Шелек ауданы қайтадан ашылсын! деп өтініш еткен өңір тұрғындарының ашық хатын назарларыңызға ұсынып отырмыз

Шелек ауданы қайтадан ашылсын!  деп өтініш еткен өңір тұрғындарының ашық хатын назарларыңызға ұсынып отырмыз

Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 

Екі жыл бұрын  елбасына және басқа да құзырлы органдарға жіберілген ашық хатымыз жауапсыз қалды. Бүгін хатымызды жаңғыртып өзіңізге жолдап отырмыз.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек өңірі тұрғындарынан өтініш хат:

Тәуелсіздік алған уақыттың алғашқы жылдарында, қиын-қыстау кезде, біздің  120 мың халқы бар Шелек ауданы Еңбекшіқазақ ауданына қосылған еді. Алматы облысындағы Ақсу (40 мың), Көксу (40 мың), Балхаш (30 мың), Қаратал (47 мың) сияқты 4 ауданның халқын жалпы қосқанда жалғыз Шелек өңірінің халқымен тең. 1997 жылғы аудандық кіріс басқармасы саралауы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының жылдық бюджетінің 62,5 пайызы Шелек өңірінің 33 елді мекендерінің үлесіне тиесілі еді. Нарық көшімен бірге ел көркеюіне атсалысып, еңбектеніп жатқан жай бар. 

Шелек өңірінде де айтарлықтай өзгерістер бар. Халықаралық маңызы  зор  Алматыдан  ҚХР-на баратын Алматы-Қарғос темір жолы, Шелек стансасы  салынды. Шелек өңірі 130 шақырым жерін  басып өтетін  Батыс  Еуропа-Батыс Қытай  тас жолы  салынып үлкен логистикалық орталық салу мүмкіндіктері ашылды. Шелек өңірінен газ құбыры тартылып, тұрғын үйлерді газбен жылыту мәселесі шешілгелі тұр. Жаңа жұмыс орындары ашылып,  жастардың қалаға көшуіне тежеу болмақ.

Өңір тұрғындары  демографиялық, экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктерді ескеріп, Шелек ауданын қалпына  келтіру мәселесін көтеруде. 

Елбасы Н.Назарбаевқа жазылған ашық хат адресатқа  жетпеді-ау шамасы, АҚ Батаның ауылына көз жетпеген соң, 12 желтоқсан 2019 жылы  Шелек өңірі тұрғындарының  өтініші  Астанаға   Қазпошта  арқылы  жіберілген еді.

1997 жылғы  ҚР Премьер Министрі Ә.Қажыгелдиннің бастамасымен жүргізілген оңтайландыру кезінде Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданы құрамына халықтың келісімінсіз Шелек  ауданы  қосылған болатын.  

Тарихқа жүгінсек, 1928 жылы Алматы округінде 21 аудан құрылған. 

ХVIII ғасырда жоңғар қалмақтары басқыншылығына қарсы күрестерге қатысқан Шадай, Шағаман, Малай, Әжібай, Қорам, Малыбай, Байсейіт батырлар, Бақтияр, Сабыншы, Сердалы Сүгір, Қараш билер, Алашорда үкіметі мүшесі                                                                     С.Аманжолов, кеңес өкіметін құрушы  А.Шынболатов өмір сүрген өңір.

1941-1945 жылдары 5200 азамат Ұлы Отан соғысына қатысып, олардың 2000-ы  майдан шебінен оралмаған.  Т.Қабылов, Ж.Қайыпов, П.Вихрев, Т.Кенжебаев, Ы.Қалдыбаев, М.Якупов Кеңес Одағы Батыры атанған. Ә.Дарванқұлов 100 мың сом, Қ.Бектемісова 50 мың сом  ақшаларын майданға жіберген.

Еңбек Ері атағына  құрылыста  И.Бутымов пен С.Жарылқасынов, темекі өсіруде  А.Бертаева, Ү.Үсенов, бақташы Ә.Сыдыққызы,             Ж.Боқбасаров, Т.Тоқпанов, балықшы  Т. Әлімбетов ие болған. 

Ерен еңбегімен танылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаттары Ленин ордені иегері О.Ысқақова,  Ә. Тәжібаева, З.Өзбекова, С.Тасыбекова,  «Құрмет белгісі»  ордені иегері, Қаз ССР коммуналдық қызметі еңбек сіңген қызметкері К.Сүтбекованы, қайраткерлер  А.Белянская, К.Ибраева, М.Қадырова,  Н.Арықова т.б. жүздеген өңір қыздарын мақтаныш тұтамыз. 

Қоғам  қайраткерлері  М.Әлдербаев, Т.Әміров, Х.Бижанов,                Б.Глаудинов, Ж.Жұмабеков,             Ө.Кенжебек, Е.Сұлтанғазиев, Т.Теменов, М.Тоқашбаев, Т.Ұзақов, Қ.Ұлтарақов,  К.Үшбаев т.б. еңбектері бағалы.  

