Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем.

Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем.

Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.

 

Тіс тимеген шөп жесір, құс қонбаған көл жесір.

 

Адамның адамдығын - оның басқаға, басқаларға шын зәрулігімен өлшеуге болады.

 

Кем талант - мүмкіндігінше, шын талант - қалағанынша жазады.

 

Кем талант - кемтар талант.

 

Шын режиссура – жүрек сияқты: соққаны білінбейді.

 

Сөз - құлын да, ой - жылқы.

 

Кейбір адамдардың бағасын жауының санымен де өлшеуге болады.

 

Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.

 

Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді

 

Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

 

Ой ойнамай – сөйлем жоқ.

 

Ойдың жанарға жеткен жылтылындай – жанардың жарығы да жанға түседі.

 

Текстің дәмін алудың төте жолы - талмай оқу.

 

Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.

 

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

 

Сауалы бұйрық тектіге – солқылдақ жауап жүрмеген.

 

Ел ділімен танылмақ.

 

Даусызға дауды дауасыз айтқан...

 

Кектің көзі – Махамбет.

 

Өлімге берер жаным бар – пендеге берер арым жоқ.

 

Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, - ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.

 

Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді.

 

Үлкен арман сабырда жатады.

 

Жақсы кітап – ұяттың антологиясы.

 

Өзгенікін еске түсіруден өзіңдікін еске түсіру күшке түседі.

 

Есесін жіберген ел - ел емес.

 

Әр сөздің өз ұяты бар.

 

Ұяла алмаған - тірі өлік.

 

Сүрінгенін секіргендей көрсете білер бар.

 

Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар.

АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ
17.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.09.2024 49
БАЛАЛАР САЯБАҒЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 19.09.2024 40
РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ БАРНАУЛДА ӨТЕТІН ФЕСТИВАЛГЕ ҚАТЫСАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 19.09.2024 22
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 АЙДА 596,3 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.09.2024 125
ИГІ БАСТАМА
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі - 18.09.2024 41
Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 87
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 103
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 81
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 75
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 73
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 45

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6769
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5171
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6373