Келешек ұрпақ үшiн бәріміз жауаптымыз!

Келешек ұрпақ үшiн бәріміз жауаптымыз!

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті өзінің дәстүрлі экспедициясымен Жамбыл облысындағы кезекті ауданында болды. Бұл жолы газеттің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «AMANAT» партиясымен бірлескен «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» арнайы экспедициясы аясындағы Жамбыл облысындағы кездесулер қасиетті Жуалы ауданынан басталды. 

Ақ пен қараның, жақсы мен жаманның алмасуымен қатар, ақпарат ағынының тасқындаған ғасырында ұлтты және ұлттық құндылықтарды, ең бастысы, жас ұрпақты тәрбиелі де саналы азамат ретінде сақтап қалу өте күрделі мәселе болып отырғаны белгілі. Қазіргі таңда шын мәнінде қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға, орын алып жатқан орны толмас қайғы-қасіреттерге қарап, еріксіз осылай демеске амалымыз жоқ. Адам – ұрпағымен, ағаш тамырымен мықты, адам ұрпағымен мың жасайды дейтін болсақ, ертең елдің тұтқасын ұстауға тиісті өз кіндігімізден тараған ұрпаққа дұрыс бағытта тәрбие беру ең алдымен өзімізге байланысты дүние. Сондықтан бұл мәселеде сол ұрпақты тәрбиелеуші ата-ананың ұстанымы мен жауапкершілігін бірінші орынға қою қажет сияқты. Қазіргі таңда қоғамда жасөспірімдерге қатысты орын алып жатқан кейбір келеңсіз жайттарға ең біріншіден ата-аналар қауымы жауапты. Бұл ретте ата-ана мен мектептің, қала берді қоғамның бірлескен әрекетін үйлестіру маңызды болып отыр. Осы орайда Жамбыл облысы Жуалы ауданында ата-аналар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және өз міндеттерін түсіндіруге арналған «Бала. Бақыт. Байлық» деп аталған жиынға ата-аналар шақырылды. Кездесу аудандық құзырлы органдар арасында бекітілген «Жасөспірімдер және кәмелетке толмағандар арасында отансүйгіштік рухын тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін көтеруге, құқық бұзушылықтың және суицидтің алдын алу» мақсатындағы іс-шаралар жоспарының аясында ұйымдыстырылды. Айта кету керек, кездесуге ата-аналармен бірге, аудандық білім бөліміне қарасты мектеп директорларымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, сонымен қатар, аудандық ардагерлер, қоғамдық, билер, әкелер кеңесінің басшылары және мүшелері жиынның ортасынан табыла білді.

Жиын жұмысына «Qazaqstan dauiri» газетінің басшысы Сәуле Мешітбайқызы қатысып, бала тәрбиесіндегі ұялы телефонның, әлеуметтік желінің қасіреті туралы айтты. Сонымен қатар жиынға аудан прокуроры Бауыржан Жанұзақұлы қатысып, кездесуді аудан әкімі Жалғас Мұртаза сөз сөйлеп ашты. Аудан әкімі аудандық білім бөліміне осындай маңызды кездесулерді ауданның барлық мектебінде өткізу туралы тапсырма жүктеді. Ең бастысы, ұрпақ тәрбиесінің маңызды мәселе екенін айтып, бұл ретте ата-аналар қауымы мен мектеп бір-бірінің кемшін тұстарын толықтырып отырудың жаңа заман талабынан туындап отырған міндет екенін баса айтты. Дәл қазір қоғамның алдында тұрған маңызды мәселенің бірі осы. Бұл ретте азаматтық жауапкершіліктен қашпай, ортақ істе ақыл-кеңес пен өмірлік бай тәжірибелерді ортаға салу қажет. Бұл жалғыз аудан емес, үлкен Республикалық көлемде көтеретін мәселе болып тұр. 

Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың болашағы

Ата-аналарға арналған жиыннан кейін Сәуле Мешітбайқызы бастаған топ мектеп оқушыларымен кездесуге жол тартты. Жуалы ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның жұмыс жоспары негізінде жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімі Ж.Мұртазаның бекіткен зиялы қауым өкілдері мен жасөспірімдердің кездесу кестесіне сәйкес 2022 жылдың 5 желтоқсан күні «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гиназиясы ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен ауданның зиялы қауым өкілдері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Адам өмірінің басты құндылықтары» атты кездесу өткізілді. Аталған кездесуге «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы С.Мешітбайқызы қатысып, жасөспірімдермен ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие турасында сөз қозғады. Сонымен қатар, адам өмірінің басты құндылықтары қандай, өмірге деген талпыныс пен құштарлықты арттыру үшін қандай әрекеттер жасаған дұрыс, т.б. сұрақтардың төңірегінде жастармен кеңінен пікір алмасты: 

– Мен де өздеріңіздей ұстаздық еткенмін. Кезінде оқушыларымыз бізді тыңдайтын. Ата-аналары «еті сенікі, сүйегі менікі» деді. Оқушылар ұстаз болуды мақтаныш көретін, армандайтын. Біздің сөмкемізді ұстап, жанымызда жүру олар үшін үлкен мәртебе-тұғын. Ал қазір жабдықталған бөлмелеріңіз бен интерактивті тақталарыңызды көріп, қатты қызығамын. Бірақ ата-аналардың әлеуметтік желідегі мектепке, мұғалімге қатысты әңгімесін оқысам, шошимын. Бүгінгі ата-аналардың өзін тәрбиелеу керек. Ауылда қайта қаймағы бұзыла қоймаған қазақы тәрбие қалған. Ал қалалардағы кейбір ата-аналардың бойынан иман кеткен. Мұғалімді баласымен бірге жұлып жейін деп тұр. Осындайда мен сіздерді қатты аяймын, – деген Сәуле Мешітбайқызы мұның бәрі ұлттық құндылықтың жоғала бастауынан деген ойымен бөлісті. Ал бұл келеңсіздіктің артында смартфон деген бәле тұр. Сондықтан бүгінгі балаларды «тәрбиелеп» жатқан смартфон, интернет деген заманның озық дүниелері ұрпақтың тоз-тозын шығармау үшін осы бастан кітап-журнал оқуға қайта қамдану керектігі баса айтылды. Телефонға тәуелділікті азайтудың басты жолы – баланың бос уақыты болмауы. Яғни сабақ уақытынан тыс қосымша дәрістер мен тілді дамытатын курстар, қызығушылығына қарай баланы дамытатын орталықтарға, кітап, журнал газет оқу арқылы бала болашағын жарқын етуге болатынын біреу білсе, біреу білмейтіні өкінішті.

Экспедициямыздың мақсаты – ауылда атқарылып жатқан жұмыстарды көптің назарына, түйткілді мәселелерін биліктің назарына жеткізу. Сол себепті Жуалы ауданы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында атқарылған жұмыстарының іске асу барысына көз жүгіртіп көрдік. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасына» Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округінен 4 елді мекеннің тұрғындары қатысты. Аталған жобаның 5 бағытына жалпы 723,463 млн теңге несие қаражаты беріліп, толық игерілді. «Тараз» МҚҰ» ЖШС арқылы 1 ауылшаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауылшаруашылығы техникаларына 93,863 млн теңге несие қаражаты 5% қаржыландырылды). 

1) Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты – 2022 жылы 68 га жері бар 444 аула (4 га қызанақ, 4 га қияр, 30 га картоп, 5 га жүгері, 4 га қырыққабат, 3 га бұрыш, 4 га асқабақ, 10 га көпжылдық шөп және т.б. өнімдер 2 га жерге егілді.) өз есебінен жерлерін игерген. Жиналған өнім 1 386 тонна (қияр 70 тн, қызанақ 86 тн, картоп 792 тн, жүгері 81 тн, қырыққабат 93 тн, бұрыш 96 тн, көпжылдық шөп 106 тн, және т.б. 62 тн).

