Жаңа жыл тасасынан Тәуелсіздік мерекесін алып шық, Үкімет!

Жаңа жыл тасасынан Тәуелсіздік  мерекесін алып шық, Үкімет!

Ресми жаңа жылға дайындық қазір республикамызда дүрілдеп басталып кетті. Далада да, қалада да, теледидарда да, әлемжелілерде де Аяз атаны көресің. Оны балаларымыз әулиедей көреді. Олар үшін Аяз ата бәрін жасай алады. Біздің ұлттық құндылықтарымызға бұл жат нәрсе. Аяз ата – орыстың шалы. Кейде мұрны қызарып, «ақаңды» да ішіп, теңселіп жүреді. Бірақ жарнама күшті. Өзіміздің төл жаңа жылымыз – Наурыз – бұлай жарнамаланбайды. Әсіресе біздің күйіп кететініміз – Тәуелсіздік күніміз осы жаңа жылдың тасасында қалады.

Міне, ұлы мерекемізге он шақты күн қалды, ол туралы ләм-мим деп ештеңе айтылмай отыр. Жылда осылай. Жылда айтамыз, ескертеміз. «Баяғы жартас – бір жартас»... Өзінің ұлы мерекесін Үкіметіміз жарқыратып көрсетуі тиіс қой. Біле білген адамға кейінгі ұрпағымыз үшін бұл зор тәрбие емес пе? Тәрбие болғанда қандай! Неге біз өзімізді, өз ұлттық құндылықтарымызды көтермейміз? «Алдымен өзіңді жарылқа» дейді емес пе бабаларымыз. Жаңа жылды Тәуелсіздік мерекесінен кейін жарнамаласын. Осыны Үкіметіміз дереу қолға алып, шыршаның тасасынан Тәуелсіздік күнін алып шықсын. Біздің де, халықтың да талабы – осы!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ  

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 347
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 352
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20650
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20439
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35537
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34102
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37971