Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Геннадий Зюгановтың шовинистік мәлімдемелеріне үн қата бастады

Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Геннадий Зюгановтың шовинистік мәлімдемелеріне үн қата бастады

Қазақстан депутаттары Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Геннадий Зюгановтың шовинистік мәлімдемелеріне үн қата бастады, деп жазады inbusiness.kz. 

 

Еске сала кетсек, Зюганов қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан «русофобиялық» саясат ұстанып отыр, солтүстік облыстарының тұрғындарын Ресей билігі қорғауы керек» деген болатын.

ҚР Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев ресейлік депутаттың пікірін «саяси жауапсыздық және қиын жағайда елді арандату» деп бағалайды.

«Г.А.Зюгановтың орыс тілді азаматтарға қатысты «озбырлық» туралы мәлімдемесі біздің еліміздегі нақты жағдаймен ешқандай байланыспайтынын көруге болады (!). Қазақстан – этносы мен діни сеніміне қарамастан барлық азаматтың құқықтары мүлтіксіз сақталатын құқықтық демократиялық мемлекет. Осы ретте Қазақстандағы тіл саясаты елімізде тұратын барлық этностық топтардың тілдерін қолдау арқылы мемлекеттік қазақ тілін дамыту қағидатына табан тірейтінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар Зюганов мырзаға Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы сенімді шарттық-құқықтық базаға негізделетінін де жеткізгім келеді. Біздің елдеріміз арасында 4 мыңнан астам келісім мен шарт жасалды. Екі елдің мемлекет басшылары қос тараптың мүддесін білдіретін барлық маңызды мәселе бойынша тұрақты түрде кеңесіп, консультациялар өткізіп тұрады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың негізі 2013 жылы қол қойылған ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт екені де белгілі.

Біздің елдеріміздің байланысы мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу, тең құқылы және ішкі істерге араласпау, аумақтық тұтастықты, мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын мойындау қағидаттарына негізделеді.

Өкінішке қарай осындай жауапсыз мәлімдемелер біздің елдеріміздегі онсыз да қиын жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Халықтарымыз арасындағы бейбітшілік пен келісімді жоғары бағалап, соның қадірін түсініп, оны күмәнді саяси ойындарға пайдаланбауымыз керек (!).

Сондықтан осындай шетелдік әріптестерімді пікір білдірген кезде салмақты әрі салқынқанды болуға, Қазақстандағы жағдайды бағалау кезінде алып-қашпа сөздерге емес, нақты деректер мен мәліметтерге сүйенуге шақырамын», — деді Күрішбаев.

09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765