Референдум

Халықтың өмір сапасы инженерлік инфрақұрылымға тәуелді

Халықтың өмір сапасы инженерлік  инфрақұрылымға тәуелді

Қазіргі таңда Үкіметтің баса назар аударып отырған бағыттардың қатарында  елімізде инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесі тұр. Инженерлік инфрақұрылым су, жылу, электр, газ жүйелері, жолдар, кәріз және энергетикалық нысандарды қамтиды. Бұл салаларды дамыту өз кезегінде халықтың өмір сапасын арттырумен қатар, экономиканың тұрақты дамуына серпін бермек. Соңғы жылдары елімізде бірқатар маңызды жобалар қолға алынды. 

Бұлардың бастыларының қатарында Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын атап өткен жөн. Ал, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» («ЭКСЖ») Ұлттық жобасы ел аумағында желілерді, энергия көздерін және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын жаңартуға қатысты бірыңғай бағытты айқындап берді. Бұл қажеттіліктің тууы да тегін емес. Себебі елімізде қазіргі таңда жылу желілерінің тозу деңгейі 69%-ды, электр желілері тозуының орташа деңгейі 66 %-ды құрайды екен. Осыған орай ҚР Үкіметі, ел аумағындағы ескірген коммуналдық жүйелерді жаңарту үшін ауқымды бағдарламалар қабылдады. Мысалы, елдегі жылу, электр және су желілерінің жаңғырту үшін шамамен 13 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған, оның ішінде 6,8 трлн теңге инженерлік желілерді жаңартуға бағытталған. Үкімет таратқан ақпаратқа сенсек, бұл қаражат жылу жүйелерін, электр желілерін және сумен жабдықтау инфрақұрылымын жөндеуге жұмсалады. Мұндай шаралардың басты мақсаты – коммуналдық апаттардың алдын алу және халықты тұрақты қызметпен қамтамасыз ету. 

Келесі бір ауқымды жоба су инфрақұрылымын дамыту төңірегінде жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін елдімекендерді таза ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған біраз жобалар өз жемісін берді. Бұл шаралар Үкіметтік деңгейде жалғасып та жатыр. Мысалы, елорданың су ресурстарын тұрақтандыру үшін Сәтбаев каналынан жаңа су құбырларын тарту жобалары іске асырылуда. Бұл жобалар аясында ұзындығы шамамен 200 км болатын су құбыры және тәулігіне 210 мың м³ су өңдейтін сорғы-сүзгі станциясы салу жоспарланған. Бұл жүйе Астананың 2035 жылға дейінгі су қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді мамандар. 

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында қолға алынып жатқан маңызды жобалардың аясында индустриялық және кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесі де басты назарда тұр. Мұнда өндірістік және индустриялық инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы мемлекеттік қолдау тетіктері енгізіліп жатқандығын атап өткен жөн. Мысалы, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде индустриялық аймақтарға жол, электр, су және газ желілерін жүргізу қарастырылған. Бұл шаралар жаңа кәсіпорындардың ашылуына және аймақтық экономиканың дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл кәсіпкерлік жобаларды іске асыруды жеңілдетіп, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. 

Ауқымды жобалардың ішінде жол және құрылыс инфрақұрылымын дамыту тақырыбын ерекше айта кетуге болады. Мұның ішінде ең көрнекті Жоба – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарлама көлік дәліздерін дамыту, жолдарды жаңарту және логистикалық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған. Аталмыш Бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған бірінші кезеңі мен 2020-2025 жылдарға арналған екінші кезеңі сәтті аяқталды. Нәтижесінде 2020 жылға дейін 13 мың км, ал 2020-2025 жылдары 11 мың км жол қайта жаңартудан өтті. Біз шағын мақаламызда қол жеткізген табыстарды жалпылай атап өтіп отырмыз. Осы қатарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен өмірге келген, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға тың серпін берген, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы өңірлік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік желісін дамытуға және халықты сапалы ауызсумен, жайлы баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Нәтижесінде, 2021-2025 жылдар аралығында мыңдаған шақырым жолдар жөнделіп, сумен жабдықтау жүйелері жаңартылды, сондай-ақ, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған бірқатар жобалар өмірге келді. Нәтижесінде аймақтар арасындағы көлік байланысын жақсарту мақсатында жолдарды салу және қайта жаңарту қарқынды жүргізілді. Азаматтардың сапалы тұрғын үйге қол жеткізу мөлшері артты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсартуда қыруар жұмыс атқарылып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін модернизациялау арқылы ауылдық және қалалық жерлерде өмір сүру сапасы көтерілді.

Осылайша елімізде инфрақұрылым саласының белсенді дамыту жұмыстарының арқасында инженерлік желілерді жаңғырту, су және энергетикалық жүйелерді дамыту, индустриялық инфрақұрылымды кеңейту және көлік жүйесін жетілдіру сәтті жүзеге асып келеді. Бұл шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың өмір сапасын арттыруға және өңірлердің теңгерімді дамуына мүмкіндік беруде.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
13.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23828
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23499
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40551
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36941
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41179