 2) Мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша пилоттық ауылдық округте 2 347 мал басын сатып алуға 191 ауыл тұрғыны несиемен қаржыландырылды. 

Жалпы округте 2022 жылдың 1 шілдесіне 16 019 мал басы тіркелген (1183 бас сиыр, 885 бас бұқа, 11118 бас қой мен ешкі, 1463 бас жылқы). 2021 жылмен салыстырғанда  359 мал басына көбейді.

3. Тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану 2022 жылы игерілген егістік жер көлемі 100 га. Оның ішінде ( Бидай – 20га – алынған өнім 46 тн. Арпа – 40 га, алынған өнім 100 тн. Картоп – 5 га, алынған өнім  – 125 тн. Жүгері – 10 га, алынған өнім – 80 тн. Көп жылдық шөп – 20 га, алынған өнім – 90 тн). Жалпы алынған өнім – 441 тонна.

2022 жылы мал азығы бойынша 1419 га жерінен 6385,5 тонна мал азығы әзірленді.

Бүгінгі күнге айналым қаражатқа берілген несие бойынша 2,3 млн теңге қаражат төленді. 

4. Кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 19 дана ауылшаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен сатып алуға жергілікті бюджеттен 93 860 мың теңгеге 5%-бен несиелендірілді. Алынған 19 дана техникаларға республикалық бюджеттен (25%) 19845 мың теңге, инвестициялық субсидия төленді. 

Пилоттық жобаның 5-бағыты – округте жеке кәсібін ашуға ауыл тұрғыны Қанатбаева Гүлбану кондитерлік цехына 4 760 мың теңге несиемен қаржыландырылды. Өндіріс іске қосылған. 

Бүгінгі күнге 2100 келі кондитерлік (нан, тәтті бәліш, печенье) өнімін өндіріп, ауданның, ауылдық округтың сауда орындарына сатылуда. Өндірісте 4 адамға тұрақты жұмыс орын ашылды. 

Ақсай ауылдық округінен жобаға 2 елді мекен қатысты.

2-бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану

Аталған жобаның 4 бағытына жалпы 641,429 млн теңге несие қаражаты беріліп, толық игерілді. «Тараз» МҚҰ» ЖШС арқылы 1 ауылшаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауылшаруашылығы техникаларына 148,0 млн теңге несие қаражаты 5% қаржыландырылды).

Мал бағыты бойынша 77 тұрғын қатысып, жалпы сомасы 387 660 мың теңге қаражат алды. Оған МІҚ (сауынды) 371 бас, МІҚ (бұқашық) 36 бас,  жылқы 250 бас және 597 бас уақ малы алынды.

3-бағыт. Тұрғындардың аула сыртындағы жерін тиімді пайдалану

Қажетті сома: 43 120 мың теңге айналымға қаражат алынды. Оның 35 799 мың теңгесіне 36,5 тонна тұқым, 7 320 мың теңгесіне 31,829 тонна көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жанар-жағармай алынды.

«Жуалы – 2020» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне 800 га жер  Мыңбұлақ, Қошқарата, Қызыларық ауылдық округтерінен пайдалануға  4 шаруа қожалықпен келісімшарт негізінде беріліп, ағымдағы жылы 200 га арпа, 100 га мақсары, 200 га жоңышқа,  60 га жүгері егілсе, бүгінгі күнге 200 га жерге күздік бидай егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алынған өнім арпа – 160 тн, мақсары – 14 тн және жүгері – 600 тн (оның ішінде 350 тн сүрлемге басылды, 250 тн кооператив мүшелеріне 8000 теңгеден сатылды).  

