Өнеркәсібі өркендеген Мойынқұм

Өнеркәсібі өркендеген Мойынқұм

Бабаларымыздың «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» деп суреттейтін өлеңі есімізге түссе біздің ойымызға бірден Мойынқұм келетіні анық. Иә, қазақтың небір қандықасап қырғыны да, қазан қайнатқан қуанышы да осы бір киелі даланың төсінде болған. Кешегі түгін тартсаң май шығатын Мойынқұмның бүгінгі жай-күйі де көңіліңізді семіртеді. Осы бір облысымыздың шығыс бөлігіне орналасқан ауданның біз үшін алар орны бөлек қашанда. Қазіргі таңда бұл ауданның өнеркәсіп саласы мен ауылшаруашылық саласы да өзінше дамып келеді.
Бар қазынасын кен орындары арқылы көрсетіп отырған бұл ауданда өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аударылып отыр. Сондықтан да басқа аудандарға қарағанда жердегі кен байлығымен Мойынқұм көш ілгері келе жатқаны анық.
Басты сүйенетін байлығы кен орындары мен өнеркәсіп саласы болғандықтан өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне назар аударсақ, биыл аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 94 миллиард 858,5 миллион теңгенің өнімін өндіріп, өңдеу өнеркәсібі бойынша нақты көлем индексі 100,1 пайызға орындалған. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 102,7 пайызға жеткен. Есепті кезеңде 1 854 килограмм алтын, 306 килограмм күміс, 1,4 миллион тонна цемент, 162,3 мың тонна барит, 100 мың тонна көмір, 1,1 миллион тонна балық, 210 тонна қорғасын және 1,7 миллион тонна әктас өнімдері өндірілген. Бұл аудан үшін мақтанып, марқаятын көрсеткіш.
Әрине, мұның бәрі де ауданның әлуетін асыратын сарқылмас қазына деуге болады. Сонымен қатар бұл аудан өзіне инвестиция тартуды да тыс қалдырмаған. Былтыр негізгі капиталға 24 миллиард 719,5 миллион теңге түсіргенін де айрықша атап айтуға болады.
Ал енді елді дамытудың, ауданды өркендетудің тағы бір бағыттарының бірі – ол сапалы жол салу. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да қозғалған мәселе болатын. Президент өз Жолдауында автомобиль жолдарының құрылысына, оның ішінде жергілікті жерлердің сапасына айрықша мән беруді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасына сәйкес Мойынқұм ауданында қарқын алған жұмыс көп. Оны аудан әкімінің өзінен сұрап білдік.
– 2019 жылдан бастап ауданымыз арқылы өтетін Меркі – Шу –Бурылбайтал, Балқаш – Бурылбайтал және Күрті – Бурылбайтал республикалық автомобиль жолдарының құрылысы қарқынды жүргізіліп келді. Бұл жұмыстар соңғы жылдары ауданымызға салынған инвестиция көлемін арттырды. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар аяқталды. Алайда біз инвестицияның жаңа көздерін тарту шараларын ешқашан тоқтатпаймыз. Биыл Меркі – Шу – Бурылбайтал тасжолының құрылысы есебінен 800 миллион теңге инвестиция салынса, Алматы – Астана тасжолына қайта жаңғырту жұмыстары есебінен де инвестиция салынатын болады. Яғни биыл жалпы сомасы 25 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартатын боламыз. Оның ішінде бюджеттен қаржыландырылатын жобалар есебінен 5,7 миллиард теңге, жеке инвестиция есебінен 19,3 миллиард теңгені құрайды. Ал ауданымызда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар биыл көлемі 11 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау картасындағы «Шағала Майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарына 8 миллиард теңге және «Максутова» жеке кәсіпкерлігі құрылыс жұмыстарына 260 миллион теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр, – дейді аудан әкімі Әлихан Балқыбеков.
Аядай ғана аудан болғанымен ауқымы кең Мойынқұмның даму бюджеті де өз алдына бір әңгіме. Мысалы, былтыр ауданның даму бюджеті 1,8 миллиард теңгені құраса, биыл 2,2 миллиард теңгені құрап отыр. Әсіресе бұл аудан сырт көзге жақсы көрініп, келген қонақтарды кіреберістен-ақ өзіне тартқысы келсе керек, ауданның кіреберіс шекарасына қойылатын стела қондырғысының құрылысына 27 миллион теңге қарастырып қойыпты. Ал денсаулық сақтау саласына 11,7 миллион теңге, ауызсумен қамсыздандыруға 2 миллиард теңге, спорт саласына 17 миллион теңге қарастырып отыр екен.
