Қаңтар қасіреті: Тергеу. Жаза және өткір сауалдар немесе бұл туралы Мәжілісте не айтылды?

Қаңтар қасіреті: Тергеу. Жаза және өткір сауалдар немесе бұл туралы Мәжілісте не айтылды?

 14 наурызда ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысы тікелей эфирде толығымен жария етілді. Депутаттық өкілеттіліктерінен түрлі себептермен босаған екі адам мен олардың орындарына жаңадан сайланған депутаттар таныстырылды. Ант беру рәсімдерінен кейін маңызды жаңалық қаңтар оқиғасына байланысты құзырлы мекеме басшыларының депутаттар алдында баяндама жасағандығы болды. Яғни ҚР Бас прокуратурасының төрағасы Берік Асылов,  ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мінбеге шықты. Бұл қаңтар оқиғасынан кейінгі 2 айдың көлеміндегі ресми мекемелер тарапынан алғаш рет айтылып отырған «толыққанды» мәліметтер еді. Бұған дейін әр тұстан, әр басшының журналистер алдында сөйлеген сөздерінен айтылғаны болмаса, ресми түрде баяндамалар жасала қоймаған болатын. 

 

Прокурор не айтты?

 

Асылов Берик Ногаевич — Генеральный прокурор РКАлғашқы сөз Бас прокурор Берік Асыловқа берілді. Оқиғаның жалпы хронологиясын бір рет қайталап өткен Бас прокурор нақты деректерді де келтіре кетті. Жалпы қатысқан адам саны 5-6 қаңтар күндері 50 мыңнан асқан екен. Берік Ноғайұлының баяндамасының арқауы мынадай: «Жалпы 11 аймақта ватцап және телеграм каналдары арқылы ұйымдастырған түрде әрекет етті. Жаппай тәртіпсіздік пен, террорлық актінің аражігін айырып алайық. Екеуінде де қарулы қақтығыс, қирату, зорлық-зомбылық болады. Бірақ тәртіпсіздік кезінде хаос болғанымен, билікке ешқандай талап қоймайды. Ал террорлық актінің мақсаты бөлек. Олар халықты арандатып, билікке талап қояды. Мемлекеттік органдар мен қарулы күштер, стратегиялық нысандарға шабуылдайды. Бүлікшілер әкімдік, әуежай, полиция, ұлттық қауіпсіздік қызметі мен телеарна ғимараттарына шабуылдады. «Қылмыстық кодекстің» 255-бабына сай бұл террорлық акт саналады. Енді осы террорлық әрекетке кім жауапты екенін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. 3770 қылмыстық іс қозғалды. Оның басым бөлігі ІІМ-ның құзырында. Адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, бұзақылыққа қатысты қылмысты ашумен Ішкі істер министрлігі айналысады. Тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактісі бойынша 234 істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тексеруде. Жалпы 230 адам өлген. Оның 19-ы полицеймен күш құрылым қызметкер. 139 адам Алматы оқиғасында, оның 86-сы мемлекеттік органдар ғимаратына шабуыл кезінде өлген. Қазақстаның тағы да жеті аймағында күш құрылымдары әкімдіктерді, полиция мен ҰҚК департаменттерін қорғаған кезде 63 адамның көзі жойылған. Бүгінде 20 адамның атыс кезінде кездейсоқ өлгені анықталып отыр. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында, біреуі Тараз қаласында. Өлгендер арасында атыс кезінде бүлікшілер оғына ұшқандар да, блокпоста тұрған әскердің талабына бағынбағандар да бар.

ҰҚК Мемлекеттік төңкеріс жасау, билікті басып алу, аса ірі көлемде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Осы органның тағы екі басшысы билікті асыра пайдалану ісі бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда. ҰҚК-ның істеріне «ӨТЕ ҚҰПИЯ» деген белгі берілді. Осыған орай тергеу нәтижелерін жан-жақты жария ете алмаймыз. Заңның талаптарына сай мен ішінара деректерді ғана жария еттім.

