АҚШ-пeн алыс-берісіміз арта түспек

АҚШ-пeн алыс-берісіміз арта түспек

13 маусымда Астанада Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісімінің (TIFA) 15-ші кеңесі өтті. Жиналыста TIFA аясында сауда және инвестициялық қатынастарды кеңейту және әртараптандыру перспективаларын талқылады. Қазақ делегациясын басқарған Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сөз кезегінде қазіргідей күрделі жаһандық өзгерістер тұсында тап болып отырған мәселелер мен басымдықтар туралы тоқталды.

– Өңірдің ең ірі экономикасының бірі және ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстан TIFA платформасының екіжақты ғана емес, сонымен қатар өңірлік сауда қатынастарын нығайтудағы жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Биыл TIFA Орталық Азия аймақтық кеңесінің отырысын өткізу – өңірлік ынтымақтастық пен тұрақтылықтың үдемелі дамуының тағы бір дәлелі, бұл – Батыс пен Шығыстың жаһандық нарықтарын біріктіру арқылы әлемдік экономиканы тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

АҚШ-тың сауда өкілі, елші Кэтрин Тай өз кезегінде TIFA елдері экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді бірге үйлестіру қажеттігін атап өтті.

– Орталық Азия АҚШ үшін өте маңызды экономикалық және стратегиялық серіктес болып қала береді. Біз сондай-ақ климаттың өзгеруін, технологиялық және индустриялық прогрестің салдарымен бетпе-бет келіп отырмыз. Тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін дәстүрлі жеткізу тізбегін дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеу керек. АҚШ сондай-ақ тауар айналымының сапасын арттыруға, автомобильдер мен жартылай өткізгіштер өндірісіне қажетті маңызды металдарды жеткізуге мүдделі, – деп атап өтті Кэтрин Тай.

2004 жылдың маусым айында Вашингтон қаласында қол қойылған бұл келісім АҚШ-пен ОА елдері арасында сауданы кеңейту және шетелдік инвестициялар тарту, сондай-ақ ОА елдері мен Ауғанстан арасындағы сауда қатынастарын орнату шараларын қарастырады. Ресми мекемелердің таратқан мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты сауда 33%-ға өсіп, $4 миллиардтан асқан. 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $1,4 миллиардты құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,3%-ға жоғары ($1,2 млрд) екен. Ресейдің санкциялар астында өмір сүріп жатқандығын ескерсек, бұл көрсеткіштер алдағы уақытта еселене түсеріне сеніміміз мол.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
27.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.07.2024 33
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Ұлбике Әлібекқызы , Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - 30.06.2024 38
"ТАУ САМАЛЫ" ЛАГЕРІНЕ 200 БАЛА АТТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 43
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 23

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1904
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1539
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2666