Бүгін Қызылордадағы Құрылтайдан біраз жаңалық жетті. Оны енді қорыту қажет.

Бүгін Қызылордадағы Құрылтайдан біраз жаңалық жетті. Оны енді  қорыту қажет.
1995 жылғы Конституция өз дәуірінде билік бір жерге шоғырланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды. Бірақ отыз жыл ішінде қоғам да, әлем де түбегейлі өзгерді. Тіпті соңғы бес жылдың өзі-ақ көптеген бұрынғы ұстанымдардың өзектілігін қайта қарауға мәжбүр етті.
Қазір ұсынылып отырған реформалар бірнеше бапты түзетумен ғана шектелмейді. Алғашында 40 шақты бапқа өзгеріс енгізу туралы айтылғанымен, кейін бұл бастаманың әлдеқайда ауқымды екені аңғарылды. Яғни әңгіме қолданыстағы конституциялық үлгіні тұтастай қайта ойластыру мүмкіндігі туралы болып отыр.
Бұл процесс президент Тоқаевтың басқару стилін де айқын көрсетеді. Ол әдетте күрт, шұғыл шешімдерге емес, кезең-кезеңімен, жүйелі түрде алға жылжуды таңдайды. Оның либералды-дипломатиялық тәсілі – «дайын шешімді күштеп енгізу» емес, алдымен мәселені ашық айту, қажетті институттарды қалыптастыру және қоғамды кең талқылауға тарту.
Осы тұрғыда Конституциялық комиссияның құрылуы да – аталған тәсілдің көрінісі. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, тәжірибелі заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, өңірлік мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері болады. Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Мұның өзі өзгерістердің бір адамның немесе тар шеңбердің шешімі емес, әртүрлі көзқарастарды тоғыстырып, кәсіби әрі жан-жақты талқылау арқылы пісіп-жетілетінін көрсетеді. Ал соңғы сөзді референдум арқылы халықтың талқысына салу – осы логиканың табиғи жалғасы.
Көтеріліп отырған тақырыптардың өзі заман талабын айқын аңғартады: зайырлы мемлекет қағидаты, цифрландыру, жасанды интеллект, жеке деректерді қорғау. Бұлар абстрактілі ұғымдар емес, қоғам мен мемлекеттің күнделікті өмірінен, нақты сұранысынан туындап отырған мәселелер.
21.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 352

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22526
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22282
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38108
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35864
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39918