Құрметті депутаттар! Бүгінде жедел тергеу іс шаралары жалғасуда. Қылмыскердерді іздеу, дәлелдемелерді жинау және бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиясы және кінәсіздікке қатысты заңнама талаптарын ескеріп, мен тергеліп жатқан істер бойынша шектеулі деректерді ғана келтірдім. Естеріңізге салайын. Тергеу мерзімі басталғанына екі айдан енді ғана асты. Мұндай ауқымды трагедияның мән-жайын анықтау үшін бұл уақыт жеткіліксіз. Көп жағдайдың куәлары жоқ. Кешенді сот сараптамалары және  полициялық зерттеулер тағайындалды. Нәтижелерін күтіп отырмыз. Осының барлығы фигуранттардың қатысу дәрежесі мен рөлін дұрыс саралау, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды анықтау, және ұрланған қаруды табу үшін қажет деп ойлаймын. Дей тұрғанымен барлық қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешімдер міндетті түрде халықтың назарына жеткізілетін болады», – деді Берік Асылов.

 

Ішкі істер министрлігі не айтты?

Марат Ахметжанов ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды — новости на  сайте Ак ЖайыкКелесі сөз кезегі ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа берілді. Марат Мұратұлы сөз басында бейбіт митингілер және оған полицияның араласуы туралы айта кетті. Әрі бұл істе полицияның қару қолдану мәселесі «Құқық қорғау қызметі»  туралы заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асырылды» дегенді ескертіп өтті. Жалпы қылмстық оқиғалар туралы баяндап шыққан Марат Мұратұлы тесерудің әлі де жалғасып жатқандығын, қолды болған қарулардың іздестірілу үстінде екендігін айтты. Әрі аңшылық дүкендерінен және басқада нысандардан ұрлаған қаруларды өз еркімен ішкі істер органдарына әкеліп тапсырған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындығын қадап айтты. 

Сөз кезегі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына келггенде, Олжас Абайұлы аталған мекеменің қарауындағы істер туралы баяндап берді. «Белгілі болғандай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ІІМ және прокуратурадан 125 қылмыстық іс келіп түсті. Агенттік 109 арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 234 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде. 11 арызданушының оларды жоғары температураны қолдана отырып азаптау фактысы бойынша тіркелген қылмыстық іс шеңберінде барлық кешенді жедел тергеу шаралары уақтылы өткізілді. Нәтижесінде арызданушылар оларға қатысты тиым салынған тергеу әдістерін қолданған полиция қызметкерін таныды. Барлық дәлелдемелер бекітілгеннен кейін анықталған қылмыстық іс арнайы прокуратораға берілді. Сонымен қатар арнайы прокурорларға қайтыс болу бойынша 8 қылмыстық іс берілді», – деді Олжас Бектенов. 

Ал осы оқиға кезінде болған шығындар туралы баяндаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мырзаның сөзіне қарағанда «Қаңтар оқиғасы» кезінде келген жалпы шығын 100 млрд теңгеден асқан көрінеді. «Жаппай тәртіпсіздік кезінде 1630 шағын және орта бизнес субьектілеріне 38,6 млрд теңге шығын келген», – деді Роман мырза. Мұндағы шығындарды жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған комиссиялар арқылы анықтап, кәсіпкерлердің тартқан зияндарын өтеу жағы да қарастырылып жатыр екен. «Төлемдер үкімет резервінен және жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады», – деді вице-министр.

 

Айтылған деректер

Жоғарыдағы тұлғалардың баяндамаларынан кейін де біраз адамдар сөз сөйлеп, Қаңтар оқиғасына қатысты деректермен бөлісті. Жалпы бүгінгі жиналыста белгілі болғаны – бұл оқиға кезінде 230 адам қайтыс болғандығы еді. Мінбеден айтылған сан 230 делінгенімен адам құқықтары жөнінегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша 238 адам қаза болыпты.

Ақтауда Алматыдағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты  Тело погибшего от рук погромщиков в Алматы курсанта КНБ доставили на  родину: 09 января 2022, 23:04 - новости на Tengrinews.kz  В Актау попрощались с курсантом погибшим во время теракта в Алматы

