ЖЫР ЖАУҺАРЛАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЖЫР ЖАУҺАРЛАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы «Артымда қалсын асыл сөз» жинағын жарыққа шығарды. Аталмыш жинақ халқымыздың асыл мұрасы жыр жауһарларына арналған. Құнды қазынада Қазығұрттың көмулі тарихында қалған Төлеш ақынның еңбектері жинақталған. Елеусіз жылдар мен тағдырлы күнтізбелер тасасынан бүгінге жеткен қолжазбаларды Сақы Арынбекұлы бүгінгі дәуір белесіне табыстап отыр. Ал, көне шығармаларды орталық маманы Аязбек Рүстемов пен Арқалық Әмәлият төте жазудан аударма жасап, жинақтаған. Қолжазбаны бүгінге жеткізген Сақы Арынбекұлы Төлеш ақынмен бір атаның ұрпағы. Ағасы Төлештің мұраларын Сақы өзі көшіріп жазып, оның ұрпағына зияны тимесін, егер замана дауылы шайқаса, желі маған тисін деген себеппен жұртқа өзінікі ретінде таратып келген. Сөйтіп, халық ортасына ел аралап, жиын-тойларда әуен, қиссасымен жария етіп жүрген. Төлеш ақынның мұралары жалпы үлкен екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі дастандар болса, оның түгеліне жуығы діни бағытта, яғни Пайғамбарымыздың дінді насихаттау барысындағы кәпірлермен соғыстары. Сонымен қатар сол кездегі батырлардың ерлігі және түрлі аңыздарды арқау еткен тарихи-әдеби туындылар да қамтылған. Ауылдың тұрмыс-тіршілігі мен сол кездегі совхоз, колхоз өмірімен қоса халықтың жай-күйін суреттеген де бірнеше дастаны бар. Ал екінші бөлігі – өлеңдер. Соның ішінде өсиет, бата, арнау, лирика бар. Бұл Төлеш ақынның және Сақы Арынбекұлының нағыз қалам қуатын көрсеткен, ақын ретінде таныта алатын мұралары деуге болады. Сақы Арынбекұлы мен Төлеш ақын – бір атаның балалары. Жасының кішілігі мен заманының кейіндігі бар Сақы ағасы Төлештің мұраларын өзі көшіріп жазып алған. Оның ұрпағына зияны тимесін, тиер таяғы болса, кәрі аяқ маған тисін деген ізгі ниетпен өзінікі ретінде жұртқа таратып келген. Сол мұра арқылы халық ортасында Сақы Арынбекұлы да ел аралап, жер аралап, той-томалақ, жиын-отырыстың ортасында әуенімен, қиссасымен ел-жұртқа жария етіп отырған. Бұған ақынның шығармалары, қолжазба нұсқалары нақты мысал бола алады. 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281