Бүгінгі күні  өңірде  аудандық статусы бар  ішкі істер бөлімі, аудандық сот участкесі, аудандық прокуратура, халық банкісі,  Каспий банк бөлімдері, шағын кредит беретін мекеме, 250 орындық аурухана, музей, архив, халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, байланыс орталығы, орман шаруашылығы, Шелек су құбыры, Шелек электр жарығымен қамтамасыз ететін кәсіпорын,  мал дәрігерлік станция,  жол торабын бақылайтын кәсіп орын,  саз, спорт мектебі, 2 колледж т.б. жұмыс атқаруда. 

Біз қазір Еңбекшіқазақ ауданы құрамындағы бұрынғы территориясы – Сөгеті,  Малыбай,  Масақ,  Бартоғай, Асы, Қаражота, Қорам, Қаратұрық, Тескенсу, Қазақстан және Шелек ауылдық округтары  орналасқан жерімен  қайтадан Шелек ауданын  құруды сұраймыз.  

Шелек ауданын қайта құру – халық жағдайын жақсартуға, экономиканың  дамуына  оң ықпал етеді, жұмыссыздық азаяды, ел болашағы-жастар  ауылды жерде тұрақтануына жол ашады, ел тыныштығы сақталып, қылмыс түрлері азаюына да түрткі болады.  Өңірде   өзін-өзі алып жүруге жағдай жетеді.       

Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданы территориясы өте үлкен болғандықтан  елдімекендерге ешбір мән берілмей  азық-түлік,  күнбе-күн пайдаланатын тауарлар бағасы, жолаушы тасу бағасы, мақсаттаған жерге жетумен қатар, адам денсаулығын сақтаумен тікелей байланысты мәселелерге тиісті органдар тарапынан қадағалау жоғалып,  баға саясатын делдал шешетін жағдайға жеткізу қарапайым халық тарапынан наразылық туғызбай қоймайды.

Білімсіздіктен туған шарасыздықты нарыққа итермелемей, әр мәселенің түбіне үңіліп, нақты талдау жасап, экономиканы алға бастыратын құралдарды  іске асыратын уақыт жетті.

Нарық көшімен  бірге  ауылдастарымыз  ел көркеюіне атсалысып, еңбектеніп жатқан жай бар, соның арқасында Шелек өңірінде де айтарлықтай өзгерістер болды. Өңірі бойынша  кешегі 19 кеңшар орнына 5800  шаруа қожалықтары,  97  ЖШС, 2 мыңнан астам  жеке кәсіпкерлер,  АҚ шаруашылықпен айналысады, жұмыспен қамтылған. Өңірде  2 винозауыты жұмыс жасап,  өңдеу  өнеркәсіп орындары ашылуда. 2019-2020 жылдары суармалы егістікке отырғызған дәнді дақыл, көп жылдық шөп, жүгері мен соядан  су тапшылығынан диқандарымыз өнім  ала алмай қалған  жағдай бар.  

Аудан қысқарып кеткеннен кейін 20 мыңдай  адам  қалаға жылжыған еді.  Бүгінде  жергілікті халық саны жылма-жыл өсуде. Туылғандар саны қайтыс болғандардан  4 есе көп. Елде урбанизация желі ауылдықтардың  қалаға көшуінің үрдісін көрсетсе, Шелек өңірінде бұрынғы кеңшарлар қыстақтары Ақтоған, Ақтума, Бабатоған, Бесбаз, Бұрандасу, Киікбай, Көкпек, Көктерек, Қызылбаз, Петрушка, Сартау, Таусүгір, Тауықбаз, Шадайда  шағын ауылдар пайда болып, 1 мыңнан астам қой, 300 бас сиыр бағып отырған шаруа қожалықтары, Қытайдан келген қандастар әр отбасы 150 қой, 20 сиырға ие.     

Астана мен Алматыдан  қалталы және лауазым иелері өңірден жер алып, кәсіпорын ашып жұмыс жасады. Ауданға үкімет тарапынан бөлінген қаражатты да солар пайдаланды.  Бүгінде Есік өңірінде  ресурс аяқталды. 

Өңірде жағдай күннен-күнге қиындаған соң тұрғындардың бірнеше рет мәселелерді көтеруінің арқасында 10 ауылда су құбыры желілерінің құрылысы мен қайта жаңартылуы, су құбыры желілерінің ағымдағы жөндеуі, 17 ауылда су қысымды мұнаралардың дренаж және қалпына келтіру жұмыстары, 8 ауылда электр беру желілерінің құрылысы жүргізілді,  2018 жылдан бастап Шелек ауылында кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (аяқталған жоқ). Шелек ауылында 1 орта мектеп, балабақша салынды  2 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Шағын спорт алаңдары салынуда. Діни наным-сенімдерін пайдалануға 5 мешіт, бір шіркеу бар.  

Шелек өңірінде қуат көздері:  су қуаты, жел қуаты, күннің көзінің қуаттарын  отын ретінде пайдалануға, ал табиғат қорларын демалу, тынығу, тоқалу, күшею мақсаттарында пайдалануға мүмкіндіктер баршылық. Өңірде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.     

