атындағы Халықаралық камералық музыка (Астана), «Санкт-Петербург әлемдік музыкалық мәдениет айнасында» Халықаралық (Ресей), «Trophee Mondial» аккордеон және аккордеон аспаптарында орындаушылардың Халықаралық байқаулары (Франция) және Халықаралық қобызшылар чемпионаты (Алматы қ.),
Республикалық – XII Республикалық жас орындаушылар (Алматы қ.), V Республикалық «Отанның әні», «Astana wind Fest» үрмелі және соқпалы аспаптардың Республикалық (Павлодар), Astana Piano Passion II Республикалық пианистер (Астана қ.), «Dialogue of cultures-2024» II Республикалық байқауларының орындаушылары (Алматы қ.).
2024 жыл – Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты үшін мерейтойлық жыл болды. (Тізімі қосымша тіркелді). Мектептің «Тағылым мен өнер» атты 60 жылдық мерейтойына байланысты түрлі жобалар жүзеге асты:. Zhubanoffest-2024» I Халықаралық заманауи музыка фестивалі;. 9 елдің өнер өкілдері, оның ішінде атақты музыканттар, оқытушылар мен зерттеушілердің қатысуымен «А. Жұбановтың шығармашылығыжәне қазіргі заманға жеткен мұралары»; «Ұлттық музыка өнері мен білім берудің өзекті мәселелері»; «Өткен дәуір мен қазіргі заман музыкасының байланысын жаңа технологиялар мен оларды қолдану мүмкіндігі арқылы жаңғырту» атты 3-секциядан құралған «XXІ ғасырдағы музыкалық мәдениетіндегі тұлға-тәрбие-шығармашылық» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғыстан, Әзірбайжанның өкілдерінің қатысуымен Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы; «Жеке концерт - Өмір» фильмінің премьерасы; «Ахмет Жұбанов аманаты» мерейтойлық кітабы басылымнан шықты; 2 желтоқсанда өткен мерейтойлық Гала концерт; Мектеп бөлімдерінің концерттері; Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Темір Ткишевтің «Три с половиной октавы длиною в жизнь» атты кітабының тұсаукесері өтті.Профессор, профессорлармен шығармашылық кездесулер: Денис Северин (Швейцария), Ришард Залижевский (Польша), Света Трушка (Италия), Карлес Казес (Испания), Альберто Ригера (Испания), Е. Бирман (Китай) және мектеп оқушыларына арналған арнайы шеберлік-сыныптар: «Шабыт жолдары: скрипка өнері» Мұрат Бисенгалиев (Қазақстан), «Орындаушылық шеберліктің құпиялары: профессор Пальмовтан» Вадим Пальмов (Германия), «Дыбыстың нәзіктігі: эмоциялардан техникаға дейін» Алсу Петренко (Ресей), «Ата-баба әуендері: орындау шеберлігі» Мубариз Алиев (Әзірбайжан), «Жас шеберлерге арналған күй өнері» Арман Жүдебаев (Қазақстан), «Баян: орындаудағы дәстүрлер мен қазіргі заман» Улугбек Исаев (Узбекистан), «Дәстүр шеберлері: халық аспаптары өнері» Гузель Мухаметдинова (Россия) осы сияқты алдағы уақытта жоспарланған конкурстар болатынын мектеп директорымыз Аширов Нұркен Нұрғалиұлы кезекті жиналыста мақтанышпен айтып өтті.
Мектептің атқарып жатқан игі істері сан алуан. 2025 жылғы оқу жылында мектеп-интернат таяуда ғана бастауыш сыныптар арасында кітап оқудан челендждер ұйымдастырылды. Бастауыш пән мұғалімдері Айнұр Джанпейсқызы, Арзан Айтбайқызы, Жұлдыз Мұқанқызы да «Атамұра» баспасының бірнеше кітаптарынан ертегілер мен аңыз әңгімелерді оқушыларға оқып беріп үйретуден жалыққан емес. Мектеп директоры Нұркен Нұрғалиұлы мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Гүлбараш Абжаппарқызының қолдауымен мектептің Жұбан жастары парламентінің оқу-ағарту министрі Ә.Бекештің «Мектепке бір кітап сыйлық» атты акциясын бастап отыр. «Мақсатымыз цифрланған заманда бүкіл әлемді тығырыққа тіреп отырған, не істі бастаса да тез жалығып шыға келетін рухани дерттен дарынды балаларымызды сақтап қалу. Сол себепті де қасиетті қара шаңырағымызда оқушылардың көкірегіне құндылық құйып, жас кезінде тұла бойына даналық дарытып қалу», – дейді мектептің әлеуметтік педагогы Медет Абдуллаев Тарлабекұлы. А.Жұбанов атындағы мектеп ұстаздары мен ата - аналары түгел дерлік жастарымыздың осы бастамасына атсалысып, қолдайды деп үміттенеміз. Мүмкіндігінше «Атамұра» баспасының классикалық әдебиеті мен балаларға арналған аңыз әңгімелері көп болса деген тілегіміз бар.
Сондай-ақ сәуір айының соңында «Таза Қазақстан» атты акциясы аясында А.Жұбанов атындағы мектеп директоры Аширов Нұркен Нұрғалиұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова Жанар Шамшыханқызының қолдауымен және мектеп ұстаздарымен бірге оқушылардың қатысуымен сенбілік өтті. Сенбілікке қатысып бір кісідей атсалысқан музыка пән ұстаздары мен жалпы пән ұстаздары, мектеп интернатының меңгерушісі Бекимова Данагүл Телтайқызы да өз тәрбиешілерімен бірге мектеп ауласына ағаштар мен гүлдер отырғызды.
Ақлима Дотақызы,
Шаргүл Қасымханқызы