Ресейдегі Еркін халықтар форумы

Ресейдегі Еркін халықтар форумы

Тәуелсіз татар басылымдары «22-24 шілде аралығында Чехияның Прага қаласында Ресейдің еркін халықтарының форумы өтеді» деп хабарлады. Таратылған ақпараттарда форумға қатысушылар Ресейді құрылымдық жақтан қайта құру мен отарсыздандыру мәселелерін талқылайтын көрінеді. Яғни «әміршіл империалистік мемлекеттен еркін, тәуелсіз және демократиялық мемлекетке» айналу, «Ресей құрылымын түбегейлі өзгерту мен қайта құру» сынды мәселелерді талқыламақ. Жиында қаралатын негізгі мәселелердің қатарында Ресейді құрылымдық жақтан қайта құру, тарихи-мәдени аудандар мен аймақтардың экономикалық және саяси дамуы, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету, халықтардың әлеуметтік әл-ауқаты секілді мәселелер бар. Сонымен қоса Ресейден кейінгі географиялық кеңістікті саяси түрлендірудің нақты технологиялары талқыланады», – делінген сайт хабарларында.

«Кремльдің әрекетінің салдарынан Ресейде тұратын 144 миллион халықтың болашағы құрдымға кетіп жатыр... Белсенді әрекет жасап, жағдайды өзгертетін уақыт жетті. Бүгінде аймақтың табиғи ресурстары, адамдардың еңбегі мен таланттары мәжбүрлі түрде жойылуда. Ресейдің саяси, экономикалық және еркін халықтар форумы жаңа саяси көшбасшыларға, аймақтық және ұлттық қозғалыстарға, азаматтық белсенділерге, сарапшылар қауымдастығына және елді империализмнен тазарту қажеттігін түсінетіндерге арналған алаң болып табылады», – дейді форумды ұйымдастырушылар.  

Бұл форумды ұйымдастырушылар 15 шілде күні баспасөз мәслихатын өткізген. Осы шараға қатысқан «Азат-Еділ Жайық» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, татар қоғамдық қозғалысының өкілі Рафис Қашапов форумды халықаралық деңгейде мойындау керектігін айтты.

«Украина депутаттары Ичкерияны шешен халқымен ынтымақтасуға шақырды.  Мен басқа демократиялық елдерді татар халқына осындай қолдау көрсетуге шақырамын», – деді ол.

Шараға Башқұртстаннан Руслан Габабсов, Татарстаннан Рафис Кашапов, Новосибирскіден Илья Пономарев, Коломнадан Геннадий Гудков және АҚШ, Ұлыбритания, Литва, Украина, Польшадан келген халықаралық сарапшыларды қосқанда Ресейдің түкпір-түкпірінен 20 ұлттың өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Ресей Федерациясы құрамындағы Республикалардың ұлтшылдары кейде Ресейден бөліну туралы пікірлерін жасырмайды. Алайда олардың көпшілігі қазіргі таңда мұның мүмкін еместігін амалсыздан мойындап отыр. Дегенмен Мәскеудің уысында отырса да ана тілдерін дамытып, ұлттық болмыстарын сақтап қалу секілді өзекті мәселелерді ресейлік ақпарат кеңістігінде ашық айтып жүр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін оның мұрагері болып қалған Ресей Федерациясының құрамында 21 республика бар. Құжат жүзінде «Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер» ретінде көрсетілгенімен, олардың әрқайсысының жағдайы әртүрлі. Мысалы, Якутияның жер көлемі үлкен болғанымен, өнеркәсіптік әлеуеті мен сахалардың жан санын Татарстанмен салыстыруға мүлде келмейді. Алайда орысқа сіңіп кету қаупіне алаңдайтын ұлтшыл азаматтар ең әуелі ана тілдерін сақтап қалуды көздеп отыр. Алайда оның өзін тар шеңберде қарастыру қажет. Сәл ғана мүлт кетер болса, «мемлекет тұтастығын бұзу туралы» заңның тармақтарына ілініп кетуі ғажап емес. Өйткені 2020 жылдың соңында Ресей Президенті «Мемлекет тұтастығын бүлдірушілерді жауапкершілікке тарту туралы» заңға қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, бұл тармақтарды бұзған айыпты адамдар 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар ұлттық тұтастықты бұзу туралы жария түрде үндеу жасалған жағдайда, егер бұл бірінші рет болса, әкімшілік жаза қолданылады. Осы ескертуден кейін бір жыл ішінде бұл әрекет қайталанса, қылмыс болып саналады. Осы мақсатта Ресейдің Қылмыстық кодексіне ұлттық тұтастықты бұзғаны үшін жаңа бап қосылды.

Ресей Федерациясы құрамындағы Саха, Татарстан, Башқұртстан, Бурятия, Қарашай-Шеркесия, Таулы Алтай, Хакасия сияқты республикаларда қазақтармен түбі бір түркі халықтар өмір сүріп жатыр. Бір өкінішті жері аталған елдердің атаулары «Республика» болғанымен, Ресей құрамындағы автономиялар саналады. Сондықтан Түркі елдері кеңесі секілді халықаралық ұйымдарға мүше ретінде қосыла алмайды. Әрі дербес ел ретінде дипломатиялық қатынас орнатуға да мүмкіндіктері шектелген. Сондықтан «алыстағы әрі жақындағы түрік бауырларымыздың» ұлт ретінде сақталып қалу мәселесі өте күрделі жағдайлармен бетпе-бет келіп отыр.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593