Қуаттылығы жылына 2500 т құс етін өндіретін «Нұрлы Құс» ЖШС құс фабрикасы салынып, іске қосылды, 120 жұмыс орны ашылды, 1,8 млрд теңге инвестиция салынды, қуаттылығы 500 тонна «Ақтай сауда» ЖШС ет комбинаты жұмыс істейді, 30 жұмыс орны құрылды, 550 млн теңге инвестиция салынды. Масақ ауылдық округінде қуаттылығы 5 МВт екі жел электр станциясы салынды, инвестиция сомасы 2,2 млрд теңгені құрады;  Қуаттылығы 4,5 МВт болатын «Нұрлы ЖЭС» жел электр станциясы бірінші кезегі салынды.  Сөгеті ауылдық округінде қуаттылығы 200 МВт күн ЭС құрылысы;  Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт ГЭС каскадының құрылысы. Аталған жобалар бойынша 130 млрд теңге  инвестиция тартылады. «Жетісу вольфрамы» ЖШС  Бұғыты тау-кен байыту комбинаты  жобасы қуаттылығы – 3,3 млн тонна кен, жоба құны – 95 млрд теңге, 350 жұмыс орны ашылады.   

Тауқаратұрық ауылында «Алма Матер Филдс» ЖШС  118 гектарға интенсивтік бақ отырғызды. 3600 тн ірі жеміс сақтайтын қойманы іске қосты. Инвестицияның көлемі 4,5 млрд теңге.  Қорам ауылында 3,0 млрд теңгеге сыйымдылығы 8 мың т құрайтын «Феникс групп» ЖШС қоймасы Тескенсу ауылында 2,1 млрд теңгеге 5 мың тн. «Арнау агро» ЖШС-нің қоймасы.  

«Энергия  Семиречья» ЖШС  компаниясы 30 млрд теңгеге 60 МВт қуаттылығымен 24 жел электр станциясының құрылысын бастады. 8 ауыл да электр беру желілерінің құрылысы  жалғасуда. Бартоғай су қоймасына  қуаты 33,1 МВт  су электр станциясын салуға «Жарық-Су LТD»-ға  туннель салынуына жұмыс істеуді бастады. 2018 жылы Нұрлы ауылында «Самұрық Грин Энерд жи» компаниясы «City Construction LTD» қытайлық компаниясымен бірлесіп 2 млрд 368 млн теңгеге 2 жел электр станциясының құрылыс жобасын іске асырды.  «Техностройстандарт» ЖШС 148 млн теңгеге Нұрлы ауылында 220 ауланың 108 ауласына жаңа құбырдан су тартылды.  Достық ауылы мен Тауқаратұрық ауылында су құбыры жүйесі салынып, пайдалануға берілді. Лавар ауылында сметалық құны 28 млн теңге, ұзындығы 2,5 шақырымдық су құбыры желісі тартылып, пайдалануға берілді.

Қ.Ұлтарақов ауылы су жүйесі жобасы 483 млн теңге сараптамадан өткізіліп, су құбыры тартылуда.  Шелек өзені бойында 20 мгв ГЭС,  Нұрлы  ауылында  жел  қондырғысы станциясы,  күн көзінің энергиясын пайдалану 200 мгв электростанциясы құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Ащысай ауылында 0,5 га жылыжай жұмысын бастады.  Кәсіпкер  Б.Нұрбеков  алаңы 1,5 га жылы жайында  0,75 га қызанақ, 0,75  қияр өнімдерін өндіруде. Кәсіпкер В.Хан 1 га жерге жылыжай салып, 21 млн 801 мын 479 теңге инвестиция тартты және 6 адамды жұмыспен қамтыды. 

Тоған шаруашылығында  тұқы, дөңмаңдай, алабалық, бекіре, ақ амур өсіріледі. Жалпы қуаты 300 млн  инкубация цехы бір маусымда тұқы балықтың 70 млн шабағын береді.  

Шелек өңірі табиғи-климаттық жағдайы экономикалық аудандастыру бойынша  алма, жүзім, қызанақ, бақша өнімдері көрші аудандардан ерте піседі.

Егістік жерлерді суландыру мәселесінде тіршілік нәрін шығынсыз тиімді пайдалануда  шаруашылық аралық ескірген  арық жүйелерін жаңартып,  Бартоғай су қоймасының мүмкіндігін  дұрыс пайдалансақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобадағы  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін есе көбейтуге үлкен жол ашылмақ.  

Алматы-Хоргос  тас жолы астында Шелек өңірі  Қапшағай  мен  Іле өзені бойында,  пайдаланылмай жатқан мыңдаған гектар жер асты суы жақын жерлерді, суын скважина арқылы  алып, төңіректі гүлдендіруге болады.  

