​​ҚАТЕЛІКТЕРІНЕ КЕШІРІММЕН ҚАРАУ

​​ҚАТЕЛІКТЕРІНЕ КЕШІРІММЕН ҚАРАУ

Алла разылығы үшін бауыр болған адамдар бір-бірінің қате-кемшіліктеріне кешіріммен қарай білгені дұрыс. Қасиетті Құран Кәрімде: «Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы», – деп айтылған («Шура» сүресі, 43-аят).

Өкпелеу, ренжу, көңілге алып қалу әркімнің де қолынан келеді. Алайда кешіре білу – иманды, Алла Тағаланың кешірімінен үміті бар тақуа жандардың ісі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Кешірімділік етулерің тақуалыққа жақынырақ», – дейді («Бақара» сүресі, 237-аят).

Бауырының бойынан көңіліне жақпайтын іс көргенде мұсылман адам сабыр сақтап, оған бола өкпелемей, кешіре білуі керек. Тіпті, ренжу сезімін оятпау да қажет. Алла Тағала Құранда: «Өте әдемі түрде көңіліңмен кешір», – дейді («Хижр» сүресі, 86-аят).

Көңілмен әдемі түрде кешіру деген көңілдегі кірді алып тастаған соң, ол адамды айыптамау дегенді білдіреді. Жүсіп пайғамбардың қиссасында ағайындары көреалмаушылық қылып, оны құдыққа тастап, әкелеріне «қасқыр жеп кетті» деп өтірік айтып баратындығын білеміз. Бірақ өзіне зұлымдық қылған ағайындарын Жүсіп пайғамбар (Алланың сәлемі болсын) кешіріп:

«Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді кешірсін. Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі», – дейді («Жүсіп» сүресі, 92-аят). Осылайша, Жүсіп пайғамбар ағаларының оған қылған қылмыстарын еш сөкпестен, кешіріп қана қоймай, олар үшін Алла Тағаланың жарылқауын тілеп, дұға еткен.

Дереккөзі: Думан Сайфулла, «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабы
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 139
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 296
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 507

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 139
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 183
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 296
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 295
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 405