Media журналистика мектебінің оқушыларға берері көп

Media журналистика  мектебінің оқушыларға берері көп

B&Q Media журналистика мектебін ашу біздің көптен бері көкейімізде жүрген арманымыздың жүзеге асуы еді. Жақын құрбым екеуміз ортақ мақсатымыз бен арманымыз туралы сыр бөлісе отырып, журналистикаға қызығатын жастарға бағыт-бағдар беретін курс ашу туралы шешім қабылдадық.

Талапкерлермен жұмыс істеу қандай болады, олардың сенімін ақтай аламыз ба деген сауалдар бізді ұзақ уақыт толғандырды. Әрине, кез келген істің бастауында кездесетін қиындықтар бізді де айналып өткен жоқ. Алайда сол кедергілердің барлығы тәжірибе мен табандылықтың арқасында еңсерілді деп ойлаймын.

Курс барысында біз жас талапкерлердің шығармашылық қабілетін шыңдап, журналистика саласына қажетті білім мен дағдыларды меңгеруіне бағыт беруге тырыстық. Мақала жазу, эссе құрастыру, сөздік қорды байыту және өз ойын сауатты жеткізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді деп білемін. Журналистиканың жеңіл жол емес екені хақ. Ол үлкен ізденісті, жаңашыл мүмкіндіктерді, терең білімді және үздіксіз еңбекті талап ететін сала.

Оқушыларымыз еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарындылар. Бізді ерекше қуантатыны – шәкірттеріміздің білімге деген құштарлығы мен қызығушылығы. Олар өз пікірін еркін жеткізе алатын, тың бастамаға ұмтылатын, ізденуден жалықпайтын, жаңа идеяларға ашық талапты жастар. Курс соңында оқушыларымыздың едәуір тәжірибе жинақтап, білім көкжиегін кеңейткеніне көз жеткіздік. Біздің миссиямыз да осы еді.

Бүгінгі еңбектің жемісі ертең үлкен жетістіктерге бастайтынына сенеміз. Алдағы уақытта шәкірттеріміздің армандаған жоғары оқу орындарына түсіп, грант иегері атанып, өз мақсаттарына жеткен сәттеріне куә болу біз үшін ең үлкен қуаныш болмақ.

Қарақат АРДАҚҚЫЗЫ 

02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25790
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43186
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38988
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43585