Бәсекеге қабілеттілік жоғары

Бәсекеге  қабілеттілік жоғары

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың айтуынша, индустриалды аймақтардағы кәсіпорындардың кең қанат жаюы қала экономикасының дамуына зор үлес қосуда. Шын мәнінде индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады. Себебі өндірістік аймақтарда өнімдер өндіріліп, сол шығарылған тауардан түскен пайда мегаполистің бюджетіне салықтық түсімдер әкеледі. Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табады.

Ресми дерек бойынша Шымкенттегі индустриалды аймақтарға былтыр жалпы саны 25,6 млрд инвестиция тартылған. Қомақты қаражатқа 9 өндіріс орны бой көтеріп, 431 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен бірге жобаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, өзекті мәселелері анықталып, мемлекеттік қолдау көрсетілді. Мемлкет басшысы Қ.Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі, тиімділігі мен өнімділігінде сапалы өзгерістерді ынталандыруға баса назар аудару қажеттігін айтқан болатын. «Тек осылай ғана біз өңірде және өзіміздің ішкі нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз. Үкімет «Атамекенмен» бірлесіп, бизнесті тікелей, шын мәнісінде бағытсыз қолдау мен субсидиялаудан неғұрлым нарықтық құралдар мен тәсілдерге көшуді көздейтін шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі керек. Осы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауды тапсырамын», – деді Президент.

Шымкенттік кәсіпкерлерге барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде индустриалды аймақтарда кәсіпорындарға үлкен жеңілдіктер жасалуда. Мәселен дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер уческелері ұсынылады. Бизнес өкіліне жобасын жүзеге асыру үшін нағыз керегі осы жер телімі. Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай жер учаскелеріне мемлекет тарапынан инженерлік жүйелерге қосылу нүктелері тартылған.

Ш.Мекенбайұлы, Шымкент
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799