Бұдан бөлек мемлекеттік органның 42 ғимараты тоналған. Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру және қарапайым азаматтарға тиесілі 765 автокөлік өртелген. Бас прокуратура 35 мың жедел тергеу әрекетін, 20 мың тексеру, жауап алу және 3 жарым мың сот сараптамасын жасаған. Нәтижесінде 766 күдікті қамалыпты. Оның 27-сі эктремистік ұйым белсенділері, 24-і қылмыстық топтың мүшесі және 113-і бұған дейін түрлі қылмыспен сотталған азаматтар. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан шет елдік 19 азамат ұсталған. Олар елге еңбек мигранты ретінде келген. Елде тәртіпсіздік белең алғанда жұрттың қауіпсіздігін күзетеді деп сенген 2 полиция департаменті және Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшылары қарауындағы нысанды ішіндегі қару-жарақпен қоса тастап кетіпті. Бұл іс бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Қазір полицияның тергеуінде 2919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылыпты. Мемлекет Басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерудің маңыздылығын атап өткеннен кейін 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылған екен. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда отырған көрінеді. 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметшілер жарақат алған. Көптеген қызметкерлер әлі де ем алуда. Біразы денсаулықтарына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. 229 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданып, 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылса, қалғандары басқа жазаларына тартылған.

 

Өткір сауалдар, жадағай жауаптар

Баяндамалардан кейін «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының депутаттары сұраулар бере бастады. Алғашқы сұрақ қайтыс болған азаматтардың толық тізімінің қашан жария болатындығы әрі ашық жарияланбайтын болса оған не себеп болатындығы турасында болды. Берік Асылов бұған қарата, «Қайтыс болған адамдардың тізімін біз жариялаған жоқпыз. Ал ғаламторда жарияланып жүрген деректерде шикіліктер бар. Тізімдікті ашық жариялау, қайтыс болған адамдардың туысқандарына қосымша қайғы әкелуі де мүмкін. Сондықтан ашық жарияламай отырмыз», – деп жауап берді. 

Келесі сұрау «Қаңтар оқиғасын» тергеп-тексеру кезінде заңсыз азаптау тәсілдерінің қолданылғандығы және осындай жағдайларға қарата прокуратура тарапынан қандай ұсыныстардың болғандығы жайында болды. Бұған қарата Берік Асылов: «жылдың басында мұндай фактілер болды. Жаңа айтып өткеніміздей 243 істің ішінде 8 адам ҰҚК-ның, 1 адам ІІМ-ның қызметкері болған. Біз бұларды жасырып жатқан жоқпыз» деді. Яғни Ішкі істер министрлігінің қызметкері «үтікші полицейді» жасырмағандығын меңзеп өтті. Ал «Дики Арманның» ҰҚК-мен байланысы бар ма?» деген сұрауға бас прокурор: «Қазір Арман Жұмагелдиев және оның тобындағы адамдар қамауда отыр. Тексеру жүргізіліп жатыр. Ол туралы іс аяқталғаннан кейін мәлім болады», – деді. 

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан шетел азаматтары туралы сұраудан белгілі болғаны – «Бүгінгі күні қылмсытық өнідірісте 19 шетел азаматы бар. Олардың тәртіпсіздікке қатысуы туралы мәліметер әлі де өзгеруі мүмкін» деген жауап берілді. Ал Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің зорлықпен қатыстырылғандығы және олардың заңгерлік көмекке қолдары жетпей отырғандығы туралы сұрауға, «Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқандар болған жоқ. Мұнда меңзеліп отырғандары кезінде Балалар үйінде өскен, қазір басқа салада жүрген 29-30 жастардағы азаматтар. Олардың заңгерлік көмек алуы туралы жағдайлары қарастырылған», – деді. Ал тергеліп жатқан 243 адамның қаншасы лауазымды тұлғалар деген сұрауға «ҰҚК-ден 8 адам және 1 полиция қызметкері» деген жауап қайталанды. Марат Ахметжанов бұл сұрауды толықтыра келіп «Алматы облысында анықталған полиция қызметкеріне қатысты департамент басшысымен өзге де жауапты адамдар түгел қызметтеріне босатылғандығын» айтты. 

Депутат Ерлан Сайыров: «Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсақ бұзақылығы үшін ұсталған жас балғын азаматтар түрмеде отыр. Оларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып тағылыпты. Көпшілігіне дәлел жиналып жатыр делінеді. Менің сұрақтарыма ШҚО-ның прокуратурасы дұрыс жауап бермей жатыр» деді. Бұған Берік Ноғайұлы қысқаша ғана «Сұрағыңызға рахмет! Бұл жұмыстарды нақтылайтын комиисия жұмысына өзім де қатысып, анықтауға қатысамын деп ойлаймын» деді де өзге әріптесінің жауап беруін өтінді. «Бұл жұмыс ары қарай жалғасын табады» – деген жауап келді ол жақтан. Ал ҰҚК-ның басшысына қатысты Қазыбек Иса «мәселе Мәсімовпен бітпейтін секілді» деді. Бұл сұраққа берілген жауаптан білгеніміз «Мәсімов және оның үш орынбасары мен екі департамент басшысының тергеліп жатқандығы, істің барлық дәлелдері анықталса, Кәрім Мәсімовтың 17 жылға сотталуы мүмкін екендігі» болды.