Биыл тек Шелек ауылының дамуына 2 млрд 500  миллион теңге инвестиция тартылды.  600 миллион теңгеге  Шелек ауылында 60 пәтерлік үй құрылысы басталды. 232 гектар жерге  инфоқұрылым электр жүйесі, су құбыры тартылып, 1400 отбасы жер телімін алып үй салуға даярлануда. 360 миллион теңге орталық саябақты абаттандыруға жұмсалып отыр. Халқымыз басынан өткерген  жағдайлар өңір тұрғындарынан  да алшақ болмады. Күнбе-күн туындайтын тұрмыстық мәселелермен аудан орталығы  барып келу Шелек өңіріндегі  6 мың «Батыр ана», Алтын  және Күміс алқа иегерлері,  көп балалы отбасыларға  қиыншылық тудыруда. Ленин ордені иегері  Т.Хамраева, «Октябрь Революциясы» ордені  иегері                                           Т.Ильясова,  М. Байсадықова, Д.Әбдіқалықова  сынды 10 бала  өсірген алтын құрсақты «Батыр аналар» еліміздің болашағын ойлап: «Шелектен 90 км аудан орталығында өтетін жиналыстарға қатысу, бір жапырақ анықтама қағаз алу, кассалық аппарат тексерту, жұмыссыздықты тіркеу, әскери міндетті жастар комиссиядан өту үшін,  аудандық ауруханаға тексерілуге бару  т.б. шаруа тындыру үшін өңірдегі ауылдардан Есікке жету оңай емес. Аудан орталығына  9-11 кластарда  оқитын балаларын  тест алуға  апару,  34 мектептен 9-10 кластағы оқушыларын әскери есепке тіркеуге, медкомиссиядан  өткізуге 3 күн бойы апару  әр ата-ананың қалтасын тесіп, жүйкесін  құртады», – дейді.

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!  

Шелек өңіріндегі  33 елді мекен 120 мыңнан астам тұрғындары атынан 5  мың адам (200 парақ), 37 ұлт өкілі 18 этномәдени орталықтары (600 адам), есімдері құрметпен аталатын 55 адам, Ауған соғысына, Чернобыльге  қатысқан 20 адам  және ынталы топ қол қойған  өтінішті Ақ батаңызды  алғаннан  соң  атқарушы органдарға  жолдауды ұйғардық. 

 

Қол қоюшылар:

Абдукаримова  Кайша, ҚР үздік дәрігері, «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерінің  иесі.  

Айтақынов Әбілбек,  «Құрмет белгісі» ордені,  «Ерен еңбегі үшін» медаль иесі, ауданның  «Құрметті азаматы»,  Шелек  ақсақалдар алқасы төрағасы

Алдабеков Макажан,   «Алмас»  шаруа қожалығы, ауданның «Құрметті  азаматы»     

Амантаева Майра,   КСРО Жоғарғы Кеңесі  депутаты, «Еңбек  Қызыл Ту»,  «Құрмет белгісі» ордендері,  « Ерен  еңбегі  үшін» медаль  иегері,  ҚР  білім беру  ісі Үздігі                                                                                

Апеков Ерлат, кәсіпкер,  «Қарашаш ана»  қоғамдық ұйым жетекшілерінің бірі      

Асанбаев Сматай,  Ленин 100 жылдық медалі иесі,  ауданның «Құрметті азаматы    

Әбдрешев Әлден, «Тыл», «Еңбек ардагері» медаль иесі, ауданның  «Құрметті азаматы»

Әміров Қайрат, «Құт жер» жеке шаруа қожалығы жетекшісі     

Бағжанов Асқар, еңбек ардагері 

Бағжанов Асхат, Алматы облысы Кеңесі депутаты, еңбек ардагері

Байқалықұлы Елубай, кәсіпкер, ауданның «Құрметті азаматы»

Байшығашев Саймасай,  аудандық  маслихат  депутаты, «Құрметті азамат»      

Бекболатов Сайлыбай,  ғалым,  академик,  КСРО өнертапқышы атағы иегері      

Бекенов Оразбай,  «Құрмет Белгісі» ордені иегері, ауданның «Құрметті азаматы»

Бижанов Ақан Хусайынұлы,  Қазақ ССР  Жоғарғы Кеңесі, ҚР Парламенті Сенаты 3,4-6 ш.  депутаты,«Құрмет», «Парасат» ордендері  иесі, ҚР Білім және ғылым министрлігі  философия, саясаттану және дінтану институты директоры    

Волокитин Виктор,  Алматы облысы маслихаты депутаты, ҚР білім беру үздігі

Газиева Адалят,  аудандық маслихат депутаты, ауданның «Құрметті азаматы»

Даутқұлов Аянбек,  «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері  иегері   

Доғалов  Бешен, « Құрмет белгісі» ордені иегері,  Алматы облысы  «Құрметті азаматы»

