«Біз әйел айырбастайтын ұлт емеспіз!»

«Біз әйел айырбастайтын ұлт емеспіз!»

Біздің елде ертеректе бір кісі ғұмыр кешіпті. Алаңғасарлау, кеппелеу, намыссыздау болса керек. «Жүз грамм» десе, жүзі алабұртып кететіні тағы бар екен. Әйелі де жеңілтек болып шығады. Ол кезде «КамАЗ» көлігін көбіне орекеңдер жүргізеді. Ауылға құрылысқа керек-жарақ материалдарды таситын солар. Қаладан келетіндіктен, арақ- шарап кабиналарынан арылмайды. Ауылда қонақүй жоқ. Сондықтан ауылдың шет жағына барып ішетінін ішіп, жейтінін жеп, машинаға қонады. Аузы-бастары сасып жүретін оларды қазақтар үйіне өлсе қондырмайды. Әйел-қыздарын қызғанатыны екі бастан.

Жоғарыда сөз еткен кісі күндерден күндер өткенде «Камазистерге» жақындай бастайды. «Сөздері жарасып», олармен ауылдың іргесінде «гәр-гәрлататынды» шығарады. Күнде той. Рақат! Бірте-бірте «Камазистер» даланы қойып, әлгі кісінің үйінің қасына көліктерін «иіріп» қоятын жағдайға жетеді.

Бір күні бір замандасы «Осы ит не істеп жүр?» – деп үйіне барса, бөлме көк түтін. Бәрі мас. У-шу. Әлгі кісі де мас. Төрде түйенің жарты етіндей дәу орекең әлгінің әйелін құшақтап сүйіп отыр дейді. Намысы қозып кеткен құрдасы: «Ей, ит неме, саған арақты беріп-беріп ана дәу қатыныңды аймалап отыр ғой!» – десе, араққа тойып алған анау: «Құрдастығын істеп отырған түрі ғой. Қайтейін енді, менің әйелім оның әйелі емес пе?» – деген екен тілі күрмеліп.

Ж а з у ш ы Ж ү с і п б е к Қорғасбек а ғ а н ы ң Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық, сені қайтейін?» кітабы бойынша өткізген сыр-сұхбатын көріп отырып, елде болған осы оқиға есіме түсе кеткені. Сұхбаттан ұғынғаным, Әмірхан аға Әуезов шығармашылығын архив арқылы зерттеген. Сол кезде «Абай жолы» романынан «Тобықтының екі жігітінің әйел айырбастау» оқиғасының алынып қалғанын көреді.

Әмірхан Меңдекенің айтуынша, романды талқылау барысында әдебиетіміздің классигі Ғабит Мүсірепов өзі бастап осы оқиғаның басылуына қарсылық білдіреді. «Біз әйел айырбастайтын ұлт емеспіз. Егер бұл жарыққа шықса, қазақ халқының сүйегіне басылған қара таңба!» – дегендей ойлар айтыпты. Сөйтіп, бұл оқиға кітаптан түсіп қалады.

Мені қатты таңдандырғаны, жазушы Әмірхан Меңдекенің «Егер алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаевтар тірі болғанда, бұл «Әйел айырбастау оқиғасын романнан алдырмайтын еді» деген көзқарасы. Тас түйін сенімі.

Бұған сіз не дейсіз, ағайын?

Өздерінің жеңістеріне масаттанған екеудің (Тобықтының жігіттері) Құнанбайды мұқаттық деп, «Әйел айыр - бастай» салуы адамшылықтан, мұсылманшылықтан, ар-ұяттан безіну емес пе?! Өйтіп елдің атағын шығару кімге керек?

Олай болса ұлтым деп отқа түскен алаш қайраткерлері (тірі болғанда) дәстүрде жоқ арсыздықты қолдауы мүмкін бе? Әмірхан Меңдеке неге сүйеніп олай айтты екен, ә?! 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 136
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 17
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 80
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 69
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 53
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 17
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 468
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 436
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 460
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 452
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 450
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 467
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 457
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 650

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9692
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9071
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12305
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10076
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11285