Ақтау туристік қала бола ала ма?

Ақтау туристік қала бола ала ма?

Туған қала дегенде жүрек жылынып, көз алдыңа таныс көшелер, бала кездің ойнаған алаңдары, ата-ананың даусы мен көршілердің күлкісі келеді.  Ал менің  батыстың баурайында, теңіздің жағасында орналасқан қалада бақытты сәттерім өтуде. Маңайы теңізге, қонысы кең далаға шомған, аспаны ашық, желі серге, тарихи терең  шаһар. Каспийдің жағасында бой көтерген  Ақтау тек қала емес, туристер ағыны мол мекенге айнала ала ма? Таңсәріде теңіз  жағалауында серуендеу, күннің батуын тамашалау  әр адамға тыныштық сыйлары анық. Жағандану заманыңда туризм үшін тек табиғат ғажайыптары жеткіліксіз. Туризмі дамыған өлкеде қала тарихы, қоғам мәдениеті, ұлттық тағам дәстүрі маңызды. Дәл осы Ақтаудағы Каспий теңізі Қазақстандағы туризмның басты орталығы. Аладайда, жағажай мәдениеті, сервис сапасы, жағажай зонасын қорғау секілді стандарттар халықаралық сапаға сай емес екенің көріп отырмыз. Қарапайым тазалық пен қауіпсіздік мәселесінің өзі аяғы ақсап тұр. Ал менің ойымша, мәселенің түп тамыры жүйесіздік те жатыр. Қазақстандағы туризмді дамыту туралы бағдарламалар көп, бірақ олардың көбі қағаз жүзінде ғана іске асып жатқаның көзіміз көріп жүр. Осы орайда Ақтауымның көркеюіне менде үлес қосқым келер еді.

Менің арманымдағы жоба – қаламыздың ашық теңізің шетелдік танымал круиз лайнер жобасымен үйлестіру. Күннің қызғылт сәулесі теңіз толқынына түскенде, лайнердің ақ желкені аспанмен үндесіп, порттан баяу қозғалса қала тыныштық пен сергектіктің жаңа реңін алады. Жағалаудан қозғалған ақ лайнердің қапталында айқын әріптермен жазылған әдемі: «Caspian sea» деген атауы көрінеді. Бұл жай ғана атау емес, бұл – теңіздің атымен бірге туған өлкенің үні, ашық аспан астындағы арманның белгісі. Бұл жоба тек сұлулықпен ғана емес, қолжетімділікпен де құнды болуға тиіс. Криуз тек байлардың ермегі емес, қарапайым жандардың да арманына айналса, жоба шын мәніңде халыққа жақын болар еді. Сонда бұл жоба тек туристер бастамасы емес, адамдарды теңізбен, қаламен, бір-бірімен жақындататын мүмкіндікке айналады. Қолжетімді баға осы арманның шынайы тірегі, халыққа ашылған есігі болмақ. Trade.cruising.org сайтындағы дерекке сүйенсек, круиздер туристерді жыл сайын ондаған миллион адамға дейін (мысалы, 31,7 млн адам 2023 жылы) теңіз бағыттарына тартуда және бұл туристі қызметтерге сұранысты ұлғайтты. Бұл дегеніміз криуз жобасы қаланы туристер мекеніне айналдыратын керемет мүмкіндік.  Куриз лайнері тек саяхат емес, бұл экономикалық серпіліс, мәдениет пен табиғатты біртұтас ұштастыру. Әр сапар – жаңа әсер, әр келген қонақ қалаға ғашық болады. 

Қорытындылай келе, Ақтау – туристік қала болуға мүмкіндігі бар мекен. Табиғи байлық, тарихи мұра, және тиімді даму стратегиясы үлескен жағдайда, бұл қала болашақта Қазақстанның ғана емес, бүкіл аймақтың туристік інжу-маржанына айналары сөзсіз. Бұл жобадан бөлек Ақтаудың тарихи-мәдени әуелеті де назар аударуға тұрарлық. Маңғыстау өңіріндегі жерасты мешіттері, тарихи ескерткіштері мен киелі орындар – туристік маршруттарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бірақ та одан да маңызды және кепілді жоба бұл круиз лайнер жобасы. Жоба жүзеге асса, Ақтау тек туған қала емес, әлемге ашық, теңізбен үндескен, армандарға жол ашқан, Қазақстанды Еуропа мен байланыстырған шекараға, туристік мекенге айналады.

Аида ӨМІРЗАҚОВА 

11 «Ә» сынып оқушысы,  

Ақтау қаласы 

 

02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25790
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43186
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38988
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43585