Білім күні құтты болсын баршаға,
Қамдануда ұл-қыздарым қаншама.
Кейбірінің тұрғылары келмейді,
Үш ай бойы ұйқылары қанса да.
Ақ жейде мен көк костюмы жарасып,
Жолға шықты атқан таңды қарсы ала.
Бала дауысы, ана дауысы естілді,
Қалғып кеткен мектептерге жан сала.
Біздің ертең сумка асынған ұландар,
Білім алғын, биіктегін, шаршама.
Олар еркін өсу үшін алаңсыз,
Тыныш болсын, бейбіт болсын, Халықара.
Жақсылықты жайып салып алдыға,
О, Жаратқан жамандықтан қалқала.
Темекі, арақ, наркотик пен телефон,
Ұрпақтарға тап беруде анталап.
Сақ болмасаң, сақтанбасаң шалады,
Қатері мол әлем болды шартарап.
Көршілерден оқ атылып, қан ақты,
Бірін-бірі шауып жатыр жаңқалап.
Құдай қолдап біздің елді сақтасын,
Қызыр қонсын берекені арқалап.
Ата-әжелер бата жасап шәй ішсін,
Алпыс екі тамырына қан тарап.
Бір Алладан бірлік, бақыт сұраймын,
Жүрегіммен жалынамын әр сағат!...
Әумин!