Еңбек жолын «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінің редакциясында бастады. Алғашқы өлеңдері де осында жарияланды.
Ақынның алғашқы жыр жинағы 2000 жылы «Адасып жүрген ақбөкен едім» деген атпен жарық көрді. «Пәруана», «У» атты жыр жинақтары бар. Оның «Аққулар», «Қызыл көйлек киген қыз», «Сатушы қыз», «Аузынан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған» атты өлеңдеріне сазгерлер ән жазды.
"Жақсы көрдім мен сені алабөтен,
Бақытымды бақиға ала кетем.
Жақсы жырды жаздырған жанның өзі,
Жығылмайтын жүректің жалауы екен"
С.Томанов.