"Қыз Жібек" фильмі қалай түсірілді?

"Қыз Жібек" фильмі қалай түсірілді?

Қыз Жібек – қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. 1970 жылы Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Бұл жыр – аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. «Қыз Жібек» десе балалық шағымыз еске түседі. Кешке қарай отбасымыз жиналып кешкі асты ішкен соң, әкеміз бізге осы «Қыз Жібек» жырын мәнерлеп оқып беретін. «Ер Баянды» анамыз ерекше мәтінмен оқитын. 1970 жылдары «Қыз Жібек» фильмі көрсетіле бастағанда ауылдың кішкентай мәдениет үйіне халық сыймай есік-терезеге дейін ашылып,  қысылып, қымтырылып көрген едік. Фильм сол кездегі Мәдениет министрлігінің қолдауымен түсірілген еді. Үлкен комиссия мүшелері жұмыс жасап, рөлдерде кімдер ойнайды, Х-ХІ ғасырдағы аңыз бойынша түсірілетін фильм Қазақстанның қай жерлерінде түсіріледі, ол кездегі адамдардың киімі, жүріс-тұрысы, міне осының бәрі пысықталды. Жақында осы фильмді түсірудегі  қиыншылықтар, жетістіктер туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді. Негізгі фильмнің арқауын театр және кино әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешева айтып отырды. Сценарийін жазған – Инна Смайлова. Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов кинодағы өзекті мәселелерге тоқталды. Негізі Бекежанның рөліне 7-8 әртіс таласқан, Төлеген рөліне 12 адам, ал Жібек рөліне 500-ге жуық қыз-келіншектер  таңдалыпты. 

«Мен орыс мектебінде оқыдым, үйдегі тәрбие қазақша, бірақ өзім қазақша сөйлей алмаймын. Әкем Қаратай қауіпсіздік комитетінде қызмет жасады, анам сол жерде хатшы болды. Қаладан-қалаға көшіп жүрдік. Анам көпбалалы ана. 

Іріктеуден өткен соң алдымен мені киноға түсіріп көрді. Қолымда жұдырығымның ішінде 5 тиын бар, үйге қайту үшін алып шыққанмын. Қайда қоярымды білмеймін. Кинода аттың үстінде шауып жүріп шашу шашатын көрініс бар. Сол көріністі түсіру үшін атқа шауып үйренуім керек. Ол да маған оңайға түскен жоқ. Атқа шабуды екі ай үйрендім. Сол кезде суретші Гүлфайруз Исмайлова, Бикен Римова, Фарида Шарипова секілді тағы басқа да апаларымыз менің білмейтінімді үйретті. 

Ең бірінші түсірілімде Төлеген екеуміздің киіз үйде отыратынымыз, маржандар шашылатын жер түсірілетін болды. Сұлтан Қожықовтың айтқанымен бәрін жасап отырдым. Білмейтінімді сұрайын десем, Құманды да жақсы танымаймын... Түсірілім барысында қиыншылықтар көп болды. Кино операторлар ауыр-ауыр аппараттарды көтеріп жүреді, жарық беру қиын, күннің ашылуын күтіп отырамыз. Қазір олай емес, бәрі басқаша. 

Кеңес өкіметі ыдыраған соң, фильм Мәскеуде мұздатқышта  сақтаулы  болатын.  Жылы жерде таспалар бір-біріне жабысып қалады. Соны Мәскеуге екі рет барып жүріп, ақыры алып келдім», – дейді Меруерт Өтекешова өткен күндерді еске алып. 

Асанәлі Әшімов Төлегеннің рөлін сомдаған Құман Тастанбеков туралы, фильмнің түсірілім барысындағы қиыншылықтарды әңгімеледі. Оның әкесі жылқышы болған, Сарқант өңірінде тұрған. Кинода қонтайшының туды алып қашатын жері бар. Режиссер «сол көріністі өзің жасайсың, әлде каскадерларды шақырайық па?» деген кезде Құман өзім жасаймын деп өзі атқа шауып, қонтайшының атына секіріп мініп туды алады. Оның өзі шеберлік. 

Фильмдегі актерлердің киім киістері, жүріс-тұрыстары – барлығы қазақ халқының мәдениетін, тұрмыс-салтын көрсете білді. 

Қазіргі жастардан «Қыз Жібек» фильмін көрдіңдер ме десек, иықтарын көтереді. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Тарихыңды білу, тегіңді білу адамзаттың міндеті емес пе? Оны білмесек кім болғанымыз?! Бұл фильм қазақтың кім екендігін көрсететін көркем туынды. Барымызды бағалай білейік!

Априза АЙТБАЕВА, ҚР Құрметті журналисі
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363