БІЛІМДІ ҰЛТ, САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

БІЛІМДІ ҰЛТ, САПАЛЫ БІЛІМ –  БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Елімізде мектепке дейін және орта білімді дамыту реформалары жыл сайын жаңа қырынан көріне бастады. Бұл қуанарлық жайт. Қай дәуірде де көзі ашық ұлт жаңашылдыққа талпынумен келеді.  Білім беру мазмұнын жаңарту – ата-аналар мен педагогикалық қауымдастықтан жоғары деңгейдегі    ұйымдастыруды, жауапкершілікті, ұтқырлықты, тұтастықты, өзара қолдау мен түсіністікті талап ететін зор міндет және ауыр сынақ. Осы орайда айтқымыз келетіні, жақсы нәтижелерге қарамастан, қазіргі білім беру жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. 

Еліміздегі бүгінгі бала – ертеңгі маман. ХХІ ғасыр жағдайында табысты және бәсекеге қабілетті болу үшін, әр бала, әр азамат еңбек нарығында талап етілуге тиіс. Қазіргі білім беру жүйесі түлекке тек күнделікті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Неғұрлым күрделі мәселелерді шешу үшін классикалық білімнен өзге, балаларда сыни ойлау, шығармашылық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту қажет. Балалардың бойында әуестікті, бастамашылдықты, табандылықты, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени байлықты жетілдіру керек. Осының бәрі классикалық білімдермен қоса, бес күндік оқу аптасына көшуге, үштілділік пен он екі жылдық білім беру арқылы мектептегі білім берудің жаңартылған білім мазмұнына кіргізілген.

2021 жылы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Аталған жобаның шеңберінде зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу секілді мәселелер қарастырылған. 

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 5 тапсырмадан, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқу орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.

Бірінші міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің басшысы Эльдар Түлековтің айтуынша,   ЖАО-мен (жергілікті атқару органдары) бірлесіп 2021-2025 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу мен ашудың қадамдық жоспарын әзірлеген. Оның мәліметінше, 2021 жылы 33,5 мың орынға 442 мектепке дейінгі ұйым ашылған. 3 пен 6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балаларды қамту 99,1%-ға, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 88,9%-ға жеткен. Сондай-ақ, ол «Балаға ақша» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру жолымен мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту жалғасатынын жеткізді.

«Механизм Астана қаласында пилоттық режимде іске асырылуда. 2022 жылы 39 593 орынға 360 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланған. «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертілетін болады. Бала дамуының жаңартылған моделін енгізу басталады», – деді департамент басшысы.

Екінші міндет – Орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA). Ұлттық жоба аясында оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты азайту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады. Ұлттық жоба аясында 12 жылдық оқытуға көшу жоспарлануда. Былтырдан бастап қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру көзделуде. Бұл процесс    конкурстық негізде және жеке ұйымдарда өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал отбасылардың балалары үшін оқушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін «Цифрлық мұғалім» жобасы іске асырыла бастайды. Сонымен қатар, былтырғы жылы қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру басталды.

Үшінші міндет – мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылға қарай 1000 мектеп салу жоспарланған. Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді жою және апатты мектептер үлесін 0,1%-ға дейін қысқарту күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылып, балаларды оқыту үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Сонымен қатар, шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 2021-2025 жылдарға арналған 5000 мектепті жаңғыртудың жол картасы бекітілген. Қазіргі уақытта 1015 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, ол ауызсудың базалық көздерімен, бөлек минималды жабдықталған дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі 85,5%-ды құрайтынын жеткізді. 2022 жылы бұл көрсеткішті 89%-ға жеткізу жоспарланған. Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу нормативін 50 мың балаға 1 ПМПК (Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) есебінен жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 207 ПМПК және 82 ППТК жұмыс істейді. 2025 жылға қарай қосымша 43 ПМПК ашылады. 2022 жылдан бастап даму мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы         психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың 50%-ы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтамасыз етіледі.

Төртінші міндет – қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету. 2025 жылға қарай жастарды қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамту қамтамасыз етіледі. Қамтуды ұлғайту нәтижесінде NEET санатындағы жастар үлесінің төмендеуі күтілуде.

ЖОО ұстаздарының жалақысы өседі — CaspianLife ақпараттық порталы

«2022 жылы жастарды қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 70%-ға жетеді. Колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларын заманауи жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыс жалғастырылады», – деді департамент басшысы Эльдар Түлеков. Бесінші міндет – қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жоғары оқу орындарының халықаралық имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Академиялық артықшылық орталықтары» жобасын іске асыру басталды. Жоба шеңберінде 2025 жылға дейін 20 академиялық артықшылық орталығы (15 өңірлік және 5 педагогикалық жоғары оқу орны) құрылады. Мүдделі мемлекеттік органдармен, ЖАО-мен, ЖОО-мен бірлесіп жол картасы бекітілді.

Сондай-ақ, жобаны іске асыру туралы ереже бекітілді. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес «Академиялық артықшылық орталықтарын» құруға арналған жоғары оқу орындарының тізбесін бекітті. Сонымен қатар, Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша 2 озық өңірлік ЖОО құрылатын болады.

 Айта кетейік, ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады. Ол мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды. Жобаның мақсаты жас ұрпаққа сапалы білім беруді көздейді. Сонымен қатар, ұлттық жобаны іске асыру мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға, мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі әлемнің тез өзгеретіні соншалық, заманауи білім беру өзгерістерді соңынан емес, керісінше, алдын ала болжауы тиіс. Осыған байланысты отандық білім беру жүйесі қайта құруды, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді және заман талабына лайықты азаматтарды даярлауды қолға алуда. Бұл кемел болашақтың жарқын екендігіне нақты дәлел!

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633