Ауданда көңіл көншітерлік көрсеткіштер жетерлік

Ауданда көңіл көншітерлік көрсеткіштер жетерлік

Қырғыздың ақ иық Алатауынан бастау алып, Бетпақдалаға дейін баратын Шу өзені ежелден көршілес жатқан екі елге теңдей құтты қоныс болып келеді. Өзеннің жоғарғы ағысының қызығын қырғыздар көрсе, орта және төменгі жағы қазақ халқының игілігіне жарап тұр. Осы трансшекаралық өзеннің бойында тіршілігін тіктеп, нәпақасын тауып отырған өлкелердің бірі – Шу ауданы.

Жамбыл облысының халқы көп, экономикасы тұрақты, ауыл шаруашылығы дамыған аудандарының бірі саналатын Шу ауданы темір жол саласымен де елге етене жақын, ерекше таныс. Өйткені Шу станциясы еліміздегі ең үлкен тораптық темір жол стансаларының бірі де бірегейі саналады. «Тоғыз жолдың торабында» орналасқан деп дәл осы Шу қаласына қарата айтылса керек.

Шу өңірінің еліміздің тарихында аса зор маңызға ие болуы XV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының, яғни ұлттық мемлекеттігіміздің іргетасының қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. 1465-1466 жылдар қазақ хандығының құрылған кезі ретінде қабылданған. Ал оның туы тігілген жері Шу өзені бойындағы «Қозыбасы» аталатын шоқы еді. Шу өңірі қазақ елінің ұлттық мемлекеттігінің бесігі ғана емес, сондай-ақ қазақ бірлестігінің жаңа сапаға, яғни ұлттық тұтастыққа өтуіне ұйытқы болған аймақ деп айтсақ та артық болмас.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804