Ел аманаты – ең зор жауапкершілік

Ел аманаты – ең зор жауапкершілік

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «AMANAT» партиясы, «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен   «Qazaqstan dauiri» газетінің «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» атты  экспедициясы Жамбыл облысында

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті өзінің дәстүрлі экспедициясымен Жамбыл облысындағы кезекті ауданында болды. Бұл жолы газеттің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «AMANAT» партиясымен бірлескен «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» арнайы экспедициясы аясындағы Жамбыл облысындағы кездесулер Жамбыл ауданында жалғасын тауып отыр. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ел Ана» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының директоры Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында Жамбыл ауданына аялдап, бірқатар білім беру мекемелерінде ұстаздар қауымымен жүздесті. Алдымен Сәуле Мешітбайқызы аудан әкімдігінде болып, аудан әкімінің орынбасарлары Олжас Баққараев, Ербол Жиенқұлов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мадияр Сәмбетов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев және бірқатар бөлім басшыларымен жүздесіп, ауданның бүгінгі ахуалымен, ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сәуле Мешітбайқызы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты және «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясының биыл «Ел аманаты: «Ауыл – ел бесігі» деген атаумен жалғасын тапқанын айтты. Аудан халқына, ауданда атқарылып жатқан игі істерге, ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ризашылығын білдірді. Бұдан кейін Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында және «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығының ұжымымен кездесті.


Кездесу барысында: 

– Мен де өздеріңіздей ұстаздық еткенмін. Кезінде оқушыларымыз бізді тыңдайтын. Ата-аналары «еті сенікі, сүйегі менікі» деді. Оқушылар ұстаз болуды мақтаныш көретін, армандайтын. Біздің сөмкемізді ұстап, жанымызда жүру олар үшін үлкен мәртебе-тұғын. Ал қазір жабдықталған бөлмелеріңіз бен интерактивті тақталарыңызды көріп, қатты қызығамын. Бірақ ата-аналардың әлеуметтік желідегі мектепке, мұғалімге қатысты әңгімесін оқысам, шошимын. Бүгінгі ата-аналардың өзін тәрбиелеу керек. Ауылда қайта қаймағы бұзыла қоймаған қазақы тәрбие қалған. Ал қалалардағы кейбір ата-аналардың бойынан иман кеткен. Мұғалімді баласымен бірге жұлып жейін деп тұр. Осындайда мен сіздерді қатты аяймын, – деген Сәуле Мешітбайқызы мұның бәрі ұлттық құндылықтың жоғала бастауынан деген ойымен бөлісті. Ал бұл келеңсіздіктің артында смартфон деген бәле тұр. Сондықтан бүгінгі балаларды «тәрбиелеп» жатқан смартфон, интернет деген заманның озық дүниелері ұрпақтың тоз-тозын шығармау үшін осы бастан кітап-журнал оқуға қайта қамдану керектігі баса айтылды. Телефонға тәуелділікті азайтудың басты жолы – баланың бос уақыты болмауы. Яғни сабақ уақытынан тыс қосымша дәрістер мен тілді дамытатын курстар, қызығушылығына қарай баланы дамытатын орталықтарға, кітап, журнал, газет оқу арқылы бала болашағын жарқын етуге болатынын біреу білсе, біреу білмейтіні өкінішті. Сонымен қатар бұл жиында  «Qazaqstan dauiri» газеті редакциясының бастамасымен жарыққа шыққан «Намыс қайрағы», «Ұлт шырағы» атты жаңа кітаптарды тарту етіп, «Мөлдір бұлақ» журналының тұрақты оқырмандарына журналдың жаңа санын сыйға тартты.

 

2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылға 2 тіректі 7 спутниктік елді мекеннен 15 жоба іске асырылуда, жалпы сомасы – 1 425,7 млн теңге (оның 3 жобасы облыстық басқармалар арқылы (295,2 млн),                                       

12 жоба аудандық бөлім және а/о арқылы қаржыландырылуда (1 133 млн).

Атап айтқанда, 

- Қаракемер ауылында 25 орынға арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді                 (192,6 млн). 

- Қызылқайнар (59,4 млн) және Айшабибі (43,1 млн) ауылдарында дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

- Жұма (1 жол – 58,4 млн) және Жасөркен (6 жол – 248,5 млн) ауылы. 7 ауыл ішілік жолдары жөнделуде. Қазіргі таңда Жұма ауылындағы Көктөбе көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал, Жасөркен ауылында 7 жолдың (Талас, Абдуллаев, Терлікбаев, Қазақстанға  10 жыл көшесі, Жасөркен, Тұралиев) жөндеу жұмыстары аяқталып, ауызсу құбырының люктары жөнделуде.

-  5 елді мекеннен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде (бөлінген қаржы 2022 ж. – 826 млн, 2023 ж. – 721 млн.). (Айшабибі, Пригиродное, Гродиково, Өрнек, Қаракемер). 