Сонымен қатар қазіргі таңда басты назарда ұсталатын мәселенің бірі – жол. Мойынқұм ауданы бұл мәселеге келгенде де алдына қара салмай тұр. Мысалы, автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына бөлінген 336,9 миллион теңге игеріліліп, жалпы ұзындығы 12,6 шақырымды құрайтын 14 ауылішілік көшенің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» сияқты ұлттық жобалардың да орындалуы басты орында тұр. Әсіресе кәсіпкерлік саласына барынша мән беріп келеді. Атап айтар болсақ, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыс көп.
– Қазіргі таңда біздің ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 115-ті құрайды. Оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 1 237, шаруа қожалықтар – 781, орта және шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 97 бірлік. Кәсіпкерлік субъектілердің жалпы саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,2 пайызға артты. Яғни көрсеткіш әдеттегіден 161 субъектіге өсті. Былтыр «Бизнестің жол картасы- 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 232 миллион теңгені құрайтын 24 жоба қолдау тапты. Мысалы, несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша 15 жобаны жалпы сомасы 190 миллион теңгеге субсидияладық. Банк кредиттеріне кепілдік беру құралы бойынша жалпы сомасы 42 миллион теңгеге 9 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан кепілдік берілді. Ал «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамту шараларына ауданға жалпы сомасы 385,6 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күнге қаралған қаражат толығымен игерілді, – дейді аудан әкімі Ә.Балқыбеков.
Сонымен қатар аудан басшылығы халықты жұмыспен қамту мәселесіне де айрықша назар аударып отыр. Былтыр Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2 221 адам тартылса, 1 927 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар артығымен орындалған. Сондай-ақ аудан бойынша 15 азаматты кәсіптік оқулармен қамту жоспарланып, «Құлатай БВК» шаруа қожалығына 15 азамат жиһаз құрастырушы, ағаш шебері мамандығы бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Ал бизнеске бейімдеу үшін сауаттылығын арттырып, жұмысқа орналасу мақсатында 81 азамат онлайн оқыған. Бүгінгі күнге аудан көлемінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 126 адам оқуларын аяқтап, тиісті сертификаттарын алған. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында былтыр 57 азамат 68,8 миллион теңгеге грантпен қамтылған. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайыздан 3,4 пайызға төмендеген.
Сондай-ақ қазіргі таңда ауданның даму көрсеткішін тазартылған ауызсуы мен жүргізілген газ көрсетіп береді. Алайда облысымызда көгілдір отын жетпеген жалғыз аудан осы Мойынқұм екені де жасырын емес. Әлі күнге дейін 24 елді мекенінде 28 663 халық тұратын бұл аудан толығымен газдандырылмаған. Сондықтан аудан әкімшілігі енді газдандыру мәселесін де қолға алған. Жалпы ауданның 13 елді мекенін, яғни Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек, Хантау сияқты ауылдарды газдандыру мақсатында аудан әкімдігі тарапынан газ құбырының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобалау құны – 61,2 миллион теңгені құраса, жеткізуші газ құбырларының болжамды ұзындығы 250,6 шақырым. Қосылу нүктесі – Шу ауданының Д.Қонаев ауылы маңындағы «Шу» автоматтандырылған газ тарқату стансасы болмақ.
– Жобалардың ауқымдылығына байланысты бірінші кезектегі 9 елді мекеннің жеткізуші газ құбыры 3 кезеңге бөлінді. 1-кезеңде Айдарлы, Бірлік, Биназар ауылдарына тартылады. Ол шамамен 67,5 шақырым. 2-кезең – 44 шақырым. Ол Назарбеков, Көкжелек, Күшаман ауылдарын қамтиды. 3-кезең – 35,5 шақырымды құрайтын Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай болмақ. Бұларға кететін жалпы жеткізуші газ құбырының жоба құны – 22 миллиард теңге. Бүгінгі таңда 1-кезеңінің жобасы сараптамаға ұсынылып, түгендеу жұмыстары жүргізіліп, «Мемлекеттік» сараптамамен келісімшарт жасалынды. 2 және 3-кезең жобалары сәуір айында мемлекеттік сараптамаға ұсынылады, – дейді аудан басшысы.
Ә.Балқыбековтің айтуынша, жалпы халықты өркендетіп, ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар ешқашан тоқтап қалмақ емес. Алда талай міндеттер жүзеге асырылып, алға қойған мақсаттар кезең-кезеңімен орындалатын болады деп жоспарлап отыр. Мойынқұмның іргесін кеңейтіп, экономикасын дамытуға барынша күшімізді саламыз, әрі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға баса назар аударамыз дейді аудан басшысы.

arainfo.kz
09.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607