Елемесов Ережеп, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері иегері

Жабықбаева Гүлбану, еңбек ардагері                    

Жапеков Әлібек, «Қарашаш  ана»  қоғамы  Шелек өңірі  төрағасы 

Желеуов  Жақып, «Құрмет Белгісі»  ордені  иесі, облыстық  маслихаты депутаты

Заиров Амет,    «Ұлы Отан соғысы балалары»,  Жеңістің 70 жылдығы медалі   иегері            

Заиров Марат, құрылысшы, «Еңбек Қызыл Ту»  ордені  иегері

Ибраева Күләш,  КСРО еңбек сіңірген кітапханашы, «Ерен еңбегі үшін» медалі  иегері   

Ильясова Турсунбуби, «Октябрь Революциясы» ордені,  «Батыр Ана» 

Кабанов Дорофей,  Алматы облысы 1-нші Ассамблеясы мүшесі, ағарту  үздігі      

Каримов Камел,  еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» ордені иегері

Көпшілбаева Айткүл,  «Құрмет белгісі» ордені,  «Ерен еңбегі үшін»  медалі  иегері

Қайыпжанов Елмұрат, спортшы,Европа, әлем жеңімпазы, аудан  «Құрметті азаматы»

Құлжабаева Нұржамал,  «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері  иегері  

Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы,  кардиохирург мғк, РМА ассоциаланған профессоры

Қожабеков Ерақын, хирург, ҚР денсаулық сақтау ісінің  үздігі

Марат Айгүл, заң  ғылымы кандидаты,   ІІМ  академиясы  оқытушысы,  полковник         

Мұқатжанов Айбекқали,  «Еңбек Қызыл Ту» ордені иесі, аудан  «Құрметті  азаматы»

Мұхаметқалиев Нұрлан, Лениннің 100 жылдық медалі  исі Журналистер  Одағы мүшесі

Мырзақұлов Ұзақбай,  «Еңбек Қызыл Ту» ордені иегері

Нақысбеков Қырғызбай,  ақын,  республикалық   жүлделер иегері          

Наманов Ходжи, «Еңбек Даңқы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендері иегері              

Насыров Иминжан, ҚР Парламент Мәжілісі экс депутаты, аудан  «Құрметті   азаматы»

Нұрбеков Сайлау, «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медаль иесі                                                                   

Омаров Ержан,  Ауған соғысы және Чернобыль ардагерлер ұйымы  жетекшісі 

Орынбетова Алмагүл, « Ерен еңбегі  үшін», Ленин  100 жылдығы медалдері иегері,  Казақ ССР  Тұтынушылар Одағының үздігі,  ауданның  «Құрметті азаматы»

Өзбеков Өмірзақ, қоғам, мемлекет қайраткері, «Құрмет белгісі» ордені иегері

Рақымжанова  Мәкен,  ҚР  халық артисі, «Құрмет белгісі» ордені»,  «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, ауданның  «Құрметті азаматы»       

Рахимов Асқарбек,    Халықаралық  Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамының 

«Ника» статуеткасы  иесі, «Жұлдызды  Емші»,  ауданныңы  «Құрметті азаматы»

Розахунов Жамшит,  ҚР ЖО мүшесі, И. Бахтия» сыйлық иесі, «Құрметті  азамат» 

Таиров Маруп, «Еңбек Даңқы» ордені   иегері

Тоқашбаев Марат, ҚР Педагогика  ҒА академигі, Алматы облысы «Құрметті азаматы»    

Төребаев  Әскербек,  КСРО  өнертапқышы, Еуроазия заң академиясы профессоры     

Тұяқов Тоқтасын,   Қазақ  ССР  ағарту  ісі  үздігі, «Ерен еңбегі үшін»  медалі  иегері, Халықаралық  Туризм Академиясы  академигі,  ауданның   «Құрметті азаматы»

Сокуров Жұмахан,  «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі»  ордендері  иегері,  Қазақ ССР ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер, ауданның  «Құрметті азаматы»

Сұлтанғазиев  Елеусіз, «Бәйтерек Келдібек» қоғамдық қоры жетекшісі, Алматы облыстық маслихаты  депутаты, Еңбекшіқазақ ауданы «Құрметті азаматы»   

Умекова Гүлжан дәрігер, аудандық маслихат депутаты,  «Құрметті азамат»

Усманов Илшат, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан  халқы  Ассамблеясы мүшесі

Ушбаев Кеңес,  ғылым  докторы,  профессор, Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесі  экс депутаты, «Құрмет белгісі» ордені  иесі,  ҚР  денсаулық  сақтау  ісінің  үздігі,     

Шәкіржанова Фарида, «Құрмет белгісі» ордені,  «Еңбек ардагері»  медалі  иегері.   