Бұл 5 жоба 2023 жылға өтпелі нысандар.

 

Қаракемер ауылында

Қаракемер ауылын ауызсумен қамтамасыз ету жобасы бойынша ағымдағы жылдың 11 қазанында «Таразстрой 2004» ЖШС-мен келісімшарт жасалды (11.10.2022 жылғы №60 келісімшарт).  Келісімшарт құны – 504 млн 548 мың теңге. Келісімшартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Бүгінгі күнге 300 млн 364 мың теңге (республикалық бюджеттен – 283 714,5 мың теңге, облыстық бюджеттен – 16 650,1 мың теңге) мердігер мекемеге төленіп, жұмыстың 70 %-ы орындалды. Жұмыс қарқынды түрде жалғасуда.

Су құбырының жалпы ұзындығы – 19,2 шақырым.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының Қаракемер ауылдық округінде іске асыру бойынша мәлімет

Қаракемер ауылдық округінде 450 аула тіркелген (халық саны – 2 641), оның ішінде Қаракемер ауылы – 296 аула (халық саны – 1785), Құмтиын ауылы – 138 аула (халық саны – 769), Сеңгірбай ауылы – 16 аула (халық саны – 87).

Жалпы жоспар саны – 164 (575 336  825 теңге). 

Бүгінгі күнде 121 құжат – 836,7 млн теңгеге (74,7%) «Тараз» ӘКК» АҚ тапсырылды. (120 құжат – мал шаруашылығы, 1 құжат наубайхана – 7,6 млн теңге) 

 

І бағыт. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану

450 ауланың 432 ауласы қамтылады, 59,5 га, 95%.18 ауланың үй іргесіндегі жерлерін игерудің тиімсіздігі анықталды.

Айналымға жалпы қажет қаражат – 4,687 млн теңге, қызанақ – 2,1 га, қарбыз – 1,1 га, қияр – 1,7 га. Пияз – 1,9 га

2 – жылыжай салыну жоспарлануда.

Атап айтқанда: 

1. Джапанов Айдос (5 млн) 

2. Исмаилов Қуаныш (5 млн) 

 

ІІ бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану

Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалануға 157 аулаға   2 970 бас мал алу үшін 368,5 млн теңге қажет. 

(250 сауынды сиыр (87,5 млн теңге), 100 етті МІҚ мал (25 млн теңге, 2200 қой (88 млн теңге), 420  жылқы (168 млн теңге).

 

ІІІ бағыт. Тұрғындардың аула сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану

Құмтиын ауылында «Ырыс Н.Б.К.» АШК-ы барлық саланы қамту бағытымен құрылды. Ауыл сыртындағы жерді АШК-і арқылы Қаракемер, Құмтиын және Сеңгірбай елді мекендерінің аумағындағы 65 шаруа қожалықтың жалпы жер көлемі 2 252 га жерін игереді (оның ішінде 511 суармалы егістік, 241 га суарылмайтын багара жер, 1500 га жайылым жер) оның ішінде:

Ауыл сыртындағы жерлерге 2023 жылдың өніміне 535 га арпа, 96 га бидай, 24 га жүгері, 97 га жоңышқа дақылдарын орналастыру үшін айналым қаражатына 21,557 млн теңге несие алу жоспарланған.

 

IV бағыт. Кооперативтерді жабдықтау немесе құру 

«Ырыс Н.Б.К.» АШК ауыл сыртындағы егістік алқапты тиімді пайдалану үшін 79 млн 300 мың теңгеге «Тараз» микроқаржылық ұйымына 10 ауылшаруашылық техникалар алуға өтінім берілді. 

1) Трактор LOVOLT 904 – 14,8 млн тг; 

2) Трактор LOVOLT 904 – 14,8 млн тг; 

3) Трактор LOVOLT 1304 – 22 млн тг; 

4) соқа ПЛН-3-3,5 – 1,3 млн тг; 

5) бүріккіш ОП-2500-18 – 5,2 млн тг; 

6) дән сепкіш СУ-6М – 4 млн тг; 

7) фреза мех.210Саlrtm210 – 2 млн тг; 

8) трактор тіркемесі 2ПТС 4,5 – 5 млн тг; 

9) шөп тайлағыш Тукан – 6,2 млн тг; 

10) КУН-0,8 – 4 млн тг.

(«Ақ жол» шаруа қожалығының иелігінде бір 500 тонналық және сол маңдағы шаруашылықтарға күрделі жөндеуді қажет ететін төрт 500 тонналық силос бастыруға арналған арнайы шұңқырлар бар)

 

V бағыт. Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларын қаржыландыру

15,2 млн теңгеге 3 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Жем өңдеу цехы – 4 млн теңге (Қ.Жақыпбеков)

Наубайхана – 7,6 млн теңге. (Ж.Бекниязов)

Эко шикин – 7 млн теңге. 

 

Рауан МУТАИР
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 46
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 577
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 691
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 606
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 615

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8751
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8151
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11380
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9134
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10364