«АУЫЛ АМАНАТЫ» – ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА

«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА

Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы Ақтөбе облысында 2022 жылдың аяғында қолға алынған болатын. 

«Ауыл аманаты» жобасының ауқымын кеңейту – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұған дейін Жамбыл облысында жүзеге асырылған пилоттық жоба біздің өңірде сол жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған Ералы Тоғжановтың бастамасымен қолға алынған-ды. 

Ауылшаруашылығы – ел экономикасының жаңа қозғаушы күші болатынын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен еді. Президенттің 2022 жылы жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығы ауылды дамытуға арналған болатын. 

«Президенттің осы тапсырмасына сәйкес алдағы үш жыл ауылдық аумақтарды барынша дамытуға арналады. Ақтөбе Мемлекет басшысының тапсырмасын алғашқылардың бірі болып орындап жатқан өңір екендігін мақтанышпен айта аламын. Халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысатын ауылдар толық скринингтен өткізіліп, әлеуметтік портреті анықталды. Бұл жоба аясында әр аула табыс көзіне айналуы керек», – деген еді жоба іске асырыла бастаған кезде Ералы Тоғжанов. 

Алдымен өңір басшысының тапсырмасы бойынша пилоттық жобаға қатысушы округтерді анықтау мақсатында скрининг жүргізіліп, бірнеше селолық округ пен ауылдар анықталды. Елді мекендердегі нақты жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтушылар саны, әр отбасының табысы айқындалды. Сондай-ақ мал және құс етімен, көкөніспен қамтамасыз етілу деңгейі, дамытуға қажетті өндіріс түрлері белгіленді. 

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруды мақсат еткен жоба бүгінде қатысушыларға жеке қосалқы шаруашылықпен айналысуына, ауылшаруашылығы саласы бойынша шағын бизнес ашуға, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға, өз ауласын табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік беріп отыр. Жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие, тауарлы несиелер берілді. Тұрғындар өз елді мекеніндегі кооперативтерге бірігіп, соның арқасында лизингке қажетті техникалар сатып ала бастады. 

Жалпы алғанда, «Ауыл аманаты» жобасы басталғалы Ақтөбе облысына үш траншпен жалпы көлемі 19,0 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. 

2022 жылдың қараша айында бөлінген 3 млрд теңге қаражат 2023 жылдың шілде айында, ал өткен жылдың ақпан айында бөлінген 3,5 млрд теңге сол жылдың қарашасында толық игерілді. Бұған қосымша былтыр қыркүйек айында 12,5 млрд теңге қаражат бөлінді. 

Жалпы жоба басталғалы, 15,0 млрд теңгеге 2 702 жобаның құжаты мақұлданып, 2 417 жобаны жүзеге асыру үшін 13,1 млрд теңге көлемінде несие берілді. Тұрғындар бұл қаражатты мал, өсімді, құс шаруашылығымен айналысуға, шағын бизнес бастау үшін алды. Мәселен, мал шаруашылығымен айналысамен деген тұрғындардың  559 жобасына – 3,9 млрд теңге, өсімдік шаруашылығын қолға алғандардың 235 жобасына – 1,2 млрд теңге, құс шаруашылығымен айналысқысы келетіндердің 594 жобасына 2,3 млрд теңге көлемінде несие берілді. Сонымен бірге шағын бизнес бағытындағы 1029 жобаға 5,7 млрд теңге несие берілді. 

Бүгінде тұрғындар алған қаражаттарын тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін дамытып отыр. Мәселен, несиелеу нәтижесінде 257,2 мың құс, 862,0 тонна ет, 600,7 мың дана жұмыртқа алынды.

Өсімдік шаруашылығында, 114,5 га жерге картоп егіліп, 1404 тонна өнім, 215,3 га жерден 2540 тонна көкөніс өнімдері алынды және 13 385 мың шаршы метрге 100 жылыжай салынды.

Шағын бизнес бағытында 1 029 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде қайта өңдеуге жататын 182 сүт өңдеу, 88 ет өңдеу, 162 наубайхана және кондитер өнімдері өндірісі бар.

Сонымен қатар 51 бордақылау алаңы, 19 құрылыс материалдары өндірісі, 72 тігін, 110 монша, 108 көлік жөндеу, 10 балық шаруашылығы және ауылға қажетті 227 бизнестің өзге де түрлері іске асырылып, нәтижелі жұмыс істеп жатыр. 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған 432 мүшесі бар 71 кооператив 839,3 млн теңгеге 45 несие алды. Құрылған кооперативтердің 18-і –  өсімдік шаруашылығы, 32-сі –  мал шаруашылығы, 21-і аралас бағытта жұмыстар атқарады.

Кооператив құрудағы басты мақсат – кооператив мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру, практикалық көмек көрсету (жер жырту, шөп дайындау, егіс жұмыстары, ветеринариялық және агрономиялық сүйемелдеу жүргізу), ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарымен қамтамасыз ету, жылыжай, құс балапандарын сатып алуға көмек беру, өндірілген өнімді нарықта өткізу.

Жобаға қатысушылар тарапынан өндірілген өнімдерді өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында әр ауданға арналған тегін сату нүктелері ұсынылды. Сервистік-өткізу кооперативтеріне сауда нүктелерін орнатуға Ақтөбе қаласынан жер телімдері беріледі.

Сондай-ақ жоба аясында 74 ауылда сүт өңдеу цехі, 45 ауылда ет өңдеу цехі ашылып, ауыл тұрғындары өнімдерін өткізуге мүмкіндік алып отыр. 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында енгізілген тауарлық несиелеудің мақсаты – кепілге қоятын мүлкі жоқ, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау. Бүгінде 209 шаруашылықтың қолдауымен 339 отбасына 4 804 бас мал берілді. Оның ішінде, 1 120 бас сиыр (720 төл), 3 484 бас қой (3 484 төл), 194 бас жылқы (92 төл)  және  6 бас түйе берілді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз.

Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 126
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 185
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 120
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 110
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 110
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 84

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4798
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4248
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5207
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6409