Инвестиция өңір экономикасын өрге сүйрейді

Инвестиция өңір экономикасын өрге сүйрейді

Маңғыстау облысы - ел дамуы мен ұлттық экономиканың өрістеуіне елеулі үлес қосып жүрген, мұнай-газ өнеркәсібі өрлеп, құрылыс индустриясы қарқынды дамыған, транзиттік және көліктік-логистикалық әрі туристік әлеуеті аса зор өңір. ҚР Үкіметінің өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында облыс халқының өмір сүру сапасын жақсартуға және өңдеу саласының өндіріс көлемін ұлғайту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру көзделген. Биыл республикалық бюджеттен өңірді дамытуға бөлінген қаражат аясында жаңа мектептер мен көп пәтерлі үйлер салу, күре жолдарды жаңғырту және жөндеу, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту жоспарланған. Соның ішінде өңір экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жетілдіру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша бірқатар жобалар іске асырылмақшы.

Биыл Маңғыстау облысында 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асатын кешенді жоспар аясында жеке инвестициялар мен басқа көздерден 1,6 трлн. теңге қаражат тарту жоспарланған. Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Балжановтың мәліметіне сүйенсек, кешенді жоспар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес бекітілген.  Жалпы бес жыл ішінде өңірге инвестиция тарту бойынша 227 шараны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде биыл 156 шара жүзеге асырылмақшы.

Тиісті орган өкілдері берген деректерге иек артсақ, 2025 жылға қарай Маңғыстау облысының  жалпы ішкі өнімінің көлемін 3,1 трлн. теңгеден 4,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайту,  туризм саласында 2025 жылы өңірге келетін туристер санын 740 мыңға дейін арттыру, халықтың нақты ақшалай табысын 144,2 мың теңгеден 176 мың. теңгеге дейін арттыру, ауыл халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды 100 пайызға  жеткізу, үш ауысымдық оқытуды жою және оқушы орны тапшылығын шешу мәселесі бір ізге қойылады.

Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық дамуын өрге тартады. Соның ішінде бүгінде «Ақтау Теңіз Порты»  арнайы экономикалық аймағы инвесторларға қолайлы жағдай туғызған, өміршең жобаларды жүзеге асыратын алаң болып отыр. биыл Маңғыстау облысында 123,5 млрд.  теңгеге 21 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның аясында 1000-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.  Жуырда құны 500 млн. теңгені құрайтын жобаны іске қосу нәтижесінде 10 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұдан бөлек туризм саласы бойынша 7, өңдеу өнеркәсібі бойынша 5, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 5 жоба жүзеге асырылады.  Ал өзге  жобалар экономиканың басқа салаларына тиесілі. 

Сондай-ақ, биыл инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы 5 428 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.  Ол үшін облыс бюджетінен 4,5 млрд.теңге қарастырылған. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 2 587, әлеуметтік жұмысқа – 468, жастар практикасына – 806, қысқа мерзімді оқытуға– 258 адам жолданады. Бизнес-идеяларды қаржыландыру үшін 629 грант беріліп, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 92 адамды және Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында  «Жұмыс жасаймын» жобасына 588 адамды бағыттау жоспарланған.

Сонымен қатар, 5 579 адамды қосымша жұмыспен қамту белсенді шараларына тарту мақсатында ұлттық қор есебінен 4,2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жалпы Маңғыстау өңірінде жыл басынан бері 9 716 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 5545 адам тұрақты жұмысқа кірген.

Маңғыстау облысында қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59 мыңды құрап, бұлар 126 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Шағын және орта кәсіптің өңір экономикасындағы үлесі – 31,6 пайызды  құрап, осы уақытқа дейін 1 605 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Сонымен қатар, қазір шағын және орта бизнестің 84 жобасы мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдалануда.  «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында 24 жобаға 414 млн.  теңгеге қолдау көрсетілді. 37 жаңа жұмыс орны құрылып, 82 жұмыс орны сақталды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 59 жобаға 340 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Нәтижесінде 59 жаңа жұмыс орны құрылған. 

Қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялар үлесін арттыру ерекше назарға іліккен. Соның ішінде денсаулық сақтау, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, логистика, ақпараттық технологиялар және өзгеде салаларға басымдық берілуде. 

 

Голрох Жеменей, маңғыстау облысы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10681