Ұлағатты жандарға құрмет

Ұлағатты жандарға құрмет

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне орайластырылған салтанатты шараға қатысып, сала ардагерлері мен мамандарын арнайы құттықтады. Сонымен қатар озық тәжірибелі  педагогтарды марапаттады.  

«Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты...» атты салтанатты іс-шара қаладағы «Жастар мәдениет үйінде» өтті. Алдымен ұйымдастырушылар осы салада жемісті еңбек еткен ардагер-ұстаздарға құрмет көрсетіп, құшақтарын гүлге толтырды. Бұдан әрі мерекелік салтанатты жиынның шымылдығы «Қазақ даласындағы білім жолы...» қойылымымен түрілді. 

Құттықтау сөз алған қала әкімі Абат Шыныбеков ардагер-ұстаздар мен олардың салған сара жолын жалғастырушы бүгінгі  педагогтардың ел болашағын тәрбиелеудегі рөліне  ерекше тоқталды. 

–  «Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулетшісі» деп бекер айтылмаған. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де тәрбиелейтін, білім беріп өсіретін – сіздер. Сондықтан ұстаздардың қоғамдағы рөлі жоғары және өркениеттің дамуына сәйкес бұдан да зор мәртебеге ие екенін бәріміз білеміз. Қандай заман болмасын, әр азамат үшін білім алу маңызды екені сөзсіз. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінді мейірімге бөлеп, тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, таудай болып шығуына, өмірде  өз орнын табуына негіз қалайтын – өздеріңіз. Ұстаздарымыздың еңбегі әрқашан өлшеусіз  терең, барлық адамзат бұл өмірге әкелген ата-анасына басын иіп өтсе, әріп танытып, тұлға ретінде қалыптастырған ұстазына мәңгі қарыздар деген ойдамын. Бүгінде мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың ерекшелігі  өздеріңізге мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласына, жаңа ұрпаққа жаңаша бағытта білім беру сапасын арттыруға қойылған міндеттер ауқымды. Заман өзгеріп, жаңа технологиялардың енгізілуімен ұстаздарымыздың қызметі күрделене түсті. Қала мектептерінде  оқитын 55 мыңнан астам оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етіп келеді. Үздіксіз ізденіс, жан-жақты шеберлікпен берілген  білім нәтижесін шәкірттеріміз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларда жетістіктерімен көрсетті.   Бұл – сіздердің жұмыстарыңыздың көрсеткіші.  Қадірлі ұстаздар, осы төл мерекеде өздеріңізге денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеп, шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін демекпін, – деген Абат Абайұлы ұстаздар мәртебесін биіктетуде, оқушыларға білім беруде бекітілген мемлекеттік бағдарламалар лайықты түрде орындалып, жеткізілетінін айтты. 

Бұдан әрі марапаттауларға кезек беріліп, «Үздік педагог» байқауының жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді. Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілген «Орал қаласының Құрметті педагогі» байқауының нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдерге 100 мың теңгелік сертификат берілді. Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін салада 29 жылдық еңбек өтілі бар, көптеген дарынды шәкірттердің жетекшісі, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гүлнәр Шуламбаеваға «Орал қаласының Құрметті  педагогі» төсбелгісі мен куәлігі және 300 АЕК (875 100 теңге) көлемінде сыйақы  берілді. Сондай-ақ бір топ білім саласы қызметкерлеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының тарапынан «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табыс етілді. Сонымен қатар республикалық «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңінің жүлдегерлері, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында оздырылған байқау нәтижесіне сәйкес білім беру саласын дамытуға мол үлес қосқан, педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізген педагогтер марапатталды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. 

Жалпы Орал қаласының білім ошақтарында бес мыңға жуық педагог қызмет етеді. Дарынды балалармен жұмыс жасап, зейінді де зерек ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосқан орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гүлнәр Шуламбаева: – Осы 30 жылға жуық еңбек өтілімде үш шәкіртім республикалық олимпиада жүлдегері атанса, биыл бір оқушым пәндік білім сайысында 1-орынды жеңіп алды. Дарынды балалармен жұмыс жасау үлкен еңбекті талап етеді. Оқушылармен бірге ізденіп, тәжірибеңді жетілдіресің. Нәтижесінде, еңбегіңнің еленгені де – зор қуаныш. Барлық әріптестерімді мерекелерімен құттықтаймын, шығармашылық жетістіктері көп болсын! – деген тілегін арнады. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799