Моңғолдар Қытай компаниясына шабуыл жасады

Моңғолдар Қытай компаниясына шабуыл жасады

Жақында Моңғолияның ұлтшыл блогерлері екі елдің арасына от тастап жіберуге шақ қалды. Дәлірек айтсақ, 2026 жылдың 14 тамызында бірнеше моңғол азаматы «мұнай барлауға қарсылық» білдіру мақсатында Сүхбаатар аймағында орналасқан Қытай қаржыландыратын мұнай барлау компаниясы Fengsen Energy лагеріне заңсыз басып кіріп, компания қызметкерлерін балағаттап, сабап, құрал-жабдықтары мен адамдардың жеке мүліктерін бүлдірген. Олар бұл әрекеттерін тікелей эфир арқылы жұртқа көрсетіп, халықты қарсы тұруға шақырған. Лагерьге шабуылды бастап жүрген Г. Сулонга және Г. Адилбиши есімді екі әйел, Моңғолиядағы «интернет жұлдыздары» көрінеді.

Олар заңды түрде жұмыс істейтін Қытай қаржыландыратын компанияның лагеріне бір топ адамды бастап кіріп, мұнай барлау жабдықтарын қасақана бұзып, бүлдіріп қана қоймай, сонымен қатар онлайн платформаларда қытайлық қызметкерлердің жеке заттарын шашып, өздерін балағаттап, ертіп барған адамдарын қаптатып, оларды біраз сабаған, әрі мұның барлығын да эфирде жариялап отырған.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде тарала салысымен, екі ел азаматтарының да қызу пікірталасына себеп болды. Қытай тарапы бірден наразылық білдіріп, Моңғолияның құзырлы органдарына үндеу тастады. Моңғолия Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде бұзақылықты ұйымдастырған екі әйел мен барлық қатысушыларды ұстап, оларға 30 күн қамау жазасын кесіп, келтірген шығындарды толық өтеуге міндеттепті.

Аталған «Fengsen Energy» компаниясы Моңғолияда мұнай барлау жұмыстарын толығымен талапқа сай жүргізіп жатқан дейді қытайлық БАҚ-тар. Олар бұған дейін Моңғолияның қатысты мекемелерімен ресми ынтымақтастық келісімшартына қол қойған. Жобаның бастапқы мақсаты Моңғолияға отынмен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан «мұнай тапшылығы» дағдарысын жеңілдетуге көмектесу болған көрінеді.

16 тамызда Моңғолияның Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Дамдиням Facebook-те бұл әрекетті «өрескел» деп сынға алып, құқық қорғау органдарынан өз міндеттерін заңға сәйкес орындауды талап етті. Ол тәртіп бұзушыларды ашық айыптап, қытайлық компаниялардың қалыпты бизнес қызметіне қылмыскерлердің қысым жасауына жол бермейтінін, мұны ұлттық мүдделер мен экономикалық қауіпсіздікке зиян келтіретін қылмыс деп санайтынын мәлімдеді және оқиға үшін кешірім сұрады.

«Моңғолия заңмен басқарылатын ел. Заңды түрде инвестиция салатын және біздің заңдарымыз бен ережелерімізді сақтайтындардың барлығы үшін біз олардың бизнесті еркін жүргізу құқығына кепілдік беруіміз керек! Моңғолия отын тапшылығына тап болған кезде, тіпті өз халқын асырау қиын болған кезде де, отандық мұнай ең маңызды фактор болып табылады. Мұнайды барлау, өндіру және өңдеу үлкен көлемде капитал мен жұмыс күшін қажет етеді; бұл кез келген адамның өз бетінше жасай алатын нәрсесі емес!

Неге біз тек отын дағдарысына тап болған кезде ғана көмек сұраймыз?» – деп сұрады. Ішкі сұраныстарды қамтамасыз етудің жеткіліксіздігіне байланысты тапшылық пен бағаның өсуіне тап болған бұл саланы бұрын басқарған шенеуніктер ұзақ мерзімді тұрақтылықты арттыру саясатын, мысалы, сақтау қуатын кеңейту және отандық өндірісті арттыру саясатын енгізген немесе жүзеге асырған емес. Олар жай ғана «қол қусырып отырды», ал енді біз олардың «жалқаулығы» үшін ақы төлеуге мәжбүр болып отырмыз. Жағдай уақытша жақсарғаннан кейін олар бәрін ұмыта ма?! Бір жағынан, олар «мұнай табуды» талап етеді, ал екінші жағынан, олар саясаткерлерге, бизнес көшбасшыларына және қоғамға, мәртебесіне қарамастан, мұнай-газ секторындағы инвесторларға шабуыл жасауға мүмкіндік береді», – деп жазды ол.

Моңғолияның шикі мұнай өндірісінің көп бөлігі ең алдымен Қытайға экспортталады. Отандық мұнай өңдеу зауыттарының болмауына байланысты Моңғолия толығымен дерлік Ресейден келетін тазартылған мұнай өнімдерін импорттауға тәуелді. Моңғолия үкіметі импортталатын тазартылған мұнай өнімдеріне тәуелділікті азайту және энергетикалық қауіпсіздікті жақсарту үшін өзінің мұнай өңдеу зауыттарын салу үшін талпынып жатыр.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
27.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27220
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26722
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44058
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39810
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44392