ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ – ҚОҒАМНЫҢ БЕТПЕРДЕСІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ   САЯСАТ –  ҚОҒАМНЫҢ  БЕТПЕРДЕСІ

Құқықтық саясат туралы әңгіме қозғалғанда алдымен халықтың құқықтық білімі, қоғамдағы өзгерістер мен кемшіліктерге деген біліктілігі  туралы айтылуы тиіс.  Себебі құқықтық  сауаты бар қоғам дамуға бет алған қоғам саналады. Елдегі құқықтық саясаттың іске асырылу да жалпыға  ортақ  ұстаным. Адам баласы өз құқығын біліп, оның орындалуын және іске асуын  қадағалаған сайын жарқын өмірдің беті ашылып, адамдар арасындағы құрмет күшейе түспек. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық саясаттың жүзеге асырылу барысын өзінің маңызды саяси шешімдері арқылы көрсетіп келеді. Соның бір мысалы – сот жүйесінің жаңғыртылуы. «Жоғарғы Сот төрағасы судьялардың біркелкі жағдайда әртүрлі шешімдер қабылдайтыны жөнінде маған бірнеше рет баяндаған. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Соның салдарынан қоғамда наразылық туындап, соттардың бәрі жемқор деген жағымсыз ақпарат тарайды. Осы орайда Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары мен сот тәжірибесіне жасалған шолуларды басшылыққа алу қажет. Сондай-ақ ІТ қызметтерінің талдау жасау мүмкіндігін пайдаланған жөн. Соттар қылмыстық процесті жүргізу барысында тергеу органдарына жалтақтамауы керек. Егер сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса, айыптау үкімін шығаруға болмайды. Судьялар табандылық танытса, тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың құқықтары да лайықты қорғалары сөзсіз», – деген еді халыққа Жолдауында.

Құқық саласымен Әділет департаменті айналысады, негізі.  Ол – ҚР Әділет министрлігінің жергілікті аумақтық органы. Елдің құқықтық саясатын жүзеге асыратын бірден-бір ұйым. Жергілікті жерде нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға жауап береді. Әкімдік, мәслихаттың шығарған қаулы, ережелердің заңға сәйкестігін тексеру де солардың құзырында. Халық осыны білуі тиіс.  Сот актілеріне теңестірілген атқарушы құжаттардың орындалуын  бақылау да департаменттің міндетінде. Кейбір әкімшілік құқықбұзушылықтарды сотқа жолдап, жұмыс істеуге де қауқарлы. Қазіргі таңда орган өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырып отыр. Сала ұдайы өзгеріске ұшырайды. Себебі, Заң жобаларына жиі өзгерістер еніп отырады. Бұл жақсы да, себебі заман осыны талап етуде.

Құқықтық саясаттың қалыптасуының теориялық әдістемелік талдауын жасай отырып, тұрақты құрылымдар мен белгілі бір қоғамдық топтардың мүддесін білдіретін саяси институттарды құқықтық реттеу үшін мемлекеттік және құқықтық құбылыстардың тығыз да үзілмес байланысы қолайлы мүмкіндіктер тудыратынын айта кеткен дұрыс. Бұл жағдайда, құқық әкімшілік, ұйымдастырушылық және басқа да шаралармен және құралдармен бірге нақты нәтижелерге жету және басқару аспабы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, егер саясатты жүзеге асыруда қоғамға ықпал етудің репрессивті, жазалау тұтқаларын қолдану талпыныстары жасалса, ал құқықтық саясат ретінде танылған құқық ондай шараларды қолдануға қарсылық танытуы қажет. Олай болмаған жағдайда, міндетті және саналылық туралы жалпы ойларға қарама-қайшы келеді немесе қоғамдық қатынастардың бұл тұстарын қарастырмайды. Қандай саяси режим жағдайында құқықтық саясаттың қалыптасып, жүзеге асырылатынын есепке алу аса маңызды.

Заң үстемдігін қалыптастыру – халықтың құқықтық мәдениетін дамытумен қатар жүретін процесс. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады. Құқықтық тәрбие,  бұл – құқықтық нигилизмге қарсы тұру және жеке тұлғаны қалыптастыру процесін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғамның құқықтық сананы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен жетілдірудің мақсатты және жүйелі қызметін көздейтін іс-әрекеттің күрделі және көп қырлы жүйесі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Құқықтық тәрбие заңның рөлін күшейтуге, қоғамның объективті шындықтың тәуелсіз факторы ретіндегі маңыздылығын түсінуіне және демократияны жетілдірудің, заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті нығайтудың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап беруімен түсіндіріледі.

Мемлекетіміз өзінің демократиялық даму жолында құқықтық саясатты дамытуға айрықша назар аударып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен ҚР Үкіметі 2002 жылы қабылдаған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» аса маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Оның нәтижесінде қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы  Конституциясы қабылданғандығын айта кету керек. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі көрсеткен заңды құжаттарда «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтiк, құқықтық мемлекет құруға ықпал етедi. Тұжырымдаманы iске асыру дәрежесi, тиiмдiлiгi құқықтық саясаттың, құқықтық нормалардың мазмұнын, қоғам мүшелерi секiлдi мемлекеттiк органдардың да, сонымен қатар олардың лауазымды тұлғаларының қаншалықты жете түсiнуiне де, нормативтiк құқықтық актілердiң нұсқамаларын ықыласты және адал орындау дайындығына да байланысты.

 

11.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620