КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Осыдан біраз жыл бұрын қабылданған «Қазақстанның киберқалқаны» жобасы өзін-өзі ақтаған сәтті жобалардың бірі ретінде есте қалды. Халықтың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еліміз бұл жобаны барған сайын кемелдендіріп, ақпараттық тұрғыдан насихаттау жағына баса назар аударып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 407 қаулысы бойынша «Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы» (Қазақстанның кибер қалқаны) бекітілгені мәлім. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) жүктелген бұл стратегиялық маңызы зор тапсырмаға қазіргі таңда құқық қорғау органдары да атсалысып жатыр. Соңғы жылдары ЦДИАӨМ-нің тікелей атсалысуымен 2022-2027 жылдар аралығында «Кибер қалқан-2» цифрлық экожүйесін дамыту тұжырымдамасы іске асуда. Мұндай қажеттіліктің туындауы «киберқауіптер ландшафтының өзгеруіне байланысты ақпараттық қауіпсіздікке жан-жақты қарау, бизнес-қоғамдастықпен диалог құру қажет» болғандығынан туындап отырғандығын айта кеткен жөн.

ЦДИАӨМ-не қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылы тамызда таратқан мәліметте «АКТ саласында бірыңғай техникалық саясатты әзірлеу жоспарлануда, оның шеңберінде кәсіпорындар мен ұйымдарды қауіпсіздік деңгейлері бойынша айқындауға болады. Сондай-ақ, мамандарды даярлау бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің резервтік ұлттық үйлестіру орталығын, «Киберполигонды» құру мүмкіндігі қаралатын болады.

Радиожиілік мониторингінің орталықтандырылған бөлімшесін, радиоэлектрондық құралдар мен азаматтық және үкіметтік мақсаттағы радиожиілік тағайындауларын есепке алудың орталықтандырылған ақпараттық жүйесін, радиожиілік спектрі мониторингін құру арқылы ел аумағында радиобақылау өзгертілетін болады. Елде ақ экономикалық жүйесін бағалаудың жаңа әдістемесі пайда болады», – деген еді.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жариялаған тағы бір деректе, киберқауіпсіздік мәселелері туралы арнайы тоқталған. Онда «желілік қосылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау, сенімді және қауіпсіз цифрлық кеңістікті сақтау және сенімді ақпарат көздерін пайдалану сияқты қажетті сақтық шаралары» меңзеледі делінген. Сондай-ақ, ұсыныстар әлеуметтік медиа қауіпсіздігіне, фишингке қарсы тұруға және интернеттегі алаяқтықтың басқа түрлеріне қатысты тақырыптарды егжей-тегжейлі ашады. Бұл ұсыныстар киберқауіпсіздік әлеміндегі нұсқаулық болып табылады және олар өзіңізді және деректеріңізді интернеттегі қауіптерден қорғауға көмектеседі.

Осы жерде халықты өте алаңдатып отырғаны интернеттегі алаяқтық мәселесі қазір қатты ушығып тұр. Бұл тіпті «ғасыр дерті» ретінде сипатталып отырған әлемдік проблемаға айналып кетті. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын алаяқтар тарапынан келтірілген шығындар еселене түсуде. Сондықтан интернеттегі алаяқтықпен күрес қазіргі таңда Ішкі істер органдары мен өзге де құзырлы мекемелерге сын болып тұрған жайы бар. Қазір осы мәселелермен арнайы айналысатын мамандар тобы жасақталып жатыр. Дегенмен біздің құқық қорғау саласының қызметкерлері аянып жатқан жоқ.

Жақында Парламентте өткен жиналыста Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев депутаттар алдында баяндама жасап, біраз деректермен бөліскен еді. Айдос Какашаұлының айтуынша, елімізде интернеттегі алаяқтық соңғы 7 жылда 10 есеге өсіп, тікелей келтірілген залал көлемі 21 млрд теңгеге жеткен екен.

«Биыл 3 645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл – жалпы қылмыстың 18%-ы және барлық алаяқтық дерегінің 43%-ына тең. Өңірлерде «Киберпол» мамандандырылған топтары жұмыс істейді. 2023 жылы олар 3,7 мыңнан аса қылмысты ашты. Қазақстандықтарға 850 млн теңге қайтарылды. Алаяқтық дерегі бойынша 1 891 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Биыл интернет желісін мониторингтеу барысында Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттау үшін 6,1 мың интернет-ресурсқа қатысты ақпарат жіберілді. Оның ішінде алаяқтық белгісі бар 3 мың сайт, есірткі қылмысы бойынша 529 сайт, экстремистік сипаттағы 1,6 мың сайт бар», – деді вице-министр өз баяндамасында.

Қазірге дейін бұл тақырыпқа тоқталған мамандардың барлығы алаяқтардың көбінің шетелдерде отырып, адамдарды қармағына іліндіретіндігін айтып отыр. Өкінішке қарай, 2022-2023 жылдар аралығында қазақстандықтардың 15 млрд теңге көлеміндегі қаржысы шетелдік алдамкөстердің жемсауына түсіпті. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы келеңсіздіктердің алдын алу, тиімді күрес жасау үшін киберқылмыс мәселесіне айрықша көңіл бөліп отыр.

Әлемді алаңдатып отырған бұл қылмыстардан жыл сайын келетін шығын 8 триллион АҚШ доллары деп болжанып отыр. Ал 2024 жылы 10 триллионнан  10,5 триллион доллар шамасында шығын келуі мүмкін дейді әлемдік сарапшылар. Сондықтан киберқылмыспен күрес жүргізу барысында «Кибер қалқан» сынды кешенді бағдарламаларды жыл сайын жетілдіріп, халыққа шынайы әрі сенімді ақпарат жеткізіп, оларды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақыру ең әуелі БАҚ саласының парызы болмақ.

 

 

 

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
17.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 128
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 322
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 315
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 939

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9012
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8408
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11633
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10618