Егемендікті нығайту және ел ертеңін құру — Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты басымдықтары. Бұл бағыт мемлекеттің тұрақтылығын, экономикалық қуатын және рухани біртұтастығын арттыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда соңғы үш жылда елімізде ғана емес, бүкіл посткеңестік елдерде бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті. “Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, саяси жаңғыртусыз елдің тұрақты ілгерілеуі мүмкін емес. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында жан-жақты саяси реформалардың жүзеге асуы әлемдік қауымдастыққа Қазақстанды аяғына нық тұрған мемлекет және біздің ауызбірлікті біртұтас ұлт екенімізді білдіретін сигнал. Президент Тоқаев Қазақстанның даму, ілгерілеу және реформалар жолын таңдап жатқанын көрсетті. Бұл оның тарихи миссиясы, ел басшысы ретіндегі жауапкершілігі. Реформалардың түпкі мақсаты – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің егемендігін нығайту, демократиялық институттарды нығайту және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру” дейді ол.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым: “Қоғамдық-саяси реформалардың қажеттілігі мен сұраныс артты. 2015-2019 жылдары Қазақстанның экономикалық дамудың шегіне жеткені рас.
Ол кезге дейін өсуді қамтамасыз ететін әлеуетіміз болмады. Халық саны 5 миллионға өсті, бірақ бізде осы 5 миллион азаматты бойына сіңіріп, әлеуметтік жеңілдіктер жасай алатын экономика болмады. Қалай болғанда да, біз әлеуметтік-саяси реформаларға келер едік. Сол кездің өзінде-ақ "Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" кейбір институттары іске қосылды, олардың міндеттеріне үкіметті, оның органдарын болатын өзгерістерге дайындау, түзету кірді, - дейді А. Сарым.
Сарапшылар Қазақстанның егемендігін нығайтуды қазіргі таңдағы басты стратегиялық міндет деп санайды. Бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше негізгі салаларды қамтиды. Олар экономикалық дербестік пен әлеует. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, егемендікті нығайтудың негізі — экономиканы нығайту, елдің экономикалық әлеуетін арттыру. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға және мемлекеттің сыртқы әсерлерге төзімділігін арттыруға бағытталған. Сарапшылар соңғы жылдары жүзеге асырылған саяси реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Олардың мақсаты — әділетті мемлекет пен құқық үстемдігін құру, қоғамды топтастыру және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыру. Елдің цифрлық трансформациялануы, жасанды интеллектті дамыту және инфрақұрылымдық дербестік (деректер орталықтары) ұлттық қауіпсіздіктің жаңа элементі ретінде қарастырылуда.
Сарапшылар аумақтық тұтастықты сақтау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселелеріне баса назар аударады. Сонымен қатар, ғылыми-гуманитарлық және ғылыми-технологиялық егемендікті нығайту үшін зерттеу рәсімдерін автоматтандыру және академиялық тұжырымдамаларды жаңарту қажеттілігі айтылды.
Сарапшылар бүгінде Қазақстан цифрлық трансформациялану ісінде технологиялық және инфрақұрылымдық секіріс алдында тұрғанын айтады. Мысалы, 2030 жылға қарай деректер орталықтарындағы тұғырлар саны 10 мыңнан асады деп болжанды. Бұл бағытта Қазақстан тек Орталық Азияның емес, ТМД кеңістігінің алпауытына айналуы мүмкін. Бұл тұғырлар жасанды интеллектінің діңгегі саналады. Республика 6G буынындағы ұялы байланыстың жаңа технологияларын енгізе алады. Онда аймақтық державаға айналары сөзсіз. Бірақ оған дейін көп іс тындырып, бұрыннан қордаланған мәселелерді шешуі қажет.
Қазақстандағы егемендікті нығайту – экономикалық тұрақтылықты, демократиялық институттарды және әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін стратегиялық мақсат. Бұл процесс саяси реформалар, цифрлық трансформация және ел дамуындағы кедергілерді жою арқылы жүзеге асырылуда. Еліміздің егемендігін нығайтудың негізгі бағыттарына экономикалық егемендікте жатады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтудың басты кепілі — экономикалық қуаттылықты арттыру. Сондай-ақ саяси реформаларды жүзеге асырып, демократиялық институттарды жетілдіру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және елдің саяси тұрақтылығын сақтауда осы бағыттағы басты ұстанымдардың бірі.
Нағашыбай Қабылбек