Жалпы депутаттар тарапынан халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтар қойылғандығына таң қалуға болар еді. Дегенмен берілген жауаптардың барлығы тиянақты болды деуге келмейтіндігін жасыра алмаймыз. Көп санды сұрауларға «іс тергеліп жатыр, соңғы қорытынды шығаруға әлі талай уақыт бар» деген жауап айтылды. 

 

Біздің түйгеніміз:

Парламент қабырғасында өткен жалпы отырысқа Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің келіп қатысып, біраз мәліметтермен бөлісуі соңғы күндердегі басты жаңалықтардың бірі дер едік. Бас-аяғы 3 сағатқа созылған жиналыстан белгілі болғандары осылар... Ал әлемді дүр сілкіндірген «Қаңтар оқиғасын» нақты кімдердің ұйымдастырғандығы әлі күнге белгісіз қалып отыр. Қайтыс болған адамдардың саны да екі түрлі болып шықты. Ал террористердің нақты қайда дайындалғандығы, оларды кімдердің қаржыландырғандығы да қазірше «тексерілу үстінде» екен... Ендеше Президентіміз айтқан 20 мың террорист деген ақпараттың әлдекімдер тарапынан берілген жалған ақпараты екендігін түсіну қиын болмаса керек. Өйткені террорлық фактісімен анықталған істің мөлшері мен Қ.Тоқаев айтқан 20 мыңның арасында өте алшақтық жатыр. Кешеден бері бұл жиналыс туралы талқы қызып тұр. Әртүрлі пікірлер қарша борап тұр десек артық кетпеспіз. Солардың қатарында журналист Қасым Аманжолда ой тастапты.

 

Бұл жөнінде  журналист сауалдары

«Кешегі Парламент Мәжілісінің отырысында күштік құрылымның бүкіл жетекшісі келді, қойылуға тиіс ең маңызды сауал мыналар еді: 

1. Ескертусіз оқ ату бұйрығын Президент қалай, қандай жағдайда, кімнің кеңесімен берді? Ол бұйрық конституцияға сәйкес пе? Ертең адамзатқа қарсы әскери қылмыс ретінде қарастырылуы мүмкін бе, осыған заңды баға беруді сұраймын!

 2. Алматының Тәуелсіздік алаңында 6 қаңтардың кешінде сағат 18:30 бен 22:00 аралығында не болды? Ол жердегі «біз бейбіт халықпыз, террорист емеспіз» деп тұрған қарусыз жұртты бронды техникамен екі қапталдан келіп қырып салған қай бөлімше, қандай командир? Ол жағдай бойынша жеке қылмыстық іс ашылды ма?

3. Қаза болған 230 (омбудсмен дерегінше 238) адамның тізімін қашан жариялайсыздар? Әуелде айтылған «халықаралық террористер, 20 мың бандит» қайда? Анықталған 19 шетел азаматы «жаппай тәртіпсіздікке қатысу және ұрлықпен» айыпталып отыр екен, шетелдік экстремистер қайда сонда? Полиция мен әскер саяси басшылықтың билікті сақтау үшін бұрмалап көрсетуіне еріп өз халқын қырып тастады деп есептемейсіздер ме?

Қысқасы, мұндай сауалдарды біршама тізіп шығуға болады. Алайда мәжілістегі бұл ағайын баяғы ескі жолды таңдады...» деп өкініш білдіріпті. 

Әрине сұрау көп. Ал лауазым иелерінің сөздерінен түйгеніміз: «Қаңтар оқиғасы» туралы мәліметтер әлі де жаңаратын сияқты. Апараттың тасқынында жасап жатқан бүгінгі қоғамда бұл сұраулар да биік мінбелерден қойылатын күн алыс емес деп үміттенеміз. Өйткені Президентіміз «Жаңа Қазақстан құру» туралы бастама көтеріп жатқан жоқ па?

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 146
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449