28 мың орындық мектеп салынады

28 мың орындық  мектеп салынады

Кезекті оқу жылы басталып, оқушылар қайта партаға отырды. Жалпы алғанда, халқы тығыз орналасқан Шымкент қаласында 982 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 415 908 тәрбиеленуші білім алуда. 982 нысанның 611-і балабақша болса, 275-і мектеп. Сонымен қатар, 40 колледж, 31 қосымша білім беру ұйымдары, 25 арнайы мекемелер жұмыс істейді. Аталған 275 мектепте 259 173 оқушы оқитын болса, оның ішінде мемлекеттік 150 мектепте 206 286 шәкірт білім алады, қалған 52 887 оқушы жекеменшік 125 мектептің есігін ашты. 

Білім күніне таяу уақытта өткен дәстүрлі тамыз мәслихатында үшінші мегаполистегі білім саласының тыныс-тіршілігі жан-жақты сараланды. Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева арнайы баяндама жасап, саладағы сан түрлі мәселелерге тоқталып өтті. Айталық, 2023 жылы орын тапшылығын жою мақсатында 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген болатын. Биылғы жылы балаларды 2 жастан бастап мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен 43,6 млрд  теңге қаржы жалпы 71 193 бала санына қаралған. Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Нәтижесінде, 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың 86,6 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса, 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3 пайызы қамтылған. Биылғы жылдың соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде. Сонымен қатар, қыркүйек айында 14, желтоқсан айында 5 балабақша ашылады деп күтілуде.

2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа 26 979 оқушыны қабылдау жоспарланған. Осы жылдың 1-сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін жалпы  25 270 өтініш тіркеліп, 25 201-нің құжаттары қабылданған (99,7%). 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде құрылысы жүргізіліп жатқан «Жайлы мектептер» жайы да осы жиында сөз болды. Ол жайында басқарма басшысы былай дейді: 2024 жылы пайдалануға берілетін 12 «Жайлы мектептің» жаңа оқу жылы қарсаңында ашу жоспарланған 9-ының қызмет көрсету аумақтарын анықтау жұмыстары жүргізіліп, білім басқармасының 1.07.2024 жылғы №296 бұйрығымен бекітілді. Сонымен қатар, басқарманың сайтында жарияланды. Жалпы 9 жайлы мектепке 9300 оқушыны мектептерден ауыстырылып, 13 мектеп 1 ауысымға көшірілетін болады. Сонымен қатар, 12 жайлы мектептердің заңды тұлға ретінде әділет органдарында тіркеліп, кадр резервіндегі 9 кандидат директор лауазымына тағайындалды.

Педагогтердің сапалық құрамына саралау жасаған сала басшысы төмендегі мәліметтерді алға тартады. Қаладағы 159 мемлекеттік мектепте (оның ішінде 9 Жайлы мектеп) 17 738 педагог қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде біліктілік санаты бар педагогтер үлесі – 78 пайыз (13 782). 2024 жылы жалпы біліктілік арттыру курстарынан өтетін педагогтер саны – 8 581. Бүгінгі күнге дейін 3 376 педагог біліктілік арттыру курсынан өтті.

Шымкент қаласында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 38 колледжді құрады. 38 колледжде 47 020 студент білім алды. Оның 23 587-і бюджет шеңберінде мемлекеттік тапсырыс негізінде, 23 433-і ақылы негізде білім алды. Қазіргі уақытта 2024-2025 оқу жылына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау мақсатында 11 500 талапкерді мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау шаралары жүзеге асырылуда. Алдағы 2024-2025 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың есебінен 15 жекеменшік колледжде 51 талапкерді қабылдау жүзеге асырылады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сұранысқа сәйкес 5 мамандық бойынша 75 орын бөлініп отыр. Бүгінгі таңда колледждерге 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау шаралары жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам талапкердің құжаты қабылданды. Қабылдау шарасын жүзеге асыру барысында колледждердің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын қатаң сақтау және құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық жиналыс өткізіліп, тиісті хаттама жолданды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес студенттердің стипендиясын 2 есе ұлғайту көзделген. 22 колледж жатақханасында 2393 студент орналастырылған. Оның ішінде 1 160 орындық 7 мемлекеттік жатақханада 800 студент, 1799 орындық 15 жекеменшік колледждердің жатақханасында 1 593 студент орналастырылған. Студенттердің негізгі контингенті Шымкент қаласының және көлік инфрақұрылымы дамыған іргелес аудандардың тұрғындары болғандықтан, Шымкент қаласының колледж жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі жоқ. 2023 жылы «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі» МКҚК жобалық қуаттылығы 220 орындық жатақхана ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 2023 жылдың қазан айында қолданысқа берілді. «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК-нің 150 орындық жатақхана ғимаратының ішкі жұмыстарын «Берик СтройGroup» ЖШС тарапынан 2024 жылдың 5 маусым мен 15 тамыз күндері аралығында колледждің үнемделген қаражаты есебінен орта ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Сонымен қатар, «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» 1 оқу корпусының жартысын реконструкциядан өткізіп, шалғайлау елді мекендерден келген студенттер үшін 96 орындық жатақхана жағдайы ұйымдастырылуда. Жатақханалардағы орындармен бірінші кезекте колледждерде білім алушы – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балалары, мүгедектігі бар және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар қамтамасыз етіледі.

