Өндірісі өрге басқан кооператив

Өндірісі өрге басқан  кооператив

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Жамбыл облысы тауық еті бойынша өзін-өзі тек 67% ғана қамтып, қалғанын сырттан тасиды. Жалпы еліміз бойынша да импорттың үлесі өте жоғары екендігі байқалады. Тіптен тауық етінің бір бөлігі мұхит асып АҚШ-тан келетін көрінеді.

Соңғы жылдары тауық етін өндіру, импортты алмастыру саласында өзгерістер басталды. Ал біздің аудан бұл бағытта алғашқылардың бірі болып отыр. Газетіміздің өткен нөмірлерінде біз «Eco chiсken» атты бройлер балапандарды өсіру туралы жазған болатынбыз. Жоба өндірістік кооператив түрінде іске асып отыр. Бұл – көптеген жеке кәсіпкерлер өзінің кішігірім бройлер фермаларында бірыңғай технология бойынша жұмыс істеп, нарыққа үлкен көлемде тауық етін береді деген сөз. Бұл бастама шағын және орта бизнес үшін өте ыңғайлы, мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамыту саясатына сай келеді.

Аталмыш жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқандықтан, біз өндірістік кооператив басшысымен кездесіп, жобаның іске асыру барысын біліп қайттық.

– Бұл істі қолға алу бұрыннан ойымда жүрген. Біз жері кең, халқының жартысына жуығы ауылда тұратын мемлекетпіз. Еліміздің табиғи-климаттық жағдайы алуан түрлі, әртарапты ауылшаруашылығын дамытуға ыңғайлы. Ал енді осындай байлығымыз қолымызда тұрған кезде сырттан ет сатып алуды ұят деп санаймын. Әрбір жұмысты бастар алдында негізін қалап алу керек. Сондықтан алдымен жемшөп базасын жасап алу қажет болды. «Қордай жем» компаниясын ашып, арнайы мал-құсқа арналған жем жасай бастадық. Содан кейін құс өсіруге көштік. Жалпы құсшаруашылығы – табысы мол іс. Қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, өнімділігі жоғары балапандарды алсаңыздар, тез өсіріп, тез семіртуге болады. Ал халықтың диеталық етке деген сұранысын ескерсеңіз, етті тіптен тез өткізуге болады, – деп атап өтті кәсіпкер.

Кооператив басшысымен емен-жарқын әңгімеміз құс фермаларының бірінде өткен еді. Сондықтан құстарды өз көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап көруге мүмкіндік алдық. Қасымызда жүрген ферма қызметкерлері барлық технологиясын айтып берді. Құс фермасы 20х6 метр аумақты алып жатыр, бір фермаға 1500 құсқа дейін сыйып кетеді. Құс фермасында барлығы автоматтандырылған, жұмысшыларға арнайы бункерге жемін салып, температурасын тексеріп отырса жеткілікті. Арнайы табақтарға жем мен су автоматты түрде өзі толтырылып отырады. Равиль есімді жұмыскердің айтуы бойынша, екі сағат сайын ол фермаға кіріп, жемінің таусылып қалмауын және су түтіктерінің бітеліп қалмауын қадағалап отырады. Құс фермасында арнайы бейнекамера да орнатылған, сол камера арқылы қашықтықтан да бақылап отыруға болады. Құрамында 5 тауық фермасы бар кешен Красный партизан ықшамауданына жақын жерде орналасқан. Бұл кешеннің жұмысын екі бақылаушы кезекпен қадағалап отырады.

– Менің жұмысым – барлық көрсеткіштердің бекітілген параметрлерге сай болуын қадағалау. Температура көтерілсе, басқару панеліндегі батырманы басамын, арнайы вентиляторды қосып, ауаны салқындатып, ылғалдандырамын. Кейде су түтіктері бітеліп қалуы мүмкін, соны тазалап қоямын, – дейді Равиль.

Құс фермасындағы жұмыс циклдерге сәйкес ұйымдастырылған. Әрбір 45 күн сайын өсірілген құс сойылады. Ферманың өзі осы кезде тазаланып, дезинфекциядан өтеді. Осыдан кейін жаңа балапандар алынып, цикл қайталанып отырады. Талғат Сәрсембаевтың айтуынша, бір жылда 6 цикл өтеді. Бір құс фермасының құны 7 млн теңге, құрал-жабдықтар қазақстандық, қытай және ресейлік өндірушілерден сатып алынады. Оған қоса балапанын, жемін сатып алуға, газ мен электр қуатына төлеу үшін қаражат болуы керек. Қазіргі таңда өндірістік кооперативте 12 мүше бар. Болашақта мүше санын 100 адамға дейін өсіру жоспарланған. Сол арқылы өндірілген өнімді көбейтіп, үлкен нарықтарға шығуға мүмкіндік артады. Әрине, бірден үлкен қаражатты таба қою оңай емес, сондықтан кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауы зор серпін берді. Қол астындағы микроқаржылық ұйымдар арқылы 7 млн теңгеге дейін 2,5% үстемақымен несие беруге келісті. Бұл – үлкен көмек, қазіргі кезде кооператив мүшелері несие көлемін 20 млн теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр. Жоба облыс әкімінің жеке бақылауында, тәжірибе сәтті болса, облыстың басқа аймақтарына да тарату жоспарлануда.

– Негізі, бұл тек қана бізге пайда келтіретін жоба емес. Егер біздің кооператив кеңейіп, 100 құс фермасын ашсақ, 45 күннің ішінде 150 мыңға жуық құс өсіре алатын боламыз. Осы құстарға мыңдаған тонна жем қажет болады. Ол жемді біз өзіміздің шаруалардан сатып аламыз. Көп адамның кәсібі өрге домалайды. Мемлекеттік бюджетке қосымша салықтар түседі, өйткені өндірістік кооператив салық төлейді. Егер үлкен көлемде ет шығарып, жақсы танылып жатсақ, ірі сауда желілеріне шығып, өнімімізді соларға өткіземіз. Қазіргі кезде шығаратын өнім аз болғандықтан, олар бізбен жұмыс істегісі келмейді. Айтпақшы, алғашқы кезде біз 500 бас тауықты өткізе алмай әуре болған едік. Қазіргі таңда 20 мың басты өткізіп жатырмыз. Әрине, мұның барлығы үлкен еңбектің нәтижесі. Біздің кооперативте шыққан өнімнің барлығы бірыңғай «Бастау» брендімен шығуда. Қордайда өзіміздің фирмалық дүкеніміз де бар, – деді кооператив басшысы.

Бүгінгі таңда кооператив мүшелері мемлекеттік органдармен белсенді түрде жұмыс істеуде. Кооператив мүшелері өнімін мемлекеттік мекемелер тарапынан сатып алуға ықпал етуді сұрап жатыр. Егер осындай қолдау алса, өндірісті ұлғайтып, импортты ығыстырамыз деп уәде беріп отыр. 

 

Серғазы Манасбаев
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 73
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 402
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 365
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 984

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665