 

Шелек өңірінде тұратын 

37 ұлт өкілдерінің  атынан 

 

Азербайджан «Хазар» қоғамы  25 адам қол қойған   С.Салимпур    

Армян «Ван» қоғамы 21 адам қол қойған Л. Кишишян

Белорус «Радима» қоғамы  19 адам қол қойған   В.Куратник

Болгар «Злата» этномәдени орталығы  15 адам қол қойған  К.Сенжерлиев

Грек Эльпида»  этномәдени орталығы  28  адам қол қойған    П. Колианиди

Дүнген «Юнчи» орталығы  20 адам қол қойған Ы. Бакиров

Қытай 7  адам қол   қойған Ко Фен Чуан

Корей  этномәдени орталығы  13 адам қол қойған В.Тю

«Барбанг» курд  ассоциациясы,  20 адам қол қойған  О.Мустафаев

«Возрождение» неміс этномәдени ортаығы  13 адам қол қойған  Ф.Гизбрехт                                                      

Славян «Лад» қозғалысы,  22 қол қойған Д.Кабанов

Татар-башкұрт мәдени орталығы «Тан», 23 қол  қойған С.Абдуллин

«Ахыска» Түрік этномәдени орталығы  38 қол   қойған  Н.Абилов

«Оберег»,  украин  орталығы   15 қол   қойған                 Л.Иваненко

Өзбек  этномәдени орталығы    9    қол  қойған  К.Дадамурзаев

Ұйгыр этномәдени оталығы  41  қол қойған                   М.Абдуллаев 

«Вайнах» шешен-ингуш  орталығы   34 адам қол қойған   С.Пайзиев

 

 

Чернобыль ардагерлері:

Аюпов Юнусжан Изимович  ЛПИИ-Ч  3 топ мүгедек,   Избакиев Турсун Пидахметович инв.З гр ЛПИИ-Ч  3 топ мүгедек,   Турсунов Малик; ЛПИИ-Ч,    Турганов    Исламжан      ЛПИИ-Ч   2 топ мүгедек,   Низамидинов Турсунжан  ЛПИИ-Ч,  Турсунов Юсупжан Заирович ЛПИИ-Ч,   Карабалаев Таир  ЛПИИ-Ч,   Анбаева Нургуль.  семья.умерших ЛПИИ-Ч,    Беларесна Нина    семь.умерши ЛПИИ-Ч,  Омаров Ержан, ҰОС ардагеріне   Семей полигон ардагерлері:  Адасбаев Ерганат, Ракымжанов Бакыт

Ауған согысының  ардагерлері: Ашекеев Руслан,  Салимпур Акиф,  Искаков Ахметкали,  Курбанов Миргияс,  Симбаев Сулейман, Симбаев Султан,   Исламов Аудин. З  топ  мүгедек, Ахметова Валентина. Ауған соғысында  өлген  ардагер отбасы.

 

Шелек ауданын қайтаруға жұмыс жасау  ынталы тобы: 

Н.Мұхаметқалиев, еңбек ардагері,  өзін-өзі басқару қауымдастығынан

С.Асанбаев, еңбек ардагері

Қ.Амиров, шаруа  қожалығы жетекшісі

М.Абдуллаев,  ұйғыр этномәдени орталығынан

С.Абдуллин, татар-башқұрт этномәдени орталығынан

Н.Абилов, түрік этномәдени орталығынан, өзін-өзі басқару қауымдастығынан 

Е.Әпеков, кәсіпкер, өзін-өзі басқару қауымдастығынан  

Ы.Бакиров, дүнген ұлттық мәдени орталығынан

А.Волкова, ұстаз,  словян ұлттық мәдени орталығынан

А.Даутқұлов, еңбек ардагері

Б.Доғалов, еңбек ардагері

Ә.Жәпеков, «Қарашаш ана» қоғамдық бірлестігінен, ақсақалдар алқасынан

П. Колианиди, грек этномәдени орталығы 

М. Қожамбір, еңбек ардагері

А. Мұқатжанов, имам, еңбек ардагері

Қ. Нақысбеков, ақын

А. Орынбетова, еңбек ардагері, кәсіпкер, әйелдер Кеңесінен

Е.Омаров, ауған соғысы, чернобылға қатысқандар ұйымы атынан

Ж. Сокуров, еңбек ардагері

Г.Умекова, дәрігер, еңбек ардагері, өзін-өзі басқару қауымдастығынан 

Сол күнгі  газет бетінде 1920 жылы туған,  Ұлы Отан соғысы ардагері, Молдабаев Жапек, 1932 жылы туған,  еңбек ардагері,  академик,«Алтын Ника» медалі иесі Асқарбек Рахимов,   ардақты дәрігер,  «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендері иегері,  Қазақ ССР- іне еңбек сіңген қайраткер Абдукаримова Қаныша   және ҚР денсаулық сақтау ісі үздігі,  хирург, Еңбекшіқазақ ауданы  «Құрметті азаматы» Ерақын Қожабековтің  жеке пікірлері қоса берілген еді.

Бұл хат  ҚР Ұлттық экономика министріне 5 сәуір 2021 жылы жолданған.

 

Үкіметтен келген қос жауап

Шелек өңірі  тұрғындарының  ҚР Премьер Министріне, ҚР Парламенті екі Палатасы төрағаларына  жолдаған хат Алматы облысы әкімдігіне және  ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жіберіліп, соңғысынан  екі рет жауап келді. 