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша 11 035 бітіруші колледжді аяқтаса, оның  9 246-ы (83,8%) жұмысқа орналасқан. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 13 693 бітіруші колледжді бітірді. 

Шымкент қаласы білім басқармасының қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімінің 2024 жылдың 2 тамыздағы мәліметі бойынша Шымкент қаласы бойынша 867 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр. Оның 725-і отбасы, 142-сі мекеме тәрбиесінде. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына орай 2024 жылдың 13 мамыры мен 5 шілдесі аралығында Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен қала бойынша есепте тұрған, отбасылық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайына шығып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстарының барысында барлық балалармен тиісті мамандар әнгімелесу жұмыстарын жүргізді және балалар тұрып жатқан тұрғын үйдің тұрмыс жағдайы бойынша акт түзіліп, фото, видео түсірілді. Кемшілік анықталған 6 отбасы қатаң түрде бақылауға алынды және кемшілікті жою бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде. 

Биылғы жылы 5 білім беру ұйымдарының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге қаралды. Жалпы алғанда, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған (2000 орындық  8 мектеп, 1500 орындық 2 мектеп, 1200 орындық 7 мектеп, 600 орындық 1 мектеп). 2023 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталып, бұйыртса биыл пайдалануға беріледі. 

2024-2025 оқу жылына қаладағы білім беру мекемелерінен 193 977 дана оқулыққа сұраныс жинақталып, 9 баспамен келісімшарт түзілді. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы қолға алынған-ды. Оның мақсаты – дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және «Жалған орындар» тәуекелдерін азайту, бюджет қаражатының атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету. Пилоттық жобаның операторы болып «Қаржы орталығы» АҚ айқындалды, яғни барлық іс-әрекеттер олардың қатысуымен жүргізіледі.

Ваучерлік қаржыландыруда мектепке дейінгі ұйымдарды таңдау құқығы ата-аналарға беріледі және «Ақша балаға ереді» қағидаты жүзеге асырылады. Бала қай балабақшаға ауысса, қаражат сол балабақшаға ата-ана қатысу парағын растағанда аударылады. Сонымен қатар баланың бір балабақшадан екінші балабақшаға ауысу мәселесі оңайлатылады. Егер бала басқа елді мекенге көшсе, мемлекеттік тапсырыстың күші жойылады. 

Мектептерде түрлі жобалар бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Тәлімгерлік мектептер» жобасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасу үшін жаңадан тағайындалған мектеп директорларының тәлімгерлері ретінде мектеп көшбасшыларының директорларын бекіту көзделеді. Сонымен қатар, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Мобильді мұғалім» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында үздік және озық тәжірибелі педагогтердің сабақтарынан база жасақталуда. Үздік сабақтарға әдіскерлер тарапынан талдау жасалып, жинақталуда. Тәжірибе алмасу мақсатында Әдістемелік орталықтың youtube каналына жүктелуде. Қазіргі таңда жалпы «Мобильді мұғалім» жобасын іске асыру мақсатында үздік педагогтердің 136 сабағы Әдістемелік орталықтың ютуб каналында жинақталды. Ал, «Сапалы білім» жобасының мақсаты – білім алушылардың білім сапасын арттыру, әр оқушының сапалы білім алуына жағдай жасау, пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, командалық жұмыс арқылы педагогтердің уәждемесін арттыру. Жоба аясында мұғалімдер мен мектеп басшыларына нақты әдістемелік көмек көрсетіледі, сондай-ақ сабақтардың сапасын арттыру мақсатында басқа мектептерде сабақ беретін пән мұғалімдеріне қолдау көрсетіледі.

Тамыз конференциясының тұжырымдамасына сәйкес 2024-2025 оқу жылында білім берудегі цифрлық инновациялар және цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Конференция барысында цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелерімен алмасу туралы баяндамалар жасалып, инновациялық жобалар мен цифрлық платформалардың қатысуымен жасанды интеллект, виртуалды шындық, STEM білім және т.б. осы секілді нақты тақырыптарға арналған көрме ұйымдастырылды.

Осыдан бірнеше жылдар бұрын Шымкентте балабақшаға бала орналастыру өте қиын шаруа болатын. Туыла салысымен балабақша кезегіне қойылған баланың кезегі келмей жатып-ақ мектеп жасына жетіп қалатын. Осы қиындықты жекеменшік балабақшалар санын арттыру арқылы еңсерген билік енді мектеп тапшылығына қатысты да осындай жобаларды көптеп қолға алуда. Нәтижесінде үш ауысымда, бір сыныпта 40 балаға дейін оқитын қиындықтар шешімін табуда. Бұйыртса, құрылысы жүргізіліп жатқан «Жайлы мектептер» мен жай мектептер оқушы қабылдар болса, ауыртпалықтың күрт төмендейтіні түсінікті. Білім сапасы жоғары болуы үшін сыныптағы бала санының аз болуы өте маңызды. 

Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы
04.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 30
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 220
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9474
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12710
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11680
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16692