4-бағыт. Ауылшаруашылығы кооперативіне қажетті құрал-жабдықтар алу бойынша «Жуалы – 2020» ауылшаруашылығы кооперативіне ауылшаруашылығы техникаларын лизинг жүйесімен сатып алуға жергілікті бюджеттен 5%-дық үстемеақымен 148 млн теңге несие берілді. Ол қаржыға 20 дана ауылшаруашылығы техникалары алынып, техникаларға республикалық бюджеттен (25%) 17,36 млн теңге инвестициялық субсидия төленді.

Бүгінгі күнге техникаға алынған несие бойынша 11,0 млн теңге қаражат төленді.

5-бағыт. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу

Ақсай ауылдық округінде 6 жобаға 69,97 млн теңге бөлініп, төмендегідей жобаларға несие алынып, өз жұмыстарын бастауда: 

1) Туребеков Қуанышбек Механикалық техникалық қызмет көрсету орталығы бағытында 20 млн тг несие алып, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

2) Альжапар Ерсұлтан Сүт өнімдерін өңдеу цехы ашуға 14 млн теңге несие алды. Бүгінгі күнге 810 тн сүтті қайта өңдеп, 81 000 кг сыр, 18 600 кг май, 56 100 кг сүзбе және 3000 кг құрт шығарды.

3) Рахманқұлов Диас кілемнен портрет жасау бойынша  2,8 млн теңге қаржы алып, тапсырыс бойынша жұмыс жасауда.  

4) Құралбай Қайсар Бал ара бағыты бойынша  9,1 млн теңге алды.

5) Құралбай Елдар Бал ара бағыты бойынша  9,8 млн теңге алды.

6) Жазылханұлы Ермек Бал ара бағыты бойынша 14,071 млн теңге несиелерін алып, ара омарталарын сатып алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында Жетітөбе ауылдық округін несиелендіру басталды. Бүгінгі күнге «Жетітөбе  – 2022» АШӨК құрылып, кооператив төрағасы болып Уразовский Александр Анатольевич сайланды. Жалпы жобаға қажетті қаражат – 769,714 млн теңге, қатысушылар саны – 1080 тұрғын.

 Оның ішінде: 

1. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағытына – 33,407 млн теңге, қатысушылар – 513 адам.

2. Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бағытына – 459,580 млн теңге, қатысушылар – 240 адам.

3. Ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану бағытына – 26,272 млн теңге, қатысушылар саны – 51 адам.

4. Ауылшаруашылығы кооперативіне қажетті техника алу бағытына – 202,750 млн теңге. Бүгінгі күнге 10 жеке кәсіпкер бірігіп, жер көлемі 800 га жерге жетті.

5. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бағытына – 40,5 млн тг. Бүгінгі күнге несиелендіруге 120 құжат өткізілді.

2023 жылы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы аясында Жамбыл облысының тұрғындарын 2,5%-бен несиелендіруге 11,5 млрд теңге қаражат бөлінеді деп күтілуде. 

Жоғарыда баяндалғанға байланысты ауданымыздың 2 ауылдық округін несиелендіру көзделуде. Сол себептен несиелендірілетін округтерді басқармаға ұсыну мақсатында, ауылдық округтерге паспорттарын ұсынып, есептерін жіберу бойынша хат жолданып, мәліметтері жинақталуда. 2022 жылы жалпы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында               72 377,0 мың теңге қаржыға 4,2 шқ. автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде:

1) Күреңбел ауылындағы Бейбітшілік және Қарабастау көшелерін орта жөндеуге 32 863,0 мың теңгеге ұзындығы – 2,1 шқ. жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар жыл соңына аяқталуы жоспарлануда.  2) Ақбастау ауылындағы Төлеби, Қойгелді және Береке көшесінің тұйығымен орта жөндеу жұмыстарына 39 514,0 мың теңгеге ұзындығы 2,1 шқ. жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Осылайша Жуалы ауданындағы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» атты экспедициясымыз өз мәресіне жетті. Ендігі кезекте келесі аудандарымызға жол тартатын боламыз.

 

Рауан МУТАИР
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 44
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 575
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 689
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 604
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 613

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8750
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8150
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11379
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9133
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10364