2020 жылы 9 қаңтарда  № 26-4/29071//11-10/ ЖТ-А-5525  Қр  Ұлттық экономика вице-министрі  Е.Алпысов: «Шелек ауданын құру мәселесін мүдделі мемлекеттік органдармен жан-жақты  және егжей-тегжейлі экономикалық тұрғыдан зерттеу қажет», – деп жауап берді.

2020 жылы  11 ақпанда  № 26-4/436// ЖТ-М-17960, 1-1   ҚР ҰЭ  министрі   Р.Дәленов жауабында  Еңбекшіқазақ ауданына тұратын  тұрғындар санына,  бюджеттік мекемелер, ауданды дамыту үшін бөлінетін қаражат көлемін, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша атқарылатын жұмыстар жайлы баяндап, өңір тұрғындары аудан орталығымен және Алматы қаласымен көлік қатынасы 3 рет автобус қатынасы ұйымдастырылған жол жүру құны 400 теңгені  құрайды, Шелек өңірін дамыту мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қамтамасыз етілуде деп және  қаражат керек екенін айтып жауап берді.

Шелек ауданын қалпына келтіруге бағытталған жұмыс  ғаламды жайлаған СOVID-19-ға байланысты тоқтата тұруға мәжбүр болдық. 

Алайда,  Алматы облысы Шелек өңірінің  10 мың тұрғынының  жанайқайына жоғары жақтан селт еткен жан болмады.  Хатта көтерілген мәселелерді талқылап, аудан, облыс көлемінде шешуге болатын  мәселелерді анықтап, келісуге халықпен кездесуге бір жауапты қызметкердің  келмегені көпшілікті таң қалдырды  Экономика министрлігінің қайтарған жауабы негізіне төменнен келген мәліметтер  алынғаны көрініп тұр.  Сондықтан да  2021 жылы сәуір айында экономика министрлігііне  біз көтерген мәселелерге  бізге ұсынған жауаптағы көрсеткіштердің  бүгінгі күнгі нақты жағдайға сай еместігін, арасындағы алшақтықтарды нақты көрсетіп жазбаша ұсыныс берілді. Бұл ұсынысымыздың  қаралуы еліміздегі өтетін халық санағына байланысты жыл аяғына қалатынын, ауданды қалпына келтіру мәселесінің жоғары жақпен шешілетіні жайлы түсінік алған едік.  

Қазақта «Көрмес түйені де көрмес» деген мәтел бар. 10 мыңнан астам ауылшаруашылығы саласында  ұзақ жылдар  қызмет еткен, өз істерінің үздіктері, экономиканың әр сала мамандары, әр ұлт өкілдері, еңбек ардагерлері, құрметті азаматтарымыз  қолдарын қойып, Елбасына,  парламентке, үкіметке жолдаған өтінішке мән бермеуді қалай түсінуге болады?  Жергілікті тұрғындармен санаспай,  бір өңірдің еңбеккерлерінің 60 жыл жасаған еңбегі ескерілмей, бір күнде жоқ болу әділетсіздік. ҚР Денсаулық сақтау  үздігі,  «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерінің  иесі,  Абдукаримова  Кайша: 290 орындық 5 ауыл ауруханалары, туберкулез, тері аурулары, терапия ауруханалары жабылып, Шелек ауылдық ауруханасына ауырпалық түсіп,  дәрі-дәрмек, бинт, ине, төсек орын т.б. жетпеу салдарынан ауру өзін-өзі  қамтамасыз ету жолы ашылды.  Шелек ауруханасы  Шелек ауылы тұрғындарын ғана қабылдайтын болып, науқас адамдар,  (Шелек өңірінен) 90-130 км жердегі Есікке жеткізетін болды. Түрлі отадан кейін ауруларға медициналық шаралар жасату да үлкен проблема.

Өңірдегі Шелек жолаушы тасымалдау кәсіпорны, газбен қамту кәсіпорны, кірпіш заводы,  тігін фабрикасы,  Казсельхозтехника,  жүгері  өңдеу және құрама жем жасайтын заводтар,  байланыс торабы  ЭТУС  бөлімі  1997 жылға дейін Алматы облысының Шелек, Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудандары  тұрғындарына қызмет жасаған.  «Радиоцентр- 7»  14  тілде жаңалықты шетелге таратып отырған режимді мекеме, 5 аудан бойынша автокөлік есебі, жүргізуші куәліктерін беретін  мекемелердің жұмысын тоқтатуы аталған аудандардың да тыныс тіршілігіне кедергі болды, – дейді  ауданның «Құрметті азаматы»  Сматай Асанбаев қария.

ҚР Ұлттық Экономика министрлігі аумақтық даму мәселе – ауданды қалпына келтіру үшін 1 млрд тан астам қаражат керек екендігін айтты. Барды дұрыс пайдаланбасаң, жағдай түзелмейді. Халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында  2018 жылы 16 ақпанда Түркістан облысында  халық саны 323 мың Сарыағаш  (екі ауданға – Сарыағаш, Келес) және 300 мың халқы бар Мақтаарал  (үш ауданға – Мақтаарал, Асықата, Жетісай),  аудандар  аудан  аумағын бөлу жолымен  аудандар құру   шешім қабылдаған. 

 

Бұл бастаманы біз де қолдаймыз!

  71 мың халқы бар Райымбек ауданы  (Райымбек және Кеген) екіге бөлінді.

  Бүгінде 320 мың халқы бар Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратын ұстауға  жұмсалып отырған бюджетті екіге бөліп Шелек ауданын қалпына келтіруге  мол қаржы керек емес екенін экономистер дәлелдеген еді.  Қаңтар қайғылы оқиғасында  халық наразылығына  түрткі болған елдегі қымбатшылық, бағаның тұрақсыздығы, маңызды тауарлар мен өнімдер бағасының тым шарықтап кетуі жастардың  көшеге шығуына себеп болған. Мемлекет басшысы қоғамды, барлық саяси жүйені, халықтың жағдайы жақсаруына, экономиканы трансформациялаудың оң нәтижесіне қол жеткізуге жұмыс жасауда. Экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын оңтайландыру, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кемелдендіру, пайдалы қазбалардан түскен пайданы оңтайлы пайдалану, экономикада бәсекелестік орта қалыптастыру, аумақтық даму мәселелерін, бюджеттік жоспарлаудың жаңа тетіктерін енгізу секілді бастамалар елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған оңтайлы шешімдерді қолдаймыз.

Нұрлан Ердәулетұлы,   Журналистер одағы мүшесі

Халық алдындағы жауапкершіліктен жоғары еш нәрсе жоқ. Жақсы  деген  кісінің  алды-арты  бірдей жарық  болар, жақсы деген ісіңнің, бас аяғы анық болар - деген сөз  бар халқымызда.  Іргелі ауданның халқының  пікірімен санаспаған  жағдайда туған қолайсыздықтардан  қарапайым халықтың наразылығы туындайтын факторлар ескеріледі деген ойдамыз.  64 жыл тарихы бар ауданның  дамуына  күні-түні     ата-әже, әке-шешелеріміз  аянбай еңбек еткен. «Халық сөзі, көзі – құдайдың  көзі, сөзі». Өңір  халқы ның  тілегі біреу:  демографиялық, экономикалық,  әлеуметтік мүмкіндікді  ескере отырып, Шелек ауданын қалпына келтіру күн тәртібіндегі маңызды мәселе. 

В.Мышако,  «Пчелка» шаруа қожалығының жетешісі

Еліне аянбай еңбек еткен, саналы өмірінде  халқының қамын ойлап, жарғақ құлағы жерге тимей өтетін,  кейінгі буын ұрпаққа, өркен жайып келе жатқан жастарға тәлімдік, тәрбиелілік мәндегі аса қымбат, қазыналы өнеге көрсеткен ірі тұлғалар да осы Шелек өңірінен шыққан. Қай заманда адам баласы өзінің тындырған еңбегімен бағалы. Білек сыбана кірісіп, қабілет-қарымды, қажыр қайратты сарқып жұмсап тындырған ісің бір төбе болып тұрады.

1997 жылы ауданды қысқартқан үкімет  әрекеті «қас түзейміз деп көз шығарумен» бірдей болды.   Халқымыз басынан өткерген  жағдайлар өңір тұрғындарынан  да алшақ болмады. Күнбе-күн туындайтын тұрмыстық мәселелермен аудан орталығы  барып келу қиыншылық тудыруда.  Оған  қарамастан жерлестеріміз ел экономикасын дамытуда қажырлы еңбектерімен көрінуде. Шелек өңірі  халқы тілегі, өтініші ауданды қайтару дұрыс деп есептеймін.   

А.Орынбетова, зейнеткер, кәсіпкер

Шелек ауданы республика бойынша іргелі аудандардың қатарында болды. Бабалар қанымен, маңдай терімен  жазылған  ата тарихы  бізге қымбат. Олардың  аманатына адалдықпен қарап, ұрпақ өсіру, туған жерді қажырлы  еңбегіңмен көгертуде, еңсесін көтеруде  үлкен асулардан асқан аймақпыз.    

Кешегі Абылай арманы бейбіт өмір, кең-байтақ далаң егінге, өрісіміз малға толы, ел іші аман, бауырымыз бүтін,  өңірде жағдай жөнделіп келеді.  Бұның бәрі халық  ынтымағының,  қажырлы еңбегінің арқасы.   

Алдағы уақытта да өндірісті жандандырып,  жұмыс орындарын ашып, ауылды көркейтуге жастардың білімі де, тәжірибесі де жетерлік.  Шелекке аудан дәрежесін қайтару керек, даму жолына  мүмкіншіліктер  бар. 

Ұ.Мырзақұлов, «Еңбек Қызыл Ту» ордені иегері  

 

17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 176
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 504
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 462

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9160
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8558
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11785
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9553
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10766