Қазақ халқы үлкенге құрмет көрсетуді тәрбиенің негізі деп біліп, ақсақалдың керек-жарағын әзірлеп, оның қызметіне жарап, батасын алуды ерекше құрмет тұтқаны белгілі. Бұл бізге қанмен келген қасиет десек, артық айтқандығымыз емес. Иә, «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген. Тәуелсіз еліміздің осыншалықты дамып, әлем елдері арасынан өзінің орнын белгілеп, дамыған 50 елдің қатарына енуге талпынысы кешегі өткен бабаларымыз бен бүгін де елдің ортасында жүрген алдыңғы буын ағаларымыздың еңбектері еселі. Осынау елдің тыныштығы мен тұтастығының, бірлігі мен берекесінің сақталуына ардагерлеріміз өз үлестерін қоса береді деп сенеміз. Осы орайда ел ағаларының, ел ақсақалдарының бір тобының «Qazaqstan dauiri» газетіне жазылуға қолдау көрсету жөнінде дүйім қазақ жұртына үндеуін жариялап отырмыз.
Құрметті Қазақ елі!
Рух майданындағы «Қара шаңырақ» пен «Qazaqstan dauiri»
газетінің айбынын асырайық, қолдау көрсетейік!
Біз, Астана қаласының ақсақалдар қауымы – «Елорда билер кеңесі» ҚБ, «Тарихи атажұрт ҚБ мүшелері», әр өңірдегі «Ардагерлер кеңесі» т.б. елге сыйлы, аталы сөз айта алатын ел ағалары бүгінгі ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесіне және қоғамдағы кейбір жастарымыздың өзгелерге еліктеймін деп, ұлттық болмысынан айырылып, ұлт құндылығынан безіп, ана тілін ұмытып, діні мен ділінен ажырап, жаттың мәдениетін үлгі тұтып, азғындап бара жатқанына қатты алаңдаймыз. Шынын айту керек, күні кешеге дейін діни жат ағым өкілдерінің әрекеті жабулы қазан күйінде қалып келді. «Қаңтар қасіретінің» туындауына бірден-бір себепкер болған – енжарлығымыз. Бұл аты шулы оқиға халқымыздың қабырғасын қайыстырып, елімізді дүрліктіріп, мемлекет тыныштығын бұзды. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қанша ана зарлап қалды...
Бұл рухани азғындықтың ауыр салдары өскелең ұрпақ тәрбиесіне жіті қарау керектігімізді ұқтырды. Бұл қанды оқиға ұрпағының болашағына, елінің ертеңіне алаңдайтын аға буынның барлығына ой салғаны анық.
Біз кім болдық? Кімге айналдық? Ел егемендігін алғанына 30 жыл өтсе де, біз ұлтты ұйыстыратын, жастарға үлгі-өнеге болатын Ұлттық идеологияны қалыптастыра алмадық. Тіпті атадан балаға мұра болған бабалар аманатына қиянат жасап, өткенімізге қолымызды бір сілтеп, қолда бардан айырылып, ұрпақаралық сабақтастықты жоғалттық. Ниетіміз тарылып, пиғылымыз бұзылды. Берекеміз қашып, бірлігімізге сына қағылды. Елдік деңгейден ойлаудан қалып, рулық, тайпалық тар шеңберден шыға алмай жүрміз. 30 жыл ішінде жалған ұраншылдық, даңғазалық, науқаншылық белең алды. Аты дардай, ісі жұрдай елімізде мыңдаған мекемелер, орталықтар, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық институттар осы күнге дейін мемлекеттің қазынасын оңды-солды шашып, халыққа пайдасы тиетіндей нәтижелі жұмыс атқарған жоқ. Жүгенсіздікке бой алдырып, жауапкершілікті сезінбей, немқұрайлылыққа етіміз үйренгені соншалықты – ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөле алмадық. Біз «болары болып, бояуы сіңгенмен» күресіп, болмашыға малданып жүрміз. Ал бұл «ушығып кеткен» рухани кеселді емдемейді де, алдын да алмайды. Мұндай ұлттың тамырына балта шабатын әрекеттерді бүгін тоқтатпасақ, ертеңгі ұрпақ біз жіберген қателікті кешірмейді.
Осы тұрғыда бізге өткенімізді дұрыстап саралап, салқын ақылмен, салиқалы сабырмен жіберген қателіктерімізді мойындап, Қазақстанның жаңа кезеңінде ұлттық рухымызды тірілтіп, өшкенімізді қайта жағып, қазақтың өзіне тән ұлттық болмысын қайтаруымыз керек. Ол үшін қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығын сақтайтын, Қазақстан халқын ұйыстыратын ұлттық идеология қажет. Себебі мемлекет ұлтты қалыптастырмайды, ұлт мемлекетті қалыптастырады. Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ ұлтының заманауи бейнесін қалыптастырып, қазақ отбасының озық моделін жасап, отбасы институтының мәртебесін көтерсек, бүгінгі қоғамның дертіне айналған өзекті көп мәселелердің түйіні шешіліп, өскелең ұрпаққа, жастарға рухани-өнегелік тәрбие беріліп, «Жаңа Қазақстанда» еліміздің өркендері сөзсіз. Сонда ғана киелі қазақ жеріне тағдырдың айдауымен келген халықтарға құшағын жайып, соңғы нанын бөліп берген қонақжай, мейірбан, дарқан мінезді қазақ халқын елімізде тұрып жатқан 130-дан астам түрлі этнос өкілдері жаңа қырынан танып, ұлт тарихына, тіліне, діліне, мәдениетіне құрметпен қарап, өздеріне үлгі-өнеге алады. Нәтижесінде «Бір ел – бір тіл» идеясының аясында барша Қазақстан халқы қазақтың қасиетті қара шаңырағының астына жиналып, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мен несібесі артқан біртұтас рухы биік ұлтқа, мықты кемел мемлекетке айналады.
Осы кезде қазақтың мұңын мұңдап, жоғын түгендейтін ұлттық жобалар қажет-ақ. Біз бірнеше жылдан бері балабақшалар мен білім ордаларына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп «Ертегі – ел ертеңі» жобасы аясында ертегі оқып, «Ұрпақ. Құндылық. Болашақ» тақырыбында дәріс беріп, «Жас Отау» жобасы аясында отбасы институтының құлдырауының алдын алып, қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын «жұмсақ саясат» арқылы дәріптеп, қолдану аясын халықаралық деңгейге шығару мақсатында «QAZAQ alemi» орталығын, қоғамдағы ең өзекті тақырыпты қозғайтын «Ана алақаны» жобасы, ел ертеңі болар өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ұлт тарихына, ата жұртына, ата тегіне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятатын «Сарыжайлау» этноауылын іске асырып жатқан Тұрар Сәттарқызы, Алтынай Тәңірберген сынды қазақтың аналары бастаған «Қара шаңырақ» атты ұлттық тәрбие беру мектебінің атқарып жатқан жұмысына сүйсіндік, қуандық, көңіліміз толды. «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру жобасы 2019 жылы Сарыарқа ауданы әкімінің қолдауымен жарыққа шығып, содан бері талай тәрбиелік мәні зор, игі істер атқарғандығына куәміз. Үлкенді-кішілі жұмыстарын айтпағанда, маусым айында Елорда жұртшылығын дүр сілкіндірген, баһадүр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі этнограф жазушы Зейнеп Ахметованың Елордамызда тұңғыш рет, осындай үлкен деңгейдегі рухани кездесуінің өтуіне мұрындық болды және ұйымдастырып өткізді. Екі күн бойы рухани азыққа сусап қалған 2 мыңға жуық қала жұртшылығы, қонақтар, «Үркер» тұрғын үй алабының тұрғындары кездесуге жиналды.
Осы тұрғыда бізге өткенімізді дұрыстап саралап, салқын ақылмен, салиқалы сабырмен жіберген қателіктерімізді мойындап, Қазақстанның жаңа кезеңінде ұлттық рухымызды тірілтіп, өшкенімізді қайта жағып, қазақтың өзіне тән ұлттық болмысын қайтаруымыз керек. Ол үшін қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығын сақтайтын, Қазақстан халқын ұйыстыратын ұлттық идеология қажет. Себебі мемлекет ұлтты қалыптастырмайды, ұлт мемлекетті қалыптастырады. Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ ұлтының заманауи бейнесін қалыптастырып, қазақ отбасының озық моделін жасап, отбасы институтының мәртебесін көтерсек, бүгінгі қоғамның дертіне айналған өзекті көп мәселелердің түйіні шешіліп, өскелең ұрпаққа, жастарға рухани-өнегелік тәрбие беріліп, «Жаңа Қазақстанда» еліміздің өркендері сөзсіз. Сонда ғана киелі қазақ жеріне тағдырдың айдауымен келген халықтарға құшағын жайып, соңғы нанын бөліп берген қонақжай, мейірбан, дарқан мінезді қазақ халқын елімізде тұрып жатқан 130-дан астам түрлі этнос өкілдері жаңа қырынан танып, ұлт тарихына, тіліне, діліне, мәдениетіне құрметпен қарап, өздеріне үлгі-өнеге алады. Нәтижесінде «Бір ел – бір тіл» идеясының аясында барша Қазақстан халқы қазақтың қасиетті қара шаңырағының астына жиналып, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мен несібесі артқан біртұтас, рухы биік ұлтқа, мықты кемел мемлекетке айналады.
Осы кезде қазақтың мұңын мұңдап, жоғын түгендейтін ұлттық жобалар қажет-ақ. Біз бірнеше жылдан бері балабақшалар мен білім ордаларына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп «Ертегі – ел ертеңі» жобасы аясында ертегі оқып, «Ұрпақ. Құндылық. Болашақ» тақырыбында дәріс беріп, «Жас Отау» жобасы аясында отбасы институтының құлдырауының алдын алып, қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын «жұмсақ саясат» арқылы дәріптеп, қолдану аясын халықаралық деңгейге шығару мақсатында «QAZAQ alemi» орталығын, қоғамдағы ең өзекті тақырыпты қозғайтын «Ана алақаны» жобасы, ел ертеңі болар өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ұлт тарихына, ата жұртына, ата тегіне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятатын «Сарыжайлау» этноауылын іске асырып жатқан Тұрар Сәттарқызы, Алтынай Тәңірберген сынды қазақтың аналары бастаған «Қара шаңырақ» атты ұлттық тәрбие беру мектебінің атқарып жатқан жұмысына сүйсіндік, қуандық, көңіліміз толды. «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру жобасы 2019 жылы Сарыарқа ауданы әкімінің қолдауымен жарыққа шығып, содан бері талай тәрбиелік мәні зор, игі істер атқарғандығына куәміз. Үлкенді-кішілі жұмыстарын айтпағанда, маусым айында елорда жұртшылығын дүр сілкіндірген, баһадүр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі этнограф жазушы Зейнеп Ахметованың елордамызда тұңғыш рет, осындай үлкен деңгейдегі рухани кездесуінің өтуіне мұрындық болды және ұйымдастырып өткізді. Екі күн бойы рухани азыққа сусап қалған 2 мыңға жуық қала жұртшылығы, қонақтар, «Үркер» тұрғын үй алабының тұрғындары кездесуге жиналды.
Және ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойған, ұлттық таным мен тағылымды биік ұстаған, керек жерінде Президенттің өзіне дат айтудан қаймықпаған, ащы сыни мақалаларымен көптің көңілінен шыққан «Qazaqstan dauiri» басылымына да айтар алғысымыз шексіз. Газет ұжымының тіл мен діл мәселесіндегі өткір көзқарастарына, руханиятқа деген адалдықтарына тәнтіміз. Жыл сайын ел мен жерді аралап, арнайы экспедициямен шалғайдағы ағайынның жоғын түгендеп, барын асқақтатып жүруінің өзі үлкен айбын, келешек ұрпаққа деген шынайы тәлім деп білеміз. Осындай басылымдарға халық көбірек жазылып, ұлт руханиятына үлес қосса, нұр үстіне нұр болар еді. Осы орайда «Qazaqstan dauiri» газетінің бас директоры, «Еланасы» Сәуле Мешітбайқызының қажыры мен қайратына, батыл ұстанымына, ұрпақты қайрайтын тағылымды мақалаларын ел сүйсініп оқып жүргені тағы шындық. Елге қызмет, ұлтқа адалдық осындай-ақ болар, ағайын...
Идeологияға жауапты құзырлы мекемелердің атқаратын жұмысын «Қара шаңырақ» атты ұлттық тәрбие беру мектебінің ұлтын шын сүйетін, нағыз жанашыр, рухты қыз-келіншектері мен «Qazaqstan dauiri» газеті секілді турашыл басылымдар кеңінен атқарып жатыр. Олар атан түйе көтере алмайтын ауыр жүкті – бабалар аманатын иықтарына артып, ұрпақ болашағы үшін ешкімнен атақ-марапат күтпей, жанкештілікпен еңбек етіп жүр.
Мың өліп, мың тірілген қазақ жаңа кезеңге бастау алды. Халық биліктен ұлт болашағына оң ықпал ететін нақты әрекеттерді, батыл шешімдерді күтеді. Сондықтан Қазақстанның жаңа кезеңіне нағыз Ұлттық жаңғыруды нақты іске асырып жүрген, қазақтың иісі аңқып тұрған «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі сияқты ұлттық жобалар ауадай қажет. Сонымен қатар ұлттың үн жариясы бола білген, тәуелсіздікпен түйдей құрдас «Qazaqstan dauiri» секілді басылымдар өскелең ұрпаққа өрісін кеңейте түсері даусыз. Ұрпақ тәрбиесінің билік үшін де, халық үшін де жүгі ауыр. Бүгінгі бала – ертеңгі қоғамның бір бөлшегі, мемлекеттің азаматы. Сондықтан да ертеңгі ел азаматын тәрбиелеу – қоғамның да, мемлекеттің де жауапты міндеті. Билік те, халық та 30 жыл бойы жалғасқан, қоғамға рухани кесел болған жалаң ұраншылдықтан арылып, халық қазынасының қыруар қаражатын оңды-солды шашып жатқан «Күлтөбенің басында күнде жиынды» өткізіп, нәтижесіз құр талқылауды қойып, жалған есеп үшін жұмыс істемей, «Ұлт болашағы» деген арқамызға жүктелген жауапты міндетті бірлесе жұмыла көтеріп, кейінгі ұрпаққа тұғырлы тәуелсіздігі бар, кемел мемлекет қалдыруға қарекет етуіміз керек.
Құрметті Қазақ елі! Жаны жайсаң, жомарт жандар! Билік басындағы ер-азаматтар! Бәріміздің сыналатын шағымызда мұндай Ұлт үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, шырылдап жүрген осындай қазақтың қыздары – Ұлт Аналарын қолдамағанда, Еланаларын қолдамағанда кімді қолдаймыз? Берекеміз қашып, бірлігіміз сыналған уақытта бәріміз рулық, тайпалық тар шеңберден шығып, елдік, ұлттық деңгейде ойлайтын уақыт жетті. Қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне қатысты шешімін таппаған өзекті мәселелердің барлығын қамтитын жан-жақты бағыттары бар «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі кең қанат жайып, өзінің алға қойған мүдде-мақсатына жетуі үшін барлығымыздың тарапымыздан қолдау-көмек қажет. Біріншіден, өзінің жеке ғимараты болуы керек. Екіншіден, осындай ұлт үшін маңызы зор ұлттық жоба мемлекеттік идеологияға айналып, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тауып, толығымен іске асып, республикаға таралуы керек. Сонда ғана «Қара шаңырақтың» шаңырағы шайқалмай, керегесі кең, уығы мығым болып, барша Қазақ елін бір шаңырақтың астына ұйыстырады. Осылайша, ұлтымыздың өткен тарихи-тағылымды істерінен үлгі-өнеге ала отырып, оны жаңа заманның талабымен сабақтастырып, бүгінгі «Жаңа Қазақстандағы» заманауи қазақтың озық бейнесін қалыптастыратынымыз сөзсіз.
Ал «Qazaqstan dauiri» тәрізді ащы жазатын, толғамды ой айтатын басылымдар халық тарапынан қолдауға зәру. Оларды көтеретін – ұлтын сүйетін, қазақ болып туғанын мақтаныш ететін әр отбасы. Ол үшін басылымға жазылу міндеті тұр. Алаш партиясы құрылған кездегі қазақтың ақсүйек байларының меценаттық қызметінің келесі кезеңі ұлттық баспасөздің өркендеуіне, ұлт мәдениетінің дамуына қаржылық қолдау жасауы еді ғой. Бұл тұрғыда 1913-1918 жылдар аралығында 265, соңғы мәлімет бойынша, 266 нөмірі жарық көрген «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына және тұңғыш жалпыұлттық басылымның ел ішіне таралуына ықпал еткен ауқатты қазақтардың болғаны шындық. Мәселен, «Қазақ» газетінің 1915 жылғы санында «Ауқатты алаш азаматтарына» атты мақалада газет ісіне қаржылай жәрдемдесуге шақырған үндеу жарияланады. Көмек берушілер қатарында Есенғұл қажы бастаған Маман байдың балалары белсенділік танытқаны аңғарылады. Неге осындай игі істі бүгінгі қазақ байлары жалғастырмасқа? Ұлт мүддесі үшін жұмсалған әрбір тиын алтынға бергісіз заманға дөп келіп тұрмыз. Сондықтан ел болып игі бастама жолында жүрген «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі мен «Qazaqstan dauiri» секілді қазақ басылымдарына халықтан қолдау керек. Өздеріңіз ғана жазылып қоймай, халықтық тұрғыдан насихат жүргізіп, жазылуға мұрындық болыңыздар. Ел бірлігі мен ынтымағы сонда ғана көрініс береді. Сөз құдіретінде шек жоқ. Қанекей, үлкенді-кішілі халайық, рух майданда бірге болып, қазақ баспасөзіне қолдау көрсетейік!
PS: «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген қазақтың нақыл сөзі бар. Яғни қарттардың әрбір айтқан өнегелі сөзі, тағылымды іс-әрекеті, елінің, туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнаған өлшеусіз еңбегі, бір сөзбен айтқанда, әрбір ардагердің бүкіл болмысы – тұнып тұрған тарих. Олай болса, соңғы жылдары жақсы жолға қойылып, жүйелі жұмыс жасап келе жатқан әр өңірдегі билер кеңесіне, ақсақалдар ұйымдарына, Ардагерлер кеңесіне біздің де айтар алғысымыз шексіз. Ақсақалға тән сөз айтып, өзекті мәселелерді сөз етіп жоғарыға біздің газетіміз арқылы үндеу жасауының өзі – біз үшін үлкен мәртебе.
«Жақсы бір адам қартайса, көкірегі хат болар,
Жаман бір адам қартайса, бықсып бір жанған от болар.
Жақсы қария белгісі – жанып тұрған шоқ болар.
Жаман қария белгісі – қайран боп қалған сал болар» деген терменің мәнісі тереңде екен-ау...
Осындай көкейтесті мәселеде қолдау сөзін айтып, газетімізге жазылуға халқымызды үндеп жатқан ардагерлерімізге мың алғыс! Сіздер де қолдау көрсетіңіздер, қалың оқырман қауым!
Құрметпен, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің жанашырлары, ақсақалдар қауымы - «Елорда билер кеңесі» ҚБ, «Тарихи ата- жұрт» ҚБ мүшелері:
1. Ералы Әнуарбек
2. Үзбен Құрманбайұлы
3. Өтеген Айшуақов
4. Қажымұрат Нәсиұлы
5. Оспан Сүлеймен қажы.
6. Жұмашәріп Шаһадатұлы
7. Өркен Нәсіпбекұлы
8. Қаламшәріп Шаһадатұлы
9. Амангелді Мәукенов
10. Манап Бектасұлы
11. Асанхан Ысқақ
«Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің жанашырлары:
12. Сәуле Мешітбайқызы
13. Айгүл Елшібаева
14. Қанат Естек
15. Айдын Окаұлы
16. Ғылымхал Манай
17. Зарина Әшірбек
19. Сандуғаш Нұрқанова
19. Алмас Сырғабай
20. Ардаби Мәулет
21. Аягөз Нұрсұлтан
22. Әсел Мүбәракқызы
23. Мадина Қуандық
24. Зәуре Жүсіп
25. Базаргүл Үмбетова
26. Баян Шайгозова
27. Бахтияр Қожахметов
28. Ақбота Хамитова
29. Венера Мұратқызы
30. Гүлзәбира Шәуенова
31. Роза Асанова
32. Дархан Қамаш
33. Гүлнұр Сапарбек
34. Амандық Әмірхамзин
35. Зәмзәгүл Кенжеахметова
36. Зарина Москау
37. Зәкия Ахайқызы
38. Күләш Қайланқызы
39. Гүлмира Шрахметова
40. Лимана Құттыбекқызы
Бұл үндеуге 